» » » Өлең: Күләш Ахметова (Мен туған үй)

Өлең: Күләш Ахметова (Мен туған үй)

Өлең: Күләш Ахметова (Мен туған үй) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Мен туған үй) на казахском языке
Біздің үйден жұрт жаңалық табатын,
Әкем елге хабар беріп жаңа тым,
Әңгіме айтып отыратын, түзетіп
Москваның уақытымен сағатын.
"Соңғы хабар" болып, даусын ашты ма,
Радио тыңдамасаң — бас кінә.
Ұнатпайтын сөзін бұзған адамды
Сөйлеп тұрған кезде ұлы Москва!
Біздің үйді сондай қызық үй дейтін,
Ешкім бізде үнсіздікті сүймейтін.
Кешкі шайдың соңы — концерт, балалар
"Наманганның алмасына" билейтін.
Түрлі достар үйімізде бір біздің,
Тоғысатын шоғырындай жұлдыздың.
Балалайка тартып анам, ал әкем
Әнін салып отыратын қырғыздың.
Елуінші жылдар. Басқа — бар талап,
Радиоқабылдағыш — шартарап.
Орталықтан оралатын әжеміз
Алғашқы ауыр батареяларды арқалап.
Әр тарихқа беретінбіз асқан мән,
Жаттайтынбыз "Манас" деген дастаннан.
Барлық тілмен бауырластық мен үшін
Өзім туып, өскен үйден басталған.
Куә болған Алатаудың асқары,
Қосылатын жиі-жиі бастары.
Татар қызы құрбысы еді анамның,
Орыс еді әкеміздің достары.
Өздері де, сөздері де жараса,
Әсерленіп жүруші еді балаша.
Жас еді олар біздерден де қазіргі,
Өздерінше одақ еді тамаша.
Талай рет гопак ойнап, қызды би,
Таң қалдырар еді талай сізді күй.
Алуан ұлттың тағамы да табылған
Ғажап еді-ау қарапайым біздің үй!

Автор: nurgul95 | 168 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Мен туған үй өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Мен туған үй, күләш ахметова Мен туған үй өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Мен туған үй, Өлең: Күләш Ахметова (Мен туған үй) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке