👈 қаріп өлшемі 👉

Хирургиялық стоматологиядағы жансыздандыру ерекшеліктері


С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Хирургиялық стоматология пропедевтикасының модулі

Тақырыбы: Хирургиялық стоматологиядағы жансыздандыру ерекшеліктері.

Орындаған:Әбілқасымұлы А.

Қабылдаған:Мирзакулова У.Р.

Алматы 2014

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Жансыздандырғыш препараттардың жіктелуі

Жансыздандырғыш препараттардың қолдану, қолданбау көрсеткіштері

Стоматологияда қолданылатын анестетиктердің түрлері

Жансыздандыру кезінде пайда болатын асқынулар

Заманауи жансыздандыру әдістері

Асқынулардың профилактикасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Жоспары:

Мақсаты: Хирургиялық стоматологиядағы заманауи жансыздандырғыш препараттармен танысу.

Стоматологиялық манипуляцияларда науқастарда ауру сезімінің пайда болуына байланысты жансыздандырғыш препараттар қолданылады. Осыған орай стоматологиялық практикада заманауи жансыздандырғыш препараттардың маңызы зор.

Кіріспе

Жансыздандыру дегеніміз бұл белгілі бір аймақтың уақытша сезімталдығын тежеу.

Жансыздандырудың 2 түрі бар:

Жалпы

Жергілікті

Жергілікті анестетиктер химиялық құрамы бойынша:

Күрделі эфир : новокаин, анестезин, дикаин.

Амидтер : лидокаин,тримекаин, прилокаин, бупивакаин ,этидокаин, артикаин.

Белсенділігі бойынша:

Жоғары : дикаин, бупивакаин.

Орта: лидокаин

Төмен : новокаин

Жансыздандырғыш препараттардың жіктелуі

Әсер ету ұзақтығы бойынша:

Қысқа уақыт әсер ететін: дикаин, новокаин, анестезин (30-60мин.).

Орташа уақыт әсер ететін: лидокаин, тримекаин (2-4сағ).

Ұзақ әсер ететін: бупивакаин (8-10сағ).

Науқастың тісті егеудегі үрей сезімін басу үшін.

Ауру сезімін болдырмау үшін

Жансыздандырғыш препараттардың қолданбау көрсеткіштері:

Жансыздандырғыш препараттарын көтере алмау, аллергиялық реакциялары бар науқастарға.

Психикасы өзгерген науқастарға.

Жансыздандырғыш препараттардың қолдану көрсеткіштері:

Стоматологияда қолданылатын анестетиктердің түрлері:

Новокаин

Лидокаин

Мепивакаин

Артикаин

Бупивакаин

Этидокаин

Убистезин

Ультракаин

Септанеста

Альфакаин

Ксилонор

Жалпы: Жергілікті:

Талу Ине сынуы

Коллапс Қан тамыр жарақаты

Шок Таңдай шырышты қабығының

Анестетиктен улану некрозы

Аллергиялық реакция Нервтің жарақаты

Ауа эмболиясы

Жансыздандыру кезінде пайда болатын асқынулар

Заманауи жансыздандыру әдістері:

Инфильтрациялы анестезия

Өткізгіштік анестезия

Тубер анестезиясы.

Таңдай анестезиясы.

Күрек тіс анестезиясы.

Инфраорбиталдық анестезиясы.

Мандибуляр анестезиясы

Иек анестезиясы

Интралигаментарлы анестезиясы.

Инфильтрациялы анестезия

Бұл анестезияның түрі үстіңгі жаққа жиі қолданылады. Мұнда тіс өрімі жансызданады. Ине өтпелі қатпардың шырышты қабығына 45 градус бұрышпен егелетін тіс түбірінің ұшына таман енгізіледі. Анестетикті жібере отырып, инені альвеола қырымен жылжытып, егелетін тістен көрші тістің тұсына дейін апарады. Иненің қыры сүйекке қарауы керек. Анестезия 7-10 мин кейін болады. Анестезия аумағы: жансыздандыратын тіс тұсындағы альвеола өсіндісі мен шырышты қабықтың кіреберіс жағы.

Өткізгіш анестезиясы. Тубер анестезиясы:ауызды ашылған қалпында езу мен ұртты айнамен сыртқа тартып, инені екі үлкен азу тістердің арасына өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқа, ішке қарай бағытталған ине жоғарғы жақ төмпешігін айналып өтеді. Шаншу тереңдігі 2-2,5см. Анестезия аумағы:жоғарғы жақтағы үш азу тіс,кіреберістегі шырышты қабық,гаймор қусының артқы қабырғасының шырышты қабығы.

Таңдай анестезиясы: ол альвеола өсіндісінің ішкі жағында үшінші азу тістің тұсындағы таңдайдың үлкен тесігіне салынады. Тісі жоқ кезде А сызығынан 0.5 см алға қарай, қызыл иек пен таңдайдың ортасында енгізіледі. Анестезия аумағы: қатты таңдайдың артқы бөлігінің шырышты қабаты, сүйір тістің тұсына дейін жансызданады.

Күрек тіс анестезиясы: Күрек тіс тесігіне салынады. Ол таңдайдың орта сызығының бойында ортаңғы күрек тістердің арасында қызыл иек шетінен 7-8 мм қашықтықта орналасқан. Инені ауызды кере ашып күрек тіс бүртігіне шаншиды да сүйекке жеткенше ендіреді. 0.25-0.5 мл ерітінді жіберген соң 3-5 минут уақыт күтеді. Анестезия аумағы сүйір тістерді қосатын сызықтың алдыңғы жағындағы таңдайдың шырышты қабаты.

Инфраорбиталық анестезия

Нысана көз асты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см төмен жүргізілген көлденең сызық пен екінші үстіңгі кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан. Көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғарғы ерінді жоғары сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Анестезия аумағы: көзасты нервісі, күрек,сүйір тістер, жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір жағы және жоғарғы ерін.

Мандибуляр анестезиясы.

Нысана: төменгі жақ тесігі. Науқас аузын кере ашады. Сұқ саусақпен төменгі жақ бұтасының алдыңғы қырын, одан кейін самай қырын анықтайды. Шприц кіші азу тістердің тұсына шырышты қабыққа енгізіледі. Ине самай қырына тіреледі. Әрі қарай самай жотасын иненің ұшымен айналып өтіп, сүйек бойымен сырғып 2см бойлайды. Шприцтің бағыты бастапқы жағдайға жақындайды. 15-20 минут күтеді. Анестезия аумағы: төменгі жақтың барлық тістері, альвеола өсіндісі, төменгі ерін, тері, иек,тіл нервісі де жансызданады.

Иек анестезиясы.

Нысана: иек тесігі. Ауыз жабық, төменгі ерін мен ұртты кере тартып инені өтпелі қатпарға үлкен азу тіс тұсынан шаншиды. Одан әрі инені алға, төмен, ішке қарай енгізіп иек тесігіне тақайды. Ине ұшымен сүйек сезіліп тұрады. Ине ұшының тесікке түскендігі еріннің аздап ауырғаны арқылы білінеді. Анестезия аумағы: иек пен еріннің жұмсақ тіндері, күрек, сүйір, кіші азу тістер.

Интралигаментарлы анестезия

Бұл инфильтративті анестезияның бір әдісі болып табылады. Мұнда жансыздандырғыш препарат тістің периодонт аймағына енгізіледі. Ине 30градус жасап қызыл иек емізікшесіне енгізіледі, әрі қарай 1-3мм енгізіп, периодонтқа жетеді. Тілдік беттен жасаған жөн. Кез келген тіске жасауға болады.

Аллергиялық реакциялары бар науқастарға арналған алдын алу шаралары:

Анамнез

Тері астылық сынама жүргізіледі.

Анестетикті басқа дәрілерден бөлек сақтап, қолданар алдында этикеткасына назар аударып, оргонолептиктік тексеру жүргізу.

Асептика шарттарын қатаң түрде сақтау.

Асқынулардың профилактикасы

Қорытындылай келе, жансыздандырудың нәтижелі болуы: дәрігердің біліктілігіне, науқастың психосоматикалық жағдайына, жансыздандырғыш препаратын ұтымды таңдауына, жансыздандыру әдісіне байланысты.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер:

Рузуддинов С.Р., Дүйсеева “Современные аспекты боли и местное обезболивание в стоматологии”. Алматы 2003г. Стр.152-156

http://5ka.su/ref/medicine/0_object13212.html

http://onarkoze.ru/img/lidokain.jpg

http://www.prosthodontics.ru/files/DH_3.jpg

 http://www.stomatologia.by/images/studentam/education/bsmu/ch-l-x/


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022
» Мектепте оқушы зорланды: мектеп директоры мен мұғалімдері соттала ма? 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы