Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аңса, жаным) » ZHARAR © 2017 | мұқағали мақатаев Аңса жаным өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аңса, жаным)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аңса, жаным) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аңса, жаным) на казахском языке

Мен тілейін.
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсылық орнасын де жер бетіне.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
Мен аңсаймын.
Сен-дағы аңса жаным:
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын.
Аңса, жаным,
Зарығып, шарша, жаным,
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың.
Аңса, жаным!
Мен сағынам.
Сен-дағы сағын жаным,
Адамнан тек жақсылық табылғанын,
Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың,
Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын.
Көңілім болса-дағы қанша жарым,
Солармен білінбейді шаршағаным.
Жақсыдан жайлап ескен жан-самалын,
Жабықпай аңса жаным,
Аңса, жаным!..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 9 490
Рейтинг:
(голосов: 9)

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .