👈 қаріп өлшемі 👉

Сабақ жоспары: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №2 (География, 10 сынып, III тоқсан)

Сабақ жоспары: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №2 (География, 10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №2
Оқу мақсаты: 10.4.1.10 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
10.4.1.11 дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу.
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу;
- Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпқа шығу үшін бейнебаян және bilimland.kz порталындағы ақпаратты пайдаланады.
- Елдердің даму көрсеткіштеріне не жатады?
- Не себепті елдердің дамуы әртүрлі?
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру.
Сабақта қарастырылатын жаңа сөздермен жұмыс.
(глоссариймен жұмыстандыруға болады, анықтамаларын қиып тастап, сәйкестендіру арқылы ұғындыруға болады, т.б)
Графикалық органайзермен жұмыс.
(топта жұмыстана отырып, нәтижесін концептуальды кесте, картосхема, постер, ментальды карта, альбом, буклет, т.б түрінде жасатуға болады)
- дамыған елдерді даму деңгейі бойынша жіктейді;
- дамушы елдерді даму деңгейі бойынша топтастырады;
- өтпелі экономикалық елдердің даму деңгейін анықтайды;
Графикалық органайзерді қорғау.
(«Галерея» әдісі арқылы оқушылар айналып шығып бағалауына болады, топ болып қорғауына болады немесе спикер таңдап алып қорғатуға болады, т.б түрлері)
Бағалау.
Қолдану
Экономикалық даму көрсеткіштерін анықтайды;
Талдау
Даму көрсеткіші бойынша елдерді жіктейді және елдердің дамуына әсер ететін факторларды талдайды.
Бағалау дескрипторы:
- Топтық талқылауға белсене қатысады;
- Дамыған елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді;
- Дамушы елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді;
- Өтпелі экономикалық елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді.
Қорыту
- Елдердің даму үдерісі тұрақты ма?
- Болашақта өзгеруі мүмкін бе?....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы