👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ хандығына 550 жыл


Қазақстан-ресей медицина

университет

Қазақ хандығына 550 жыл

Орындаған: Асанбай Мейрам

Факультеті: жалпы медицина

Тексерген: Бекишова Ж. М.

Алматы 2015

Жоспар:

Қазақ сөзі

Қазақ хандығының құрылуы

2015 Қазақ хандығына 550 жыл!

Пайдаланылған әдебиеттер.

Жалпы «қазақ»  атауы қашан пайда болған.

Деректер:

Ата-бабаларымыздан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан шежірелерде  Қазақ Жайыл­ханнан туады, Қазақтан Жұман, одан Әбілхайыр, одан Ақ  Арыс, Бек Арыс, Жан Арыс – үш жүздің балалары туған.

Қазақ сөзі «хас-сақ» деген ұғымнан шыққан. Мағынасы – нағыз сақтар. Сақ елі Орталық Азияны біздің жыл санауымыздан бұрын жайлаған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тайпалар одағы екенін көне грек тарихшылары Геродот, Страбон айтып кеткен

Қазақ» деген сөздің мағынасы батырлықпен, ерлікпен еркін жүру, яғни, Еуропа тілімен айтсақ, «рыцарь» дегенге келеді деп, бірсыпыра ғалымдар болжам жасайды.

«…көне замандардан байтақ даламызда, алып аймағымызда қоныстанған этникалық  тарихы аса күрделі, байырғы тайпалық бірлестіктер қауымдасуының: сонау Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттері Түрік, Түркеш, Қарлұқ дәуірінің, Қыпшақ ұлысы, кейінгі Алтын Орда, Көк Орда, Ноғай Ордаларының құрамына кірген түркітілдес елдер мен жұрттардың топтасқан одағының ортақ атауы»

Қазіргі тарихшы-ғалымдардың тарихи мәліметтерді жан-жақты сараптауы бойынша, 1465 жылы Керей мен Жәнібек өздерінің сөзі мен ісін қолдайтын  өзбек мемлекеті жұртының бір бөлігін, нақтылап айтсақ, 200 мыңдай адамды соңынан ертіп қазіргі Жамбыл облысы Шу атырабының Қозыбасы деген жерінде Моғолстан ханы Есенбұғаның келісімімен Туын тігіп, алғашқы Қазақ хандығын құрады. Қазақ хандығы  уақыт өткен сайын нығайып, жерін кеңейтіп, қазаққа тиесілі аймақтарының басым бөлігін өзіне қаратты. Шекаралас аймақтар үшін  табандасқан күрес үстінде Қазақ мемлекетінің аумағы қалыптасты. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударып келген қазақ ру-тайпаларын ғана емес, сондай-ақ, Жетісу алқаптарын, Алатаудың бөктерін ежелден мекен еткен тайпаларды біріктірді. Биліктің Керей мен Жәнібектің қолына өтуі «көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдай өзгермегенімен, бұл оқиға  «көшпелі өзбектер атының» Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Сөйтіп, Жетісу өңіріне қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады. Бұл атау ХV ғасырдың ортасынан ауған шақта Жетісу өңірін мекен еткен түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады.

 Керей хан мен Жәнібек ханның еңбегі зор деп бағаланады!

Тарихта Қазақ хандығы тұсында 40-тан астам адам хандық билік жүргізгені айтылады. 

Қазақ халқы үш жүзден құралды. Әрбір жүз пен рудың өз алдына жеке таңбалары мен ұрандары бар. Жүзге жатпайтын рулардың да таңбалары мен ұрандары сақталынған. Олар әртүрлі себептермен қазақ халқының құрамына кірген. Әрине, жүзге бөліну жауларымыздың ру мен жүздер арасына қақтығыстар туғызу арқылы өз мақсаттарын іске асырып отырды. Бірақ, қазақ хандығының үш жүзді басқарған билер жүйесі өте пайдалы еді.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол қлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Қозыбасыға орналасып, Қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толып отыр.Олай болса, мереке баршамызға құтты болсын.  Ата-бабамыз қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болайық!. Қазіргі кезеңде тек бірлікпен болашаққа сенімді қадамдармен жүгіруіміз керек. Мың жаса тәуелсіз Қазақ Елі!!!

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Қазақ шежіресі», Алматы. 1994ж

«Тарихи тұлғалар» 2012 жыл. Бесінші басылым. Алматы кітап баспасы

Сұлтанов Т.И. Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы-(«Жетінші сөз» сериясы).Алматы: Мектеп, 2003


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Білім министрлігі «мұғалімдер айлығы қысқарады» деген қауесетті жоққа шығарды 08.12.2021, 0
» Президент Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті. 02.12.2021, 0
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы