Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ айдын айырбас боп тас қалаға) » ZHARAR © 2016 | акуштап бактыгереева Ақ айдын айырбас боп тас қалаға стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ақ айдын айырбас боп тас қалаға




  • »

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ айдын айырбас боп тас қалаға)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ айдын айырбас боп тас қалаға) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ айдын айырбас боп тас қалаға) на казахском языке

Ақ айдын айырбас боп тас қалаға,
Тұрсам да жанға жайлы баспанада.
Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан
Мен, апа, секілдімін ақ шағала.
Тапқанша сол жағадан аңсағанын,
Жүрегім құса болып қаншама күн,
Жеткенде ұмытамын қуаныштан
Қауырсын қанатымның шаршағанын.
Кеткенмен самғай ұшып қияға асқар,
Санама уақыт елес жия бастар.
Күткендей Ақ Жайықтың жағасында
Баяғы үлпілдеген ұяластар.
Айдынның аңсап таза таңғы лебін,
Елжіреп ел дегенде жан-жүрегім.
Жан-апа, сол Жайыққа сен кеткелі
Қайтейін, барғым келмей қалды менің.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 112
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .