![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Бұлақтар құздардан асып)

Бұлақтар құздардан асып,
сарқырап сайларға аққанда,
көңілім қырларға ғашық
самғайды жайлау жақтарға.
Жүрегім бұлқынады да,
тоқтамай думан бақтарға.
талпынар қыр-тұрағына,
құлпырған қызғалдақтарға.
Қиялым желмен жарысқан
ай маңдай арғымақтарда.
Көп аңсап келгенде алыстан
бәйгелер қалжыратқан ба!
Сәби қып бұл күндер мені,
тұрғандай тосып гүлдерді,
ұмыт қып үлкейгендегі
қырқысқан қырсық күндерді.
Мен сонда бала боп кеттім,
қалғанын сезбедім күз кеп...
Қырларды аралап кеттім,
қызғалдақ кездерімді іздеп.
сарқырап сайларға аққанда,
көңілім қырларға ғашық
самғайды жайлау жақтарға.
Жүрегім бұлқынады да,
тоқтамай думан бақтарға.
талпынар қыр-тұрағына,
құлпырған қызғалдақтарға.
Қиялым желмен жарысқан
ай маңдай арғымақтарда.
Көп аңсап келгенде алыстан
бәйгелер қалжыратқан ба!
Сәби қып бұл күндер мені,
тұрғандай тосып гүлдерді,
ұмыт қып үлкейгендегі
қырқысқан қырсық күндерді.
Мен сонда бала боп кеттім,
қалғанын сезбедім күз кеп...
Қырларды аралап кеттім,
қызғалдақ кездерімді іздеп.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Бұлақтар құздардан асып өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Бұлақтар құздардан асып