» » » Өлең: Қалижан Бекқожин (Ақын кегі)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Ақын кегі)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Ақын кегі) казакша Өлең: Қалижан Бекқожин (Ақын кегі) на казахском языке
Лапылдады жанды кегім,
Жанымда ыза, көзімде жас.
Өлді ақын — ардагерім
Өлтірді жау сұм есуас.
Отқа түсті ақын жаны,
Өртеді жас, есіл боздақ,
Ұлы түтін — ащы зары
Кетті іштегі кекті қозғап.
Жаны сәби, әншіл бөбек,
Еркеледі - ау дүниеге аз?
Ақын еді туған бөлек —
Жастай өліп кетті-ау, сабаз!
Күйді өлеңнің қызғалдағы,
Жанды гүлі аяп алар.
Толмай сенді қызған шағы
Бітпей қалды поэмалар.
Поэзия түлегі еді,
От жүрегін ән билеген.
Өр көңілі, тілегені:—
Көркейсе өмір, ән, күй деген.
Қызыл жалын аймалады,
Ажал оты маздады да;
Өрт жіберді аямады,
Поэзия боздағына.
Ашуменен елемеген,
Денесіне тиген отты,
Кеудедегі ызаменен
Дұшпанына жаудырды оқты.
Кетерінде дүниеден
Албырт ақын шығарды өлең.
Өлең айтса, ән шырқаса,
Ойында жоқ өлім деген:
«Ей есуас, жер жебірі,
Ат денемді, ерте мейлің,
Артымда елең қалса тірі
Мен жасаймын, мен өлмеймін.
Жаңа дүние аспанында,
Самғап ұшар жас өлеңім,
Шаттықпенен жас жаныма,
Ән шырқаса, неге өлемін!»
Соны айтты да құлады ақын...
Маздаған от бірге сөнді,
Қара түнек жамылды түн,
Бей уақытта ақын өлді...
...Мұңаймаңдар, жас достарым,
Қайғырма, сүйген жары.
Тірілтеміз өлеңменен
Жоғалмайды ақын жаны.
Кек күйігі отты өлеңдер,
Кеудемізден лаулап атты.
Өткір найза, ажал оқтай,
Тиді барып жауға қатты.
Сәби ақын жендеттері,
Кек отына тұншығады,
Жоғалады улы тұман,
Жарқырайды, күн шығады.
Жаңғырығар сонда жас үн,
Қозғар ойды қалжыраған.
Сонда көзден тия жасын,
Дос пен жары қан жылаған.
Ақын шығар жанған оттан,
Оянар да шаттық үнмен,
Керер досты ойнап-күлген,
Құшақтасар тәтті өмірмен.
Қайғырма, дос пен жары,
Ән бөбегін, әлдилеген
Тірілтеміз сәби жанды,
Көтереміз ән-күйменен!

Автор: nurgul95 | 108 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүниеге ақын келгенде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүниеге ақын келгенде)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Есілге)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Есілге)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақынды ақын оятпаса, болмайды)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақынды ақын оятпаса, болмайды)
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ақын)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Ақын)
Қазақша өлең: Рахат Абдрахманов (Ақын мен жұлдыз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Рахат Абдрахманов (Ақын мен жұлдыз)
Өлең: Қасым Аманжолов (Ақын ажалы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қасым Аманжолов (Ақын ажалы)
Қазақша өлең: Шерхан Талап (Ақын-ғұмыр)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шерхан Талап (Ақын-ғұмыр)
Қазақша өлең: Көтеш ақын (Абылай, Ботақанды сен өлтірдің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Көтеш ақын (Абылай, Ботақанды сен өлтірдің)
Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Поэзия маршалы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Поэзия маршалы)
Шығарма: Қазақ аспанында - Қасым рухы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қазақ аспанында - Қасым рухы
Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)
Тақпақ: Ақын болам
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Ақын болам
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Көңіл айтқаны)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Көңіл айтқаны)
Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Менің қызметім)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Менің қызметім)
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Дүние деген шолақ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Дүние деген шолақ)

KZ / Өлеңдер жинағы, қалижан бекқожин Ақын кегі өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Ақын кегі, қалижан бекқожин Ақын кегі өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша қалижан бекқожин өлеңдері калижан беккожин олендери калижан беккожин стихи на казахском Ақын кегі, Өлең: Қалижан Бекқожин (Ақын кегі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке