Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Көз) » ZHARAR © 2016 | асылзат арыстанбек Көз стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Көз




  • »

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Көз)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Көз) казакша Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Көз) на казахском языке

Үш көзім бар, дір етпе,
Екі көзім маңдайда, үшіншісі – жүректе.

Екі көзім көре көзге алдайды,
Кешіп өмір мәз әнін.
Үшіншісі көргенінен танбайды,
Жүрек нені көрсе, соны жазамын.

Иә, солай, үш көзі бар кісің мен!
Кей маңдайдан екі көздің орнынан,
Екі безді көремін мен ісінген.

Көз қуанса, көңіліңнің жуылады кірі кей.
Кейбіреудің екі көзі – екі көр,
Жұтады да жібереді тірідей.

Көз көрместі көргенімен жүрегі,
Үндемейді. Қақпан дей ме құрулы.
Кейбіреулер жалғыз көзбен жүреді,
Оның өзі жұмулы!

Иә, ол да жұмулы, соқыр қоғам сорын-ай,
Жалғыз көзбен қарау қайда жаһанