Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайықтың айдыны) » ZHARAR © 2016 | акуштап бактыгереева Ақ Жайықтың айдыны стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ақ Жайықтың айдыны




  • »

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайықтың айдыны)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайықтың айдыны) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайықтың айдыны) на казахском языке

Ай, күні бар Жайықтың,
Ақ таңы бар арайлы,
Айдыны бар Жайықтың,
Әлдилеген талайды.
Даласы бар Жайықтың,
Алуан түрлі гүл өскен.
Жағасы бар Жайықтың,
Ғасырлармен тілдескен.
Ұл аңсаған ауылға
Даусы күй боп таралған.
Толқынынан дауылда
Құрманғазы жаралған.
Елдер көшкен далада
Тынышсыз бір тұрды ағын
Елдер көшкен жағада
Керіледі құм Нарын.
Ішке шері сыймады,
Шөліркеді сол құмдар.
Дүниеге Динаны
Алып келді толқындар.
Сұлулығын қайғылы
Қыз Жібекке сыйлаған,
Сезім, сырын айдыны
Аямады Динадан.
Жұлқып өмір есігін,
Исатайы ер жеткен,
Өжет толқын бесігін
Махамбеттің тербеткен.
Жасынан әр жүректі
Күш-жігерге билеткен,
«Қыран бол- деп түлекті
Өр мінезге үйреткен.
Ай, күні бар Жайықтың,
Ақ таңы бар арайлы.
Айдыны бар Жайықтың
Әлдилеген талайды.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 112
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .