Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Менің жолым) » ZHARAR © 2016 | ерлан жүніс Менің жолым өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Менің жолым




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Менің жолым)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Менің жолым) казакша Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Менің жолым) на казахском языке

Мойнына бұршақ сап тілеген даланың тұңғышы,
Мен емес шығармын,
Киелі қандағы қасиетті өрліктің үлгісі,
Мен емес шығармын,
Ұлы түз, о, сен деп ұлыған бөріде абадан,
Мен емес шығармын,
Қазан ат – қан кешкен ғасырдың өтінде жараған,
Мен емес шығармын,
Тәңір көк еркесі – қыранның шаңқылдақ жалғызы,
Мен емес шығармын.
Алаулап атқан таң шапағы жүректей алқызыл,
Мен емес шығармын.
Білмеймін,
Бұл кәрі далалық тәкаппар жас халық
Менен не күтеді?!.
Білерім:
Мен үшін барлық жол қазақтан басталып,
Қазақпен бітеді!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 95
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .