Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алыстан хат) » ZHARAR © 2017 | әбділда тәжібаев Алыстан хат өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері , әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда тәжібаев




  • »

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алыстан хат)

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алыстан хат) казакша Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алыстан хат) на казахском языке

Сезсең кейде соққан жылы
Жаздың жанға жайлы лебін,
Жат көрме, ол аңсап сені
Ақырын менің алған демім.
Сыбырласса көк жапырақтар.
Тілдескендей қоңыр желмен -
Тыңда да сен, сыр алып қал
Сыбырлаушы онда да мен.
Терезеңнің әйнегінен
Ай қараса айдын көктен,
Мен де қарап тұрмын бірге
Ойлан, гүлім, ұйықтап кетпе.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 085
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .