👈 қаріп өлшемі 👉

Шерхан Талап (Қызжылаған)

 Шерхан Талап (Қызжылаған)

(Балнұр Лесханқызына)

Өмір барда өтеді бастан сынақ,
Күндерің де өтеді шашқан шуақ.
Жүрегімді төседім жолыңа әкеп,
Жанарыңнан кеткенде жас тамшылап.

Шабыт іздеп, шарқ ұрған шетте қалып,
Ақын едім мен де бір сертке қанық.
Өлең үшін өксіген, өрімдей қыз,
Өзегімді жібердің өртке малып.

Жыр жаза алмай жабықса жаның бүгін,
Жүрегіннің үніне бағын, күнім.
Көңіл көпке айта алмай кемсең қағар,
Көз жасыңды көрудің ауырлығын.

Сертің болса қолыңа қалам алу,
Дертің болар бойыңа тараған у.
Өлең деген күн сайын өртке оранып,
Өлең деген түн сайын жаралану.

Көңіл нені аңсайды, үздігеді,
Сағыныштың себебін күз біледі.
Мұнша аяулы болар ма қыз арманы,
Мұнша нәзік болар ма қыз жүрегі?!

Ақынды ауыл есітіп жақын дүбір,
Неге сені таңдады, шақырды жыр?
О, соншама азабың ауыр ма еді,
Ару жанын арбаған aқын-ғұмыр?!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Екінші деңгейлі банктер қалай жұмыс істейді? 12.01.2022, 0
» Мемлекет кейбір мұғалімдердің баспана немесе коммуналдық қызмет ақысын төлейді 12.01.2022, 0
» 2022 жылы Мәуліт мерекесі қай күні атап өтіледі? 04.01.2022, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы