Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Бойдақтың Анасына жазған хаты) » ZHARAR © 2017 | Жандарбек Жұман Бойдақтың Анасына жазған хаты өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском языке , казакша олендер




  • »

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Бойдақтың Анасына жазған хаты)

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Бойдақтың Анасына жазған хаты) казакша Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Бойдақтың Анасына жазған хаты) на казахском языке

Менде бәрі тамаша, алаңдама,
Біраз нәрсе үйретті маған қала.
Сағаттардың сырғуы себеп болып,
Тәмамдауда оқуын балаң,мама!

Жаңа саты.Жаңа күн.Жаңа ғұмыр,
Жар іздеп ем төгетін жанары нұр.
Әлі үзбеп ем үмітті...жан табылды,
Жүректегі жазалар жараны бұл.

Көргенім жоқ: ұрысын, түк шатағын,
Дәл өзімдей қуанад, шықса атағым.
...Сұлулығын, мінезін қарап тұрып-
Әкемнің әйеліне ұқсатамын!

Сырларымды қайтемін ішке бекіп,
Той жасауға дайындал «кішкене» етіп.
Тағдырыма бір қызды кіргіздім мен,
Мерейімді жүретін үстем етіп.

Жүрегіме ол жанды салып қойдым,
Жетегінде кетпеспін қауіпті ойдың.
...Әкеме өзің айтарсың түсіндіріп,
Екеуіңе ақ келін тауып қойдым!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 346
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .