Әлеуметтік сөз әдебі


Әлеуметтік

сөз әдебі

Сөз әдебі - тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тәртібі.

Тіл қатудың тәртібі қарым-қатынас жағдайына қарай жұмсалатын арнайы сөздер мен тұрақты сөз орамдарының жүйесі арқылы жүзеге асады.

Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынаста сөз бейресми болғанымен оның өзіне тән әдебі болады және олар бірнеше түрге бөлінеді. Оның басты бірі - сәлемдесу. Қазақта «сәлем сөздің анасы» деген аталы сөз бар. Адамның бір-біріне лебіз білдіруі сәлемдесуден басталады

Қоғам мүшелерінің арасындағы әрбір қарым-қатынас жағдайын қамтамасыз ететін тілдік құралдар ақылы жүзеге асады. Қоғам мүшелерінің арасындағы әрбір қатынас жағдайын қамтамасыз ететін тілдік құралдар және олардың синрнимдік қатарлары болады.Тілдесуші жақтардың білім, тәрбие деңгейін, мекенін, жыныс, жас айырмасын тұрақты, тұрақты емес т.б әлеуметтік рөлдеріне тән белгілерін есепке алып отыру cөз әдебінің әлеуметтік қырлары болып табылады.

Құрылымдық және функционалдық қасиеті

Сөз әдебінің өзіне тән лингвистикалық табиғаты олардың құрылымдық және функционалдық қасиетіне тығыз байланысты. Сөз әдебінің бірліктері таңбалары - байланыс жасау мақсатында тыңдаушы жаққа берілген белгі, олай болса, бұл белгі коммуникативтік бірлікке жатады. Ал кез келген коммуникативтік бірліктің предикативтік мазмұны (жақ, шақ,рай т.б) болуға тиіс.

Функциялары

Сөз әдебінің коммуникативтік және одан басқа да байланыс орнату (фатикалық), тыңдаушының назарын аудару (апеллятивтік), сыпайылық таныту (конативтік), тыңдаушының көңілін аулау, көтеру (эмотивтік) т.б тәрізді функциялары бар.

Адамның сөйлеу әдебі әлеуметтік мәртебенің негізгі көрсеткіші

Тілжанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегенімізбір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.

Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауысөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.

Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн  «ақыл-ойдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан.

  Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.

Сөйлеудің сапаларына кіретіндермінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

1.    Ортаның әсері;

а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді

ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)

2.    Сөйлеу дағдыларының жоқтығы  (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);

3.    Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.)

«Сөйлей білуөнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.

 Әлеуметтік мәртебе ағыл. social status – құқықтарын, міндеттерін және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін (оның ішінде Тіл практикасы да) қамтитын, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.

Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас сәтті, тиімді жалғасу үшін сөйлеудің әдебі, сөйлеудің мәдениеті, ырғағы сақталуы керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу