Жандарбек Жұман (Ешкімді де аямайды мына әлем...)

 Жандарбек Жұман (Ешкімді де аямайды мына әлем...)

Ешкімді де аямайды мына әлем,
Ешкімді де жұбатпайды бұл нарық.
Күнәлар көп, жасалатын дұға кем,
Қу тірлікке қарап тұрсам шын бағып.

Қиналады бұқара жұрт қашанғы,
Жанарға жас, кірпікке мұң тағы ілдік.
Сый-құрмет те, әрекет те-жасанды,
Шынайылық,қайдасың сен?! Сағындық.

"Қанша бердім, қанша берді, берген бе?"
Есеп-қисап қатырады басты көп.
Боямасыз, шын мәніне келгенде,
Бұл заманның ақылдысы-тас жүрек!

Жаңа ғасыр, жаңарған ғой көне бел,
Өз-өзімен алысатын күн бүгін.
"Көк бөрінің ұрпағымыз"-деген ел,
Қу түлкінің жасап жатыр тірлігін.

Кімге керек бірақ менің зарлы үнім?
Уақыт-емші. Керек боп тұр нақ сабр.
Ей,сен ӨМІР, адамдардың барлығын,
Жылауық қып бітірдің ғой,бәтшағыр!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі