Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Еске алу) » ZHARAR © 2016 | еске алу өлең жолдары, еске алу тілектер,еске алу создер, еске алу сөздері , ғафу қайырбеков Еске алу стихи өлең гафу каирбеков олен казакша,




  • »

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Еске алу)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Еске алу) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Еске алу) на казахском языке

Әке деп жүргенімнің аға екенін
Мен сәби есейгесін білдім кейін.
Қаз тұрып жаңа ғана бассам керек
Кеткенде әкем тастап жер мекенін:

Үйретті ағам маған өмір атын,
Мол сапар, оған барар жолдың сәтін.
Үйретті қуанышын, өлеңін де,
Мен, бәлкім, содан бастап болдым ақын!

Үйретті ол, ол - қадірлі жолдас еді,
Жанының жалғыз бауыры олжасы еді.
Бір ғана үйретпеген нәрсесі оның –
Қасірет, қайғы - уайым, көз жасы еді.

«Қош» деді зор майданға сапар шекті,
Көп нәрсе айтар ма еді, айтпай кетті.
Сендім мен, жеткіншегін жылатпауға
Көңілінде бірге аттанды берген серті.

Оралмай қалды ол елге қайтып содан...
... Аңыз бар жеңді деген ажалды ағам...
Жылауға еш мүмкіндік бермей өткен
Дүниеде содан қымбат кім бар маған?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 067
Рейтинг:
(голосов: 7)

.

. .