Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күннің көзі жарқ етсе...) » ZHARAR © 2016 | гүлнар салықбай Күннің көзі жарқ етсе өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском ,гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы




  • »

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күннің көзі жарқ етсе...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күннің көзі жарқ етсе...) казакша Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күннің көзі жарқ етсе...) на казахском языке

Асылынан жерініп,
Айдалаға анталап.
Қу кеңірдек емініп,
Екі көзі қанталап.
Адал көрсе, жаңқалап,
Арам көрсе алқалап,
Күннің көзі жарқ етсе,
Қол жеткенше қалқалап...
Өзі отырған ағаштың
түбін кесіп, балталап...
Бір жындыға мың жынды
жиып берген шартарап
Қай бетімен бұларды
көтеріп жүр арқалап?!
...көрсоқырға қор болған қайран біздің нар талап...

Алақанға түкіріп,
Бірін бірі қаумалап.
Сужыландай сумаңдап,
Пайда көрсе, саумалап.
Қоқиланған болады
Жан-жағынан жау қарап.
Жаман-жұтық шірігін
Таратып жүр саудалап.
«Биігіңнен адасып, ақ қанатым, талмалап»,
Арасында жүрерсің амалсыздан аллалап.

Бір-біріне сүйініп,
Бір-біріне иіліп,
Барлығы бір балшықтан жасалғандай құйылып.
Қызыл-жасыл киініп,
Білгенімсіп бұйырып,
Үргенімсіп, үйіліп,
Құмнан асқар тау болмас қанша жерден жиылып.

Надан шықса төбеге, құтырады мың надан.
Надандардан тұратын сияқтанып бұл ғалам.
Өмір сонда осылай өтер ме екен зырлаған –
Бәлекеттен арылмай жүрегімді тырнаған...



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 339
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .