Қазақша өлең: Шерхан Талап (Ақын-ғұмыр) » ZHARAR © 2016 | Шерхан Талап Ақын-ғұмыр стихи на казахском өлең олен казакша, Шерхан Талап өлеңдер жинағы, Шерхан Талап стихи на казахском, Шерхан Талап олен казакша, Ақын-ғұмыр




  • »

Қазақша өлең: Шерхан Талап (Ақын-ғұмыр)

Қазақша өлең: Шерхан Талап (Ақын-ғұмыр) казакша Қазақша өлең: Шерхан Талап (Ақын-ғұмыр) на казахском языке

Ақ таңнан алса мазаны дүбір,
Арманға бастар асыл мұң.
Ақындық тағдыр, азалы ғұмыр –
Ғазалы ғазиз ғасырдың!

Күрсінсе жаны түнекке ұйып,
Өлеңі өрге тарта алар.
Әлемнің мұңын жүрекке жиып,
Жаһанның жүгін арқалар.

Сермейді талмай қанатын кеңге,
Жесе де жаны кіл опық.
Қайғырар қамсыз қара түндерде,
Жалғыздығына жыр оқып.

Жүрегін қайғы жеуде шын келіп,
Тағдырға қалай төзесің?!
Көтерер солай кеудесін керіп,
Көз жасы толған көзесін.

Заманның зәрлі зарымен бастап,
Жыр оқыр...мұңын жас шайып...
“Адамша ойлап арымен асқақ,
Құдайша сөйлер қасқайып!”

Жанына жырды емге іздер жанша,
Құныға түсер мұңды адам.
Келмеске кеткен кербездер қанша,
Кеңсайды керек қылмаған.

Қашқандай жаннан едәуір маза,
Болашақ үшін бекін бір.
Ақындар үшін ең ауыр жаза,
Жоқтаусыз қалса жетім жыр!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 70
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .