Тыныс алу ағзаларымен ауыратын науқастан шағымдарын, аурудың даму тарихын және өмір тарихын жинау ерекшеліктері. Балалардағы ерекшеліктері.


ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Ішкі ауруларының пропедевтика кафедрасы

профессор Ш.К. Батырханов.

Тыныс алу ағзаларымен ауыратын науқастан шағымдарын, аурудың даму тарихын және өмір тарихын жинау ерекшеліктері. Балалардағы ерекшеліктері.

Жоспары

1. Тыныс жүйелерi сырқаттанған наукастардың арыз-шағымдары және анамнезi.

2. Аурудың даму тарихын және өмір тарихын жинау

3. Балалардағы тыныс алу жүйелерiнiң анатомиясы және физиологиясының ерекшеліктері.

Тыныс жолдары

-Жоғарғы – мұрын құысы, жоғарғы сүйек қуыстары, жұтқыншақ (глотка)

-Ортаңғы – көмекей (гортань), кеңірдек (трахея), сегментарлы және бөлікті бронхтар

-Төменгі – бронхиолалар, альвеолалар

Тақырыптың өзектілігі:

Ауруладың негiзгi немесе басты арыз-шағымдары: кеуденiц шаншуы (ауруын сезiну), жетелу, какырык тастау, кан түкiру немесе қан кету, ентiгу, демiкпе, дене ыстығының көтерiлуi.

Қосымша шағымдары: бас ауруы,тәбетінің төмендеуі,шаршағыштық, енжарлық

Аурудың басталу мерзімі,басқа аурулармен сәйкестігі,эпидемиологиялық жағдайы,алынған емі және оның нәтижесі

Өмір анамнезі жинау: тұрмыстық және әлеуметтік жағдайы, кәсіптік залалдар туралы мәлеметтер,бұрынғы өкпе тыныс жолдарының аурулары.

Тыныс жүйелерi сырқаттанған наукастардың арыз-шағымдары және анамнезi

жөтелу

ентігу

демікпе

қақырык тастау, қан түкiру немесе қан кету,

кеуденiң шаншуы (ауруын сезiну),

дене ыстығының көтерiлуi.

Жөтел

Жөтел - рекфлекторлы қорғанысты жауап.

Жетелудiң негiзгi себептерi:

-бiрiншiден, сырттан көмей арқылы тыньс алғанда түсетін заттарга рефлекторлы жауап ретiнде жөтел пайда болады.

-екiншiден, iштен, яғни бронхтан көмекейден шығатын қақырықты, сiлекейдi т.б. заттарды сыртқа шығаруға жөтел жәрдемдеседi.

Жөтел темекi тартатын адамдарда жиі кездеседi.

Өкпе-бронх қабыну ауруында (бронхит,пневмония) Тәулiк бойы жөтел үнемі болып турады, әсiресе кешке қарай күшейе түседi.

Өкпеде қатерлi iсiк пайда болғанда (рак) оқтын-оқтын кұрғақ жөтел болыл, науқасты шаршатады

Бронхоэктаза ауруында көбiнесе жөтел кақырықпен бiрге болады, ол әсiресе жиі мазалап, кейiн саябырлайды, ал кейде кешке қарай тағы да күшейедi.

Сол сиякты туберкулез ауруында кейде жөтел кеуде сырылымен бiрге пайда болады.

Жөтел кақырықты және құрғак болып екiге белiнедi.

Ентiгу

Ентiгу, басқаша айтқанда ауа жетпеу. Бұл белгiнiң себебi көп.

Ентiгу тыныс жолдары тарылғанда, тыньс жолдарында бiр нәрсе тұрып қалса немесе iсiк пайда болса, бронх бұлшық еттерi жиырылғанда, тiптi сыртынан қыскан жағдайда, (сол сияқты өкпе қабының арасына су жиналып, өкпе қысылғанда пайда болады.

Өкпенiң тыныс алу бетiнiң кемуi (өкпенің қабынуы, эмфизема), кеуденiң бұлшық еттерiнiң турлi себептермен тынысы төмендеп, қимылдай калғанда пайда болады.

Ентiгудiң үш түрi болады: дем алудың қиындауы (инспираторлы), дем шығарудың қиындауы (экспитаторлы) және аралас түрi.

