Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Тіршілік тіректері) » ZHARAR © 2017 | ғафу қайырбеков Тіршілік тіректері өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Тіршілік тіректері




  • »

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Тіршілік тіректері)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Тіршілік тіректері) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Тіршілік тіректері) на казахском языке

Ақынның өлең-жыры - өмірлесі,
Емес ол ойнай салар көңілдесі.
Отына ғашықтықтың күйеді олар
Сүйеді бірін-бірі қалмай есі.
Дүниеге нұр сәулесін жаяды олар,
Сырлары сонда әмбеге аян болар,
Жаны ашып бір-бірінің саулығына,
Мүсіркеп, бірін-бірі аяр болар.
Нақсүйер, өмір-серік жарыңды еске,
Түсірер, бақытыңмен барыңды еске.
Тек осы ақын үшін өлең ғана,-
Осыны білмегеннің бәрі кеще!..
"Жоқпын" деп өлең болса, айтпас ақын,
Өзгедей бақыт жолын бақпас ақын.
Бақыты өлеңі боп коса туған,
Зардабын жалғыздықтың тартпас ақын.
Тамаша айтып кеткен оны Мағжан,
Ұмытпас ақыл, есі, ойы бар жан.
Сөз еді ол өзге емес, өзіне айтқан,
Бағасын дүниенің көріп арзан.
Сондықтан жұбатқан ол мұңды жанын
Жырымен тарқатқанда шын құмарын.
Сыймады жер бетіне көк перзенті,
Баянсыз көп қызықтың қиды бәрін
Болжады даласында аз қонысты,
Қаңқылдап аспанында қаз боп ұшты,-
Кетті ол сол ұшқаннан қайтып қонбай,
Ақымақтар өлтірдік,- деп мәз болысты...


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 92
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .