Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді) » ZHARAR © 2017 | акуштап бактыгереева Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді




  • »

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді) на казахском языке

Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді,
Оған айтар мұң-арманым көп еді.
Туған жердің қасиеті шығар-ау
Гүлдей сұлу талы менен терегі.
Оны ұмытсам болмас, сірә, кешірім,
Соған ұқсас қойылыпты есімім.
Оны қалай жырламайын егерде
Толқынында тербетілсе бесігім.
Сонда маған жұлдыз күлді аспаннан,
Сылдыр өнді алғаш ұқтым жас талдан
Мөлдір ағын дыбысынан кеудемде
Нәзік жырдың шумақтары басталған.
Сонда жатыр ата-бабам моласы,
Қымбат маған қаласы мен даласы.
Менің алғаш вальс биін билеуге
Себеп болған Ақ Жайықтың баласы.
Жайық десе, ойда Нарын өлеңі,
Сағынғанда еске аларым көп еді.
Жайық-Анам, Жайық-Елім, Отаным,
Қүшақтағым, аймалағым келеді.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 273
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .