👈 қаріп өлшемі 👉

Тыныс алу жүйесін физикальды тексеру әдістері: аускультация ережелері және техникасы. Балалардағы ерекшелктері.


ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Ішкі ауруларының пропедевтика кафедрасы

профессор Ш.К. Батырханов.

Тыныс алу жүйесін физикальды тексеру әдістері: аускультация ережелері және техникасы. Балалардағы ерекшелктері .

Жоспары

1. Кеуденің аускультация ережелері

2. Кеуденің аускультация техникасы.

3. Везикулярлық және бронхиалдық тыныс.

4. Сырылдар.

5. Сықырлар.

6.Өкпе қабынуының уйкелу дыбысы

7.Балалардағы ерекшеліктері .

АУСКУЛЬТАЦИЯ ӘДІСІ

Бұл физикалық жолдармен науқасты зерттеудiң күрделi түрi.

Бұл әдiс бойынша өкпедегi әртүрлi қозғалыстарды, әсiресе ауаның өкпеге кiрiп-шығуына байланысты болатын дыбьстарды қулақпен тыңдап зерттейдi.

Аускультация әдIсiмен негiзгi тынысты, оның өзгеруiн білуге болады. Бұл өзгерiстердi тiкелей немесе қулақты кеудеге қойып және арнайы тыңдау аспабы - стетоскоп немесе фонендоскоп арқылы тындап анықтайды. Сонымен жоғарыда айтылған әдiстердің

көмегiмен науқасты зерттейдi. Құлақты науқастың денесiне тiкелей қойып зерттеудiң ыңгайсыз жағдайлары көп.

Аускультация әдiсiмен тексергенде мына ережелердi ескеру жөн:

а) егер кеудесi жундес болса, оны сулау керек;

б) тексеретiн бөлме тыныш жене жылы болуы тиiс;

в) стетоскоп адам денесiне тегіс жанасуы керек, бырақ ауру тудыратындай денеге қатты басылмауы керек;

г) тыңдаған кезде стетоскоптың резина түтIкшесIн қолмен ұстамаған жөн өйткені, ол өкпеден шыққан дабысты өзгертуі мүмкін.

ДЫБЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ МЕХАНИЗМІ

Дыбыс пайда болуы үшiн ауа кеудеге кiрiп-шығып туруы керек. Кеуденi тындағанда екi түрлі тыныс естуте болады. Көмей мен кеңірдектің түсын тыңдаганда “х” дегенде шыгатын дыбысқа ұқсас тыныс естiледi. Бұндай тыныс көмейдi кысылған тесiгiнен ауа сыртқа шыққанда пайда болады. Сондықтан бұл тыныс дем алгандағы тынысқа қараганда дем шыгарғанда ұзактау естiледi.

Бұндай тынысты бронхиальды тыныс деп атайды.

Ал, өкпенің қалған жерінен “ф» әріпiн айтқагда пайда болатын дыбыс сияқты тыныс естiледi. Ол демдi алғанда демдi шығарғандағыдан ұзағырақ естiледi. Бұл везикулярлы тыныс делiнедi.

Бронхиальдық тыныс

Бронхиальды тыныс науқас адамдарда өкпеде ауа кіріп-шығатын қуыс болғанда, қабынудың және басқа жағдайдың әсерIнен өкпе тығыздалғанда естіледі. Ол үшiн ауаның кеңiрдекке кiрiп-шығып туруы шарт.

Бронхиалды тыныс қабыну инфильтратынан өкпе тығыздалғанда, өкпеде қуыс пайда болып (каверна), ол кеңiрдекпен байланысты болған жағдайда, өкпе сыртынан басылыл, ауасыаданып. тығыздалғанда (компрестiк ателектаз) естiледi.

Бронхиалдық тыныс өкпенi тығыздалған жерiнiң көлемi үлкен болғанда жақсы естiледi (крупоздық қабынуда).

Бронхиалды тыныс алудың көпшiлiк жағдайда өкпеге суық және зиянды iсIк жайылғанда пайда болады,өйткен, олар тыныс жолдарын қысып тарылтады.

Ал, егер өкпенiң тығыздалуы әр жерде, бөлек-бөлек орналасса, әрi тереңдікте жатса, бергi бетi зақымданбаса, ондай жағдайда везикуло-бронхиалды тыныс алу пайда болады.

Тыныс алу түрлері

Амфорикалық дыбыс

Бұл бронхиалдық тыныстың күшейген түрi. Бұл дыбыс шыны құмыраның ауазына үрлегенде пайда болатын дыбыс сияқты естiледi. Бұл дыбыс дем алып, дем шығарғанда өкледегi ауаның улкен қабаты бiр тегiс куыстан кiрiп-шығып тұрганда (каверна т б. қуыстар) естiледi.

Металдық тыныс алу

Бұның амфорикалық тыбыстан айырмашылығы сол, ол металдан жасалган ыдыста, я баста заттың шетiне соққанда пайда болатын дыбыс тәрiздi бронхиалдық тыныстың бiр түрi. Бұндай жағдай көбiнесе өкпе қабына ауа тыстан кiрiп-шыгып тұрганда пайда бо лады (ашық пневмоторакс).

Сол сияқты бронхиалдық тынысқа кысылған немесе буылған (стенотический) тыныс та жатады. Бұл көбiне кеңiрдектiң тарылуынан, қысылуынан пайда болады. Сондық тан аурудыц дем алуын, ауа шығарудың қиындағанын дәрiгер емес жанындағы кiсiлер де кеуденiң сырылынан, шуылынан байқайды.

везикулярлы тыныс

Бұл тыныстың пайда болу механизмi, ол ауа өкпе көбiршiктерiне кiргенде оның кеңеюi, ауа шықданда немесе тыныс шығарғанда тарылуы кезiнде пайда болатын барлық козғалыстарды ретiнде сезу.

Везикулярлық тыныстың белгiсi - ол дем алғанда жақсы естiлiп, дем шығарғанда алдыңғы жағынан (бұғана асты) жауырынның, құлактың астынан жақсы, өкпенiң шет жақтарынан нашар естiледi.

Кейбiр негiзгi дыбьстың әлсiреуi мен

күшеюi мүмкiн.

Әлсiреуi:

Тыныс алу әлсiрегенде. Әсiресе ауаның өкпе көпiршiктерiне түсуi нашарлағанда.

Бұндай жағдай көбiнесе кеуде етiнiң, көмейдiң қабынуынан, сол сияқты жалпы әлсiздiктен пайда болады.

2. Кеңiрдектен, кейде өкпеден шыққан iсiктiң әсерiнен кеңiрдектің тарылуынан, кейде жабылуынан пайда болады.

3. Өкпе қабына судың, ауаның жиналуына байланысты өкпенің қысылуы (экссудативті плеврит,жабық пневмоторакс)

4. Өкпенің кеңею мүмкідігі азайғанда (эмфинема, пневмос клероз).

5. Өкпенің қабынуының алғашқы кезеңдерінде (альвеола қабырғасы iсiніп, альвеолаға экссудат жиналғанда)

б. Өкпе қабының қатаю және денедегі май қабатының шамадан тыс жетiлуi (семIадiк).

Везикулярлы тыныстың күшеюi:

1. Кiшкене және аса кішкене бронхтардың қысылуынан (бронхтардың қабынуы).

2. Шамадан тыс к,атты, тез-тез дем алғанда (көбінесе науастың ыстығы көтерiлгенде), қатты жұмыс істегенде т.б.

З. Везикулярлық тыныстың кұшеюiн - қатан тыныс дейдi. Бұл тыныс демдi алғанда да, шығарғанда да естiледi, бiрак әдеттегiдей демдi алу толық естiледi. Бұндай жагдай кіші бронхтар қысылып, тарылғанда жиi кездеседіi.

Қосымша тыныс шуылдары

Сырылдар - бронхыларда ауаның және кiлегей суйықтык, қақырык, т.б. заттардың әрлi-берлi жүруiнен пайда болатын тыныс дұылдары.

Секреттiң түрiне байланысты сырылдар құрғақ және ылғалды болып екiге бөлiнедi.

Қүрғақ сырылдардың пайда болуы

1. Бронхының кiлегей кабатының қабынып iсінуiнен бронх жолдарының тарылуы.

2. Бронх қабырғасына қою кiлегей секреттердiң жабысуынан бронх жолдарының тарылуы.

З. Қою кiлегей секреттiң бронх қабыргасының бiр жағынан екIншi жағына жабысып жіптей керiлуi, тыныс алғанда қозғалып, дыбыс шығаратын орынға айналуы.

4. Бұлшык еттерiнiң жиырылуынан бронх жолдарының тарылуы.

Бұндай сырылдар дем алғанда да, дем шығарғанда да естiледi.

Сырылдардың түрлері бронхтардың кеңдігiне байланыстышуылдап,кейде ысқырып та естiледi.

Естілу қаттылығы тыныс алу күшіне байланысты. Ол астма демікпесінде алыстан естіледі

Өте жіңішке бронхтарда болатын шуылдар өте жоғары дыбыстар яғни ысқырып тұрғандай,ал кең бронхтарда төмен дыбыс (гүрілдеген) естіледі.

Ылғалды сырылдар

Ауа кеңірдек ішінде сүйық заттармен түйісіп өткенде пайда болады.

Көбіне дем алғанда ауа сүйықты жарып өтеді де,көбіршектің жарылған дыбысы естіледі. Бұнын да естілуі бронхылардың кеңдігіне байланысты

( үлкен,кіші,орташа)

Бұл ылғалды сырылдар жай және қатты естілу мүмкін.

Егер бронхының жан жағынан өкпе көбіршектері қабынып, тығыздалса қатты естіледі.Бұндай сырылдардың амфорикалық,металдық қасиеттері болу мүмкін.

Бұндай жағдай өкпеде ірің толып,қуыс пайда болғанда,өкпе тіні шіріп кеулеп кеңейгенде болуы мүмкін

Сықыр

Өкпе көбіршектерінің қабынуынан болады.Ол тек тыныс алғанда естіледі.

Өкпе көбіршігі тыныс алғанда, яғни ауа кіргенде ашылады да,ауа шығарғанда қайтып жабысады. Шашты бір-бірімен үйкегенде дыбысқа ұқсайды.

Сықыр өкпе қабынуынан,өкпеде қан тоқтап ателектаз пайда болады.

Өкпе қабының үйкелуінен пайда болатын шуылдар

1. Өкпе қабының қабынуынан. Оныц ішікі бетіне фибрин талшықтары қонып тегістігі бұзылады.

2. Кейбiр жерлерiнде қабынуға байланысты жабысып қалуы мүмкін

3. Өкпе қабында ісік пайда болуынан немесе жақын орналасуынан өкпе қабының беткi тегістігі бұзылады

4. Өкпе қабының арасындағы сүйқтың жоғалуы (холера,интоксикация)

Ерекшеліктері

1. Өкпе қабының, үйкелу шуылы демдi алғанда да, демдi шығарғанда да естiледi, ал сықыр тек демдi алғанда естiледi.

2. Өкпе кабының үйкелу шуылы жөтелгенде өзгермейдi.Ал,сырылдар жөтелгеннен кейiн бiраз уақыт жоғалып кетуi де ыктимал.

3. Стетоскопты кеудеге қатты басып тыңдғанда өкпе қабының үйкелу шуылы күшейедi, ал сырылдар өзгермейдi.

4. Плевра шуылдары сықырларға карағанда кұлаққа жақын естiледi.

5. Плевраның йкелу шуылдарын ажырату үшiн мынандай жағдай жасалынады. Ауру демдi шығарғаннан кейн аузымен мұрнын жауып, диафрагнаның төмен түсуiне мүмкiндiк беретiндей етiп iшін (қарнын) қампитады. Бұл кезде плевралардың бiр- бiрiмен үйкелiсi сақталады, егер құргак плеврит болса, олардың үйкелуi естiледi.

Ал, бронхыларда ауаның қозғалысы тоқталғандықтан ылғалды сырылдар бұл кезде естiлмейдi.

Өкпе қабының үйкелу шуылы сауыққанда, плевра арасына су жиналғанда жоғалады. ягни естiлмейдi.

Бронхофония дыбыстың кеудеге берiлуiн стетоскоп немесе фонендоскоп арқылы тыңдап естуi. Егер екпеде қуыс болса немесе өкпе тығыздалса (қабынудың әсерiнен, өкпе инфарктi, туберкулез) бұндай жағдайда ауызбен айтқан дыбыстар анық естiлiп тұрады (шай, ащы, тұщы сөздерi).

Бронхофонияның пайда болу жолы дауыс дірiлiнiң пайда болуымен бiрдей. Сондықтан да бұл феномендердiң диагностикалық маңызы да бiрдей. Айырмашылығы дауьс дірiлi пальпация тәсілiмен зерттелсе, бронхофония аускультация тәсiлiмен анықталады.

Балалардағы ерекшеліктері

5-7 жасқа дейін везикулярлық тыныс қатты шығып естіледі.Бұндай дыбыс- пуэрильды деп аталады.Сонымен қатар , бұл тыныс дем алғанда да, шығарған да естіледі.

Мектеп жасына дейін балалрдың тынысы әлсіз естіледі.

Кіші мектеп жасындағы балада барлық дем алуы мен ауаны жартылай шығаруы жақсы естіледі-бұл везикулярлы тыныс

Ересек жастағы балаларда дем шығару мүлдем естілмейді

Балаларда везикулярлы тыныстың әлсіреуі- семіздікте және үйықтаған кезде естіледі

Ал везикулярлы тыныстың күшеюі –

Өкпенің қабынбаған жағынан жақсы естіледі,себебі компесаторлық механизм ретінде.


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы