Мұқағали Мақатаев (Күн ұшып келе жатыр)

 Мұқағали Мақатаев (Күн ұшып келе жатыр)

Таң атып келе жатыр,
Қарсы ал, жаным!
Қарсы ал, жаным!
Қанып іш таң саумалын.
Кешегі өткен күнмен өртеп жібер,
Өткерген өкініштің бар салмағын.

Ай, жұлдыз абыр-сабыр араласып,
Түн кетті шымылдығын ала қашып.
Жарқын өмір жарықсыз қалды ма деп,
Күн ұшып келе жатыр,
Далаға шық.

Терезеңді аш,
Ақ сәуле үйіңе енсін.Үйіңе енсін,
Жаныңның күйі келсін.
Іздеме көйлегіңді күн сыйлаған,
Шуақтың нұрыменен киінерсің.

Шашыңды желпігенде аймалап нұр,
Ақ сәуле ақ жүзіңде тайғанап жүр.
Арланбай ақ төсіңді ашып таста,
Айдынында қанатын жайған аққу,
Арманымен қосылсын аймалап бір!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?