Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Айбүбі немереме) » ZHARAR © 2017 | Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Айбүбі немереме өлең олен Тыныштыкбек абдикакимов стихи на казахском, Айбүбі немереме, немере туралы өлеңдер, немерем өлеңі, стихи на казахском языке о внуке




  • »

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Айбүбі немереме)

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Айбүбі немереме) казакша Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Айбүбі немереме) на казахском языке

Бұл Атаң, өскен адам Түз көшінде,
Еліне бақ пен дәулет іздесін тек.
Көтерем Көкке сені,
Жан-Дүниеңе
Жалғанның көлеңкесі түспесін деп.

Пейіштің аспанындай ашық-тұнық,
құдай-ау, бұл неғылған ғашық қылық:
алыстан аңсаймын да мен өзіңді,
сағынам, бауырыма басып тұрып!

Ажалдан қорқып-үрку, сірә, қате-ай,
Күн анау жайнап тұрған, мына бәт Ай!..
Төбеңнен иіскей қалсам,
қош нұрыңнан
Ақылым түшкіреді!.. рақаты-ай!..

Құлыным, Жаным - арша, тәнім - борша
болармын - сен өмірді танығанша.
Не керек, айтшы маған,
жарып алып
берейін, жүрегімнің дәні болса!..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 357
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .