Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Шілтер) » ZHARAR © 2016 | күләш ахметова Шілтер өлең стихи на казахском куляш ахметова казакша олен, күләш ахметова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке куляш ахметова, куляш ахметова олендери, Шілтер




  • »

Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Шілтер)

Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Шілтер) казакша Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Шілтер) на казахском языке

Сен кеткен соң басталған-ды басқаша ән,
Жүгіреді жылдар шашып шаңға шаң.
Жырларымды көп адамдар тыңдаған,
Ана, сен ғой естімедің ешқашан.
Сен тоқыған шілтер мынау тозбаған,
Ал мен болсам, тозбайтұғын сөз бағам.
Here адамды сақтау қиын зат құрлы?! -
Дейді менің бота көңлім боздаған.
Ой тоқып ем, шілтер емес, шықты өлең,
Тоқи берем, ұқпасам да түк те мен.
Уақыттан сызат түскен сандықта
Шілтер жатыр соңғы гүлі бітпеген.
Шашыраған сәулесі бар жұлдыздың,
Шашыратқы гүлдері бар қырғыздың.
Ескі торға жиі-жиі қараймын,
Ең ақырғы құрметіміз бұл біздің.
Шілтер жатыр. Ал тоқыған жан ғайып,
Тағдыр - қатал, адамдарда бар ма айып?
Саусағыңның ізі қалған ескі тор
Сағыныштан кеткен сынды сарғайып.
Мазалайды кірпігіме шық келіп,
Жан інімнен жарымаған сүт те еміп
Қысылғандай ыңғайсыздау қалыпта
Шілтер жатыр бір уыс боп бүктеліп.
Шілтеріңмен көз жасымды сүртермін,
Сүрткен сайын жанарымды бүркер мұң.
Ол үшін сен қанша көркем гүл тердің!..
Өкінішті! Апа, сенің ғұмырың
Ғұмырына жетпегені шілтердің!
...Шілтер жайлы мұңды өлеңді созбай тым,
Бітірейін. Ойды ой ғой қозғайтын.
Өмір шығар - өзі кетіп адамның,
Бір ескерткіш қалдыруы тозбайтын.
Білем, әке, сен мені сағынасың бұл күнде,
Бәлкім, сенің басқадан қуанышың, күлкің кем.
Тұсыңдағы суретке қарап жатып көз ілсең,
Түсіңе еніп жүрген де шығармын-ау мүмкін мен.
Іздейсің сен мені, әке, көршілердің сөзінен.
Маған ұқсас сіңлімнің жәудіреген көзінен.
Тұңғыш перзент тұп-тұнық қызығыңды аңсайсың,
Аңсайсың да іздейсің, айтпасаң да, сезінем.
"Әке үшін бәрі бір, ұл немесе қыз", - дейсің.
Алыста да сенесің, үмітіңді үзбейсің.
Алаң болып, мен үшін бір кесе шай кем ішіп,
Жаңа келген газеттен есімімді іздейсің.
Темекіңді тұтатып, түнде де көз ілмеген,
Көзің болса, кеше гөр, кешіксем де бір келем.
"Айналайын" деп маған сенен басқа кім айтсын,
Қадіріңді сездіріп, өтіп жатыр жыл деген.
1977 ж.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 145
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .