Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағынып оралар ма ем) » ZHARAR © 2017 | фариза оңғарсынова Сағынып оралар ма ем өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, Сағынып оралар ма ем




  • »

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағынып оралар ма ем)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағынып оралар ма ем) казакша Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағынып оралар ма ем) на казахском языке

Сағынып оралар ма ем
алыс жолдан жеткенше асық болып,
сен бар-ау деп шаттықтан тасып-толып,
дүниеде көзіне басқаны ілмей,
тек анасын ойлайтын жас сәбидей
мен де сеніңкеудеңді аңсамасам,
сен де мені күтуден шаршамасаң,
құшағыңа алғанша тынышталмай,
кездескенде жанардан мұң ұшқандай
ес шығып кетер бізде,
қуаныштан мәз болып екеуіміз де,
бар сезімді көздерден байқағандай
отырмасақ, айтарға сөз таба алмай,
сағынып оралар ма ем,
жиһан кезе бермес пе ем онан ормен.
Жарқылдап жүрер ме едім
арман-нұрға тоғытып жылдарымды,
болмаса егер көк жарған шыңдар үлгі;
мөлдірлікті алмасам бұлақгардан,
аярланбай, аңқылдап сыр ақтарған,
теңіздердің тұңғиық тереңдігін,
тереңдіктің арқалар кемел жүгін,
жазықтықтың көз жетпес шалқарлығын
(шалқар жерде болады дарқан бір үн) -
сен құймасаң қаныма мұның бәрін,
сіңірмесең халқымның жырын, нәрін,
жарқылдап жүрер ме едім,
сезінбес ем ешқашан жігер желін.
О, туған ел, мен өзіңсіз қанатсыз, тұғырсызбын,
сен болмасаң, сөнемін - ғұмырсызбын;
маған - сенің сезімің қуат, серік,
саған - менің сезімім шуақ беріп,
демімізден мөп-мөлдір нұрды жұтып,
тірліктегі азап пен мұңды ұмытып,
қос махаббат алауы жер үстінде
бұрқасынды өмірді тұр жылытып.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 123
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Сағынып оралар ма ем өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Сағынып оралар ма ем, фариза оңғарсынова Сағынып оралар ма ем өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, Сағынып оралар ма ем, Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағынып оралар ма ем) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .