Қазақ философиясының ерекшеліктері


Қазақ философиясының ерекшеліктері

Алғашқы философиялық түсініктер

Анарыстың нақыл сөздері

Адам мен адамның айырмашылығы – тілі мен атақ-даңқында емес, - ақылында

Қызғаныш пен қорқақтық – ең қасиетсіз сезімдер

Мен үшін - елім қайғы, ал сен – еліңе қайғысың

Платон:

«Анахарсис – аты аңызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, соның ықпалында болып данышпандығымен атағы шыққан».

Анарыстың адам болмысы туралы идеялары ХХғ пайда болған экзистенциализм философиясымен үндесіп келеді.

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ

Протоқазақтардың алғы философиясы (б.з.д. ІІ-І мыңж. ХІІ ғ) - объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана;

Философиялық кезең (ХІҮ-ХХ ғғ) объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана;

Теориялық-әдістемелік қасиеттермен байытылып, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған (ХХ-ХХІ ғғ)

Орхон – Енисей жазбалары

«Жоғарыда Көк Тәңірі, төменде Қара Жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралған», - деген сөздері Дүние онтологиясын үшке бөледі:

Жоғарғы Әлем

Ортаңғы Әлем

Төменгі Әлем

Тәңіршілдіктің космоцентрлік сипатын дәлелдейді

Қорқыт дүниетанымындағы тәңіршілдік туралы ойлары

Тәңірі пендесінің маңдайында не жазса сол болады. Оның жазынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді.

Мұхтар Әуезов:

«Қазақ музыкасының атасы Қорқыт туралы әпсананың философиялық мазмұны өте терең. Ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт жұрттан безіп, айдалаға табиғат аясына кетеді, таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады; содан қорқып шырағайдан бірінші рет қобыз жасап, жер бетіне бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады» – деп жазды.

Қорқыт атаның нақыл сөздері:

«Ескі темір біз болмас,ескі мақта бөз болмас»

«Қар қаншама қалың жауғанмен – жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек – күзге бармас»

«Ат қиналмай жол шалмас»

«Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ», - деген сөздері арқылы этикалық және аксиологиялық мәселелерді қамтиды

Жүсіп Баласағұн (1017-1083):

Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,

Білім – жарық, нұрын саған шашатын.

Кісі ұланы қара жерге қол салды,

Көтерді бәрін, білімін ол қолданды

“Құтты білік” Х-ХІ ғғ Жетісу жеріндегі тайпалардың салт-санасын, әдет-ғұрпын, олардың қарым- қатынасын, мәдениетін және тілін толық қамтыған шығарма

Махмуд Қашқари (ХІ ғ):

Жанжал шықса, ағайын ақылдасар

Жау келсе, ел тебіренер»

Бақыт белгісі – білім мен ақыл»,

Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі», Ұлық болсаң – кішік бол», Батыр майданда, ғалым - әңгімеде сыналар» Кеңесті іс – келісе береді, кеңессіз іс кері кетеді».

Қашқари түркі тайпаларының тілін зерттеген. Сөздігі сөйлеу тілінен, ал өлең, мақалдары фольклордан алынған. Оның бәрі де исламға дейінгі үлгілер.

Қожа – Ахмет Яссауи (1094-1167):

Залым егер жәбір қылса Алла дегіл,

қолың жайып, дұға оқып мойын сұңғыл.

Құдай тілек бермесе сабыр қылғыл,

Хақтан істіп бұл сөздерді айттым міне».

Сопылық философияның сатылары

XY – XYIII ғғ жыраулар философиясы

Н.Назарбаев. Тарих толқынында:

... елдің басын қосылған соң да бұрыннан бар ру-тайпалық құрылым, сондай-ақ, шаруашылық типі мен мәдениет дәстүрлер жүйесі негізінен сақталады

Бұқар жырау:

Ақтың жолын күзетпей,

Жамандықты тұтқан жұрт.

Сабыр етпей сандалып,

Сайда көшіп, жортқан жұрт.

Өз ағасын сыйламай,

Өзгенің соңынан ерген жұрт.

Ханына тізгін бермеген,

Орысқа ырғын болған жұрт.

Ханның ойын білмеген,

Жауына таланып қалған жұрт...

Бірауызды болмаған,

Тозуды тосқан біздің жұрт...»

Өзіңнен өзің безбе жұрт ... »

Ақын-жыраулар философиясы

ХҮ-ХҮІ ғғ қазақ поэзиясының принципі өмір бұл дүниедегі қызықшылық үшін, ал өлім жекпе-жек үшін: батырлық, ерлік, мәрттік идеалдары бағаланды.

ХҮІ-ХҮІІ ғғ Қазақ хандығының тұсында жыраулар дала еркіндігі мен рулық демократияның туын жоғары ұстаушы апологеттер ролін атқарды.

ХҮІІІ ғ бастап дала поэзиясында еңбек, білім, ақыл, қайырымдылық насихаттала бастайды.

Шығарсам арық қазып

Сырдан бойлап,

Ел болсақ отырысты болар

еді – ау,

Қыстасақ Алатауды жазда

жайлап,

Бір жағымыз қалалы диқан

болсақ,

Көшпелі, бір жағымыз бие

байлап,

Елдерден қатар жатқан үлгі

алайық,

Болашақ келер ұрпақ қамын

ойлап

Қазақ мәдениетіндегі трансформациялар

Қазақ қоныстары мен гарнизондары орналастырылған әскери бекіністер мен линиялар салу арқылы әскери үстемдікті орнықтыру.

Саяси үстемдікті орнықтыру барысында жүргізілген әкімшілік басқару реформасына дистанциялық жүйе енгізу. Биліктің төменгі баспалдақтарының жергілікті үстелі топ өкілдерін тарта отырып, оларды бір-біріне қарсы қою.

Экономикалық орнығу қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алу, ір түрлі салықтар мен шектеулер енгізу арқылы көрініс тапты.

Мәдени экспансия дін мен кириллицаны енгізу арқылы орыстандыру саясаты

Көшпенділік пен отырықшылықтың, қала мен дала, Батыс пен Шығыс, еркіндік пен бодандықтың, дәстүр мен еуропалық метрополиядан енген жаңа тәртіптердің шегіне жете шиеленісуі “Зар-заман” ағымы ақындарының шығармаларында көрініс табады.

Зар-заман жыраулары

Дулат Бабатайұлы (1802-1871)

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906)

ХІХ ғ екінші жартысындағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынға алады. Әлеуметтік үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеаландыра отырып, бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі.

Қазақ ағартушылары

Ыбырай Алтынсарин

Шоқан Уалиханов

Абай Құнанбаев

Абай философиясының категориялары

Кеңестік дәуірдегі отандық философия

Қазақ философиясының ерекшеліктері:

Қазақ философиясында онтологиялық және гносеологиялық мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді;

Адам мәселесі экзистенциалдық тұрғыдан қаралады;

Практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді;

Адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады;

Қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады;

Отандық философияны аксиологиялық философия деп атауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу