![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Ақжайық)

Қыстағы
байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы
жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен жүректердей,
соғады жарға
толқын шыр айналып.
Толқынын
Ақжайықтың тамашалап,
қиялдар
жетелейді қарасам-ақ.
Кейде үнсіз,
кейде долы - ерке мінез,
өзіңе осы кейпің
жарасады-ақ!
Жайығым - ата
қоныс, игі мекен,
ақ бурыл
толқындарың жүйрік екен.
Құшасың құмарлана жағалауды,
өзіңді о да бір
кез сүйді ме екен...
Кей сәтте
байсалдысың, ақылдысың,
кей сәтте
сескендірер батыл күшің.
Қаншама ұмтылсаң да кең далаға,
аса алмай
жаға-жардан жатырмысың?!
байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы
жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен жүректердей,
соғады жарға
толқын шыр айналып.
Толқынын
Ақжайықтың тамашалап,
қиялдар
жетелейді қарасам-ақ.
Кейде үнсіз,
кейде долы - ерке мінез,
өзіңе осы кейпің
жарасады-ақ!
Жайығым - ата
қоныс, игі мекен,
ақ бурыл
толқындарың жүйрік екен.
Құшасың құмарлана жағалауды,
өзіңді о да бір
кез сүйді ме екен...
Кей сәтте
байсалдысың, ақылдысың,
кей сәтте
сескендірер батыл күшің.
Қаншама ұмтылсаң да кең далаға,
аса алмай
жаға-жардан жатырмысың?!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Ақжайық өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Ақжайық