Геоэкономика (10 сынып, III тоқсан)

 Геоэкономика  (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Геоэкономика
Оқу мақсаты: 10.4.1.1 геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру;
10.4.1.2 геоэкономиканың негізгі категорияларын түсіндіру;
10.4.1.3 геоэкономика мен әлеуметтік-экономикалық география арасындағы айырмашылықтарды анықтау;
10.4.1.4 елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде).
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Сабақ басында жағымды орта қалыптастыру.
Оқушыларға экономика, кеңістік, стратегия, доминация жазуы бар карточкалар таратылады. Бірдей термин түскен оқушылар 4 топқа бірігеді.
ІІ. (М) Мұғалім сұрақ қояды: «Бөлінген категорияларға байланысты сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?» Сұрақ арқылы сабақтың тақырыбына шығу.
Сабақ мақсатымен және бағалау критерийлермен таныстыру. Сабаққа қысқаша шолу жасау.
(М) «ой қозғау»
Геосаясат деген не?
Геоэкономикамен геосаясаттың қандай байланысы бар?
(Ж) Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтінмен 3-минут танысады.
1 топ: Геоэкономика термині;
2 топ: Геоэкономиканың мақсаты мен міндеті;
3 топ: Геоэкономиканың категориялары;
4 топ: Геоэкономика мен экономикалық географияның айырмашылығын сыныпқа түсіндіреді.
Бағалау критерийі бойынша топтық бағалау мен мұғалімнің кері байланысы.
• Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін және негізгі категорияларын түсіндіреді
(С) Оқушылар геоэкономика мен экономикалық географияның ұғымының айырмашылығын ажыратады.
Оңтүстік Шығыс Азия аймағының экономикалық және геоэкономикалық айырмашылығын анықтайды. Мысал келтіреді. Топта талқылайды. Жауаптарын сыныпқа ұсынады.
Бағалау критерийі бойынша топтық бағалау мен мұғалімнің кері байланысы.
• Геоэкономика мен әлеуметтік-экономикалық география арасындағы айырмашылықтарды анықтайды
(Т) Қазақстанның экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтаңыз:
1-топ: Климаттық тұрғыдан
2-топ: Ландшафтық тұрғыдан
3-топ: Саяси тұрғыдан
4-топ: Экономикалық тұрғыдан
Топта талқылайды. Мысал келтіреді. Жауаптарын сыныпқа ұсынады.
Бағалау критерийі бойынша топтық бағалау мен мұғалімнің кері байланысы.
• Қазақстанның экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтайды
№ Бағалау критерийлері +/-
1 Қолайлы жағын сипаттайды
2 Қолайсыз жағын сипаттайды
3 Қосымша мәлімет, мысалдар келтіреді
4 Регламент сақтайды
5 Карталардың қолданылуы
6 Барлық топ мушелерінің қатысуы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 10 022



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі