Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым)

Басқаным ба аяғымды шалыс тым,
Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым.
Сағындырды ма екен, шіркін, білмедім
Сонау, сонау артта қалған алыс күн?..
Не болды енді дейсіңдер ме аяғы?
Айтылмады -айтылған сөз баяғы.
О басында менің мөлдір сезімім
Нәзік гүлге бақ тіледі, аяды.
"Сыңармын" деп айтып қалдым байқамай,
Жұп болғалы жылдар өткен, Ай талай.
Желік жеңсе - дауыл болып кетер ем,
Тындым іштей, тұнық көлді шайқамай.
Әнім бе екен күдік -тоңды жібіткен,
Қара көздер мөлдірейді үмітпен.
Жан көктемі ақ шуағын төгеді,
Не күтті екен мендей "бойдақ" жігіттен?..
Аңсатса да оралмайтын шат күндер,
Мен емеспін енді қызға пәкпін дер.
Ғұмырыңа тек тәттілік тілеймін,
Маған кештеу ұшырасқан ақ гүлдер!
Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым.
Сағындырды ма екен, шіркін, білмедім
Сонау, сонау артта қалған алыс күн?..
Не болды енді дейсіңдер ме аяғы?
Айтылмады -айтылған сөз баяғы.
О басында менің мөлдір сезімім
Нәзік гүлге бақ тіледі, аяды.
"Сыңармын" деп айтып қалдым байқамай,
Жұп болғалы жылдар өткен, Ай талай.
Желік жеңсе - дауыл болып кетер ем,
Тындым іштей, тұнық көлді шайқамай.
Әнім бе екен күдік -тоңды жібіткен,
Қара көздер мөлдірейді үмітпен.
Жан көктемі ақ шуағын төгеді,
Не күтті екен мендей "бойдақ" жігіттен?..
Аңсатса да оралмайтын шат күндер,
Мен емеспін енді қызға пәкпін дер.
Ғұмырыңа тек тәттілік тілеймін,
Маған кештеу ұшырасқан ақ гүлдер!
Автор: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ | 1 218 | 26.05.2015
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Байқамай)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Ауыл кеші)

Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңес жинағы
Қызбен қалай танысу керек?

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Тәттілігі татима тамсануға?)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Жүрегім сені ойласам - тулар бірден)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Мазалап кеттің, япыр-ау)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Қанша қызбен кездестім?)

Анекдоттар мен әзілдер жинағы
Қазақша Анекдот: Бойдақпын ғой!