Демікпе

Ентігудің ең ауыр түрін демікпе деп атайды.

Бұл көбiнесе бронх астмасында , балаларда бронхиолит кезінде жиi кездеседi.

Бұл кезде тыныс жолымен ауаны шығару қиындайды,өйткенi кiшкене бронхтардың бұлшық еттерi жиырылып, iшкі қабаты ісiнiп, сұйық жиналуы,бронхтар тарылып, өкпеден ауаның шығуы нашарлайды.

Ентiгудiң патогенезiндегі басты себеп - оттегiнiң азайып, көмiр қышқыл газының көбеюiнде, бұл тыныс алу орталығын қоздырады.

Қақырық тастау және қан түкіру

Қақырық көбінесе жөтелмен шығады. Түрі, түсі, консистенциясы әр түрлi болады.

Кiлегейлi, iрiңдi болуы мүмкін. Кейде қан аралас та шығады. Бұндай жағдай бронхтардың, көбiнесе өкпенiң созылмалы және жедел қабынуында байқалады. Бұл әсiресе бронхоэктаз ауруында көбірек кездеседi, сол сияқты өкпе туберкулезінде де орын алады.

Өкпенiң кандай бiр сырқатында болмасын жиi кездесетiн симптом - кақырық тастау.

Қақырық пен қан тастау көбiнесе бронхоэктаз ауруында, екпе туберкулезiнде, тыныс жолдарының iсiгiнде, кейде өкпеде iрiң жиналғанда пайда болады.

Кеуденiң шаншуы (ауруын сезiну)

Өкпе шаншуы

Өкпенiң немесе өкпе тұсының шаншып ауруы көп жағдайда өкпе қабының қабынуына байланысты болады.

Ауру сезімі жөтелгенде, қатты тыныс алғанда пайда болады. Жаллы өкпенің ауруы әр түрлі қабынудан (крупоздық) өкпе туберкулезi, өкпе инфарктінде құрғақ плевраның кабынуы, кенеттен болған пневмоторакс кезінде сезіледі.

Кеуденiң ауруы басқа ауруларда да сезілуi мүмкін, мысалы, белдеме теміреткi, сол сияқты кеуденiң бұлшық және қабырға аралық еттерi мен нервтерiнiң қабынуында

Дене ыстығының көтерiлуi.

Дене ыстығының көтерiлуi балаларда және ересектерде жиі кездеседі

Дене ыстығының жоғарлауы қалтыраумен бірге өкпе қабынуында кездеседі.

Дене қызуының 37 С-тен жоғарлауы аурудың барын болжайды

Дене қызуының түрлері мен дәрежелері:

37-38 С-субфебрильды,38-39 С сәл көтерілуі,

39-40 С -жоғары,40 С асқанда- өте жоғары

41-42 С- гиперпиретикалық (орта жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен сипатталады, өмірге қауыпты)

Аурудың тарихын зерттеу

Туғаннан бастап, күні бүгінгі дейін өмiр тарихын сурап анықтау.

Мақсат: қазырғы ауруына себеп боларлықтай жағдайларды зерттеп, анықтау (суыктау,темекі тарту,тұрмыс жагдайы т.б.с.).

Өмір анамнезін жинау

- Қалай, неге байланысты науқастануын және қандай іс-ерекеттер жасағанын, ягни тексерілгенің, емделген-емделмегенін анықтау керек.

Балалардың тыныс жолдарының морфо-функционалды ерекшеліктері

Мұрын – мұрын жолдары жіңішке, төменгі мұрын жолдарының болмауы, қуыстары жетілмеген, маңдай қуысының болмауы;

Жұтқыншақ (глотка) – кішкентай, еңсіз, лимфалық сақинасы нашар дамыған, бездердегі қан тамырларының жеткіліксіздігі;

Көмекей (гортань) – шұңқыр тәріздес, шеміршектері нәзік, иілгіш. Дауыс саңылауы тар, жоғары орналасқан; шырыш қабығы нәзік, қан және лимфа тамырларына бай. Бұлшық етпен эластикалық талшықтары нашар дамыған

Көмей лимфа сақинасы – әлсіз дамыған (сондықтан 4-10 жаста – гипертрофия; 3 жастан – аденоидтар пайда болады

Кеңірдек (трахея) – жіңішке және қысқа, дауыс саңылауы жоғары орналасқан, (IV-мойын, ересектерде – VII-мойын), эластикалық және бұлшық ет талшықтарының әлсіз дамуы (каркастың жұмсақтығы және бейімділігі; пневмония кезінде жеңіл керілу дамиды) жиі кездеседі)

Өкпе:

жас нәрестелердің өкпесі қан тамырларына бай, серпінді тіндері аз (әсіресе альвеолар маңында)

Дифференциалануы жеткіліксіз

Пубертат кезеңіне жетпей жаңа алвеолардың үнемі дамып (көбейіп) отыруы

Ересек жаста алвеолардың саны 10-есе көбейеді, тіннің шеткі аумағы 20-есе ( 70 м²-дейін)

Сурфактант антиателектатикалық фактор (32-35 гестация аптасында жетіледі; шала туған балаларда жетілмеуі ауыр дәрежедегі тыныс жетіспеушілігіне келтіреді)

Жаңа туған кезде өкпенің сегменттік құрылысы жақсы жетілген.Оң өкпеде -10, сол жақта –9 сегмент болады;

Өкпенің барлық бөліктері бір мезгілде жетілмейді.

Бір жастағы баланыңсол өкпесінің жоғарғы бөлігі нашар жетілген, ал оң өкпесінің жоғарғы және орта бөліктері бірдей көлемде жетілмеген.

2 жаста өкпенің әр бір бөліктерінің көлемдері,үлкендердікі сияқты, бір-біріне сәйкестенеді

Балаларда көбіне белгілі бір сегменттердің қабынуы жиі кездеседі.

Ол желдену(вентиляция) ерекшелік-теріне бронхтардың, дренажды қызметіне байланысты болады.

Базальді ұшті сегмент жиі қабынады,ол біршама бөлектене шеркері орналасқан, бұл д бронхтың дренажын қиындаьып жібереді.

2 және 10 сегменттерде осыған ұқсас келеді.

Сондықтан, омыртқа маңындағы (паравертебралды) пневмониялар жиі кездеседі.

«Ортаңғы бөлік синдромы»-орта бүірлі(4) және орта алдыңғы (5) сегментті бронхтар, бронх,өкпе,лимфа түйіндерінің аймағында орналасқан.

Олардың қуысы тар,үзын тіке бағыттанып бөлінеді.

Сондықтан, бронхтар үлкейген лимфа түйіндермен оңай басылып қалады.

Плевра

өте жұқа, плевра қуысы созылғыш болып келеді, сұйықтық жиналғанда кеуде аралығының органдары оңай жылжиды

Орталық көкірек қуысы балаларда ересектерге қарағанда көлемділеу келеді.

Жас нәрестелердің диафрагмасы жоғарырақ орналасқан,жиырылуы әлсіздеу болып келеді.

Жас балалардың тыныс еттері әлсіз дамыған.

Қабырғаарлықтары жіңішке,тегістелген.

Кеуде қуысы ұнемі тыныс алу қалпында болады және қабырғалар өкпе бетіне басынқырап,кіріп жатады.Бұл ерекшеліктерінің бәрі өкпенің толық жазылу қабілетін тежеп,тыныстық беттің көлемін азайтады.

Функционалды ерекшеліктері

Қарсыласу механизмі жетілмеген (мұрын мен демалуының бұзылуы, инфекциялануы)

Жүйке талшықтарының медиаторларға (гистамин, серотонин, ацетилхолин) сезімталдығы жоғары – (тартылуға бейімділігі)

Сірлі бөлімінің борпылдақтығы, қантамырларға байлығы, жергілікті қарсыласу жетілмегендіктен жиі ЖРВИ, бронхитке әкелуі.

Обструкцияға бейім: 2-ші қатардардағы бронхтан жоғары – инспираторлы ентігу, төменгі – экспираторлы.

Кеңірдектің өтімсіздігі – ларингоспазм (жалған және шынайы круп)

Эластикалық талшықтар аз – ателектаздар тез пайда болады

Қабырғаның көлденең орналасуы – кеуде клеткасының экскурсиясының шектелуіне әкеледі

Жергілікті иммунитеттің жетіспеушілігі (IgA)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу