«Қазақ Елі» монументі


«Қазақ Елі» монументі

“Қазақ елі- Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент.

Монумент 2009 жылы ашылды.

Монументтің авторлары - Сәрсенбек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов.

Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс Самұрық Қазақстанның тыныштығын күзетіптұр.

Монументтің түсі ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек. Көптеген елдерде орнатылған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күштің, қанның белгісі іспетті.

“Қазақ елімонументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колонна да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ ортасында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызылған. Оның төрт қырлы болған себебідүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.

Өзгеріс: тұғыр граниттің төрт қабырғасына жасалмақ. Оның биіктігі 20,1 метрге дейін көтерілетін болады, содан соң қабырғаларға жаңа көркемдік шешім бойынша қола барельефтер орнатылмақшы. Идея авторларының ойынша, бұл монументтің мазмұны мен көркемдігін аша түседі.

Сұрақтар

1. "Қазақ Елі" монументі мекенжайын атаңыздар.

2. Монумент қай жылы ашылды?

3. Неге оның биіктігі - 91 метр?

4. "Қазақ Елі" монументі авторларын атаңыздар.

5. Монументтің түсі қандай?

6. Бұл қасиетті құс монументтің басында орналасқан.

7. Тұғырдың тесіктерінде қандай 4 барельеф бар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу