Тыныс жетіспеушілігі СӨЖ


СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:Тыныс жетіспеушілігі

Алматы 2014 ж

Факультет: Жалпы медицина

Топ:4 курс

Орындаған: Ержігітов Н.

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

А) Тыныс жеткіліксіздігі

Б) ТЖ түрлері

Г) Созылмалы тыныс жеткіліксіздігі

Д) Ауырлық дәрежелері

Е) Диагностикасы

Ж) Емдеу принциптері

3. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын және одан СО2 шығуының керекті дәрежесінде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымның (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін. Бұл көрсетілген бұзылыстыр жиі біріккен түрде байқалады.

Тыныс жетіспеушілігі– деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады».

«Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі

Артериялық қанның газдық құрамының жеткілікті қамтамасыз етілмеуі немесе оның сыртқы тыныс жүйесі функциясының артуымен қамтамасыз етілуі.

Физикалық жүктеме кезінде немесе тыныштық жағдайда өкпенің газ алмасу қызметін толыққанды қамтамасыз ете алмауымен байланысты патологиялық жағдайы.

1 Тыныс реттелуінің бұзылыстары(мидағы тыныс орталығына ісік өскенде, ми жарақаты, миға қан құйылғанда, дәрілердің, есірткілердің әсерінен тежелуі.)

2 Тыныс алу бұлшықеттеріне нерв импульстарының таралуының бұзылыстары

3 Кеуде қуысының қозғалуының бұзылыстары

4 Тыныс алу жолдарының бұзылыстары

5 Өкпе тінінің бұзылыстары

1 Өкпе вентиляциясының бұзылысы

2 Өкпе альвеолалары мен өкпе капилярларының арасында газдар диффузиясының бұзылысы

3 Өкпеде қанайналым бұзылысы

Патогенезі:

Аурудың ағымының сипатына байланысты:

Жедел тыныс жеткіліксіздігі

Созылмалы тыныс жетіспеушілігі

Бронх-өкпелік (обструктивті, рестриктивті, диффузды);

Жүке-бұлшықеттік;

Центрогенді;

Торако-диагфрагмалды;

Этиопатогенетикалық факторларға байланысты:

Клиникалық-функциялық көрсеткіштеріне байланысты:

Обструкциялық;

Рестрикциялық

Диффузды;

Аралас

Ауырлық дәрежесіне байланысты:

I-артық жүктеме кезінде ентігудің пайда болуы;

II-әдеттегі жүктеме кезінде ентігудің пайда болуы;

III-тыныштық жағдайда ентігудің пайда болуы;

Бронхоспазм

Тыныс жолдарының өзегін тарылтатын бронхтар қабырғасының қабыну және склероздық процестері

Бронхтардың өзегінде қақырық, кілегейдің жиналуы

Ұсақ бронхтардың сырттан басылуынан коллапсы

Трахея мен ірі бронхтардың экспирациялық коллапсы – трахея мен ірі бронхтардың гипотониялық дискинезиясынан мембраналық бөлігінің ішіне қайырылуы

Өкпенің тыныс бетінің азаюынан, керілуінің шектелуінен болады.

Өкпенің тыныс бетінің шектелуіне әкелетін себептер:

Өкпе тінінің инфильтрациясы

Өкпе тінінің деструкциясы

Өкпе тінінің дистрофиясы

Пневмосклероз

Өкпенің даму кемістіктері (гипогенезия, агенезия)

Өкпенің басылуы, ателектазы (пневмоторакс, плеврит, ісік)

Плевраның тұтасуы, жабысқақтары

Тыныс орталығы қызметтерінің бұзылыстары (наркотиктік, ұйықтатқыш дәрілер әсерінен, церебросклероз, инсульт, мас миының жарақаты)

Тыныс жеткіліксіздігі альвеола – капиллярлық мембрананың физмкалық және химиялық қасиеттерінің бұзылысынан болады. Мысалы, қалыңдауынан, диффузиялық қасиетінің төмендеуінен.

Альвеола – капиллярлық мембрананың қалыңдауынан, диффузиялық қасиетінің төмендеуі мына жағдайларда болады:

Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқалардың түрлі себептерден ісінуі

Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқалардың фиброзы

Вентиляция мен перфузия арақатынасының бұзылуы

Кіші шеңберде қанайналымның бұзылысы

Клиникалық көрінісі төрт топ белгілерден құралады:

Тыныс жеткіліксіздігіне әкелген негізгі аурудың көріністері

тыныс қызметінің күшеюімен жүретін ентікпе

Организмде оттегінің жетіспеу белгілері

Организмде көмірқышқыл газының жетіспеу немесе көбею көріністері.

Орталық нерв жүйесі функциясының бұзылыстары: ұйқының нашарлауы, эмоциялық белсенділіктің жоғарлауы, психикалық бұзылыстар.

Жүрек – тамыр жүйесі функциясының бұзылыстары: тахикардия, жүрек шығару көлемінің ұлғаюы, шеттік тамырлардың кеңеюі, өкае гипертензиясы

Тыныс жүйесінің бұзылыстары: ентікпе, вентиляцияның күшеюі, негізгі алмасудың жоғарлауы, осыдан науқастардың біразы арықтайды

Қанның өзгерістері: полицитемия, гематокриттің және қан тұтқырлығының жоғарлауы, плазма көлемінің ұлғаюы, гипетромбоцитоз, ЭТЖ төмендеуі

Паренхималық ағзалардың дистрофиясы: бауырдың бүйректің және т.б фиброзы және амилоидозы

Гипоксия әсерінің күшеюі

Веналардың кеңеюі (веналық вазодилятация): ұстап қарағанда қол – аяқтар ысса және ылғал, тері жамылғылар қызғылт цианозды, ми сауытішілік қысымның биіктеуінен бастың ауыру, “псевдотумор” синдромы.

Бұлшықет қозғыштығы: миоклония, бұлшықеттің тартылуы, тремор, тырысулар

Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарлауы: асқазанда жаралар мен эрозиялар

I дәрежесі - қанның газдық құрамы бұзылмайды. Науқас күнделікті тіршілігіне қажетті үйренішті дене қызметімен шұғылдана алады. Бұдан ауыр қызметпен айналысқанда қиналады. Бұл замандағы кәсіптердің көбімен айналасуға шамасы келеді, қызметке жарамдылығы сақталған. Тыныш жағдайда тыныс функциясының көрсеткіштері қалыпты.

II дәрежесі – Организмде оттегінің жетіспеу белгілері пайда болады. Ентігуге байланысты жұмысты қиналып атқарады, қызметке жарамдылық жойылады.

III дәрежесі - Организмде оттегінің жетіспеу белгілерімен бірге көмірқышқыл газының жиналу көріністері пайда болады. Ауыр ентігуден қимыл шектеледі, науқас өзін күтуге шамасы келмейді.

Спирометрия;

Бронх өткізгізтігі;

Қандағы газдың концентрациясын анықтау;

Рентгенологиялық зерттеу;

Негізгі ауруды емдеу

Инфекциямен күресу

Өкпе желденуін жақсарту (бронхолитиктер, кортикостероидтар, муколитиктер, дене қалпымен дренаж, бронхоскопиялық санация)

Оксигенотерпаия;

Инвазивті жасанды вентиляция;

Тыныс гимнастикасы;

Хирургиялық ем (өкпенің немесе өкпе – жүрек комплексінің трансплантациясы)

Жаттығулар:

С. Л. Қасенова., Ішкі аурулар., Алматы 2009 ж;

Б. Қалимурзина., Ішкі аурулар І том., Асем-Систем 2005;

Мартынов А.И., Мухин Н.А. «Внутренние болезни» (2004г).

2. Гребенев А.Л. «Пропедевтика внутренних болезней» (2001г).

3. Елисеев Ю.Ю. «Внутренние болезни»

Вотчал Б.Е.: Патофизиология дыхания и дыхательная недостаточность, Медицина, 1973 г.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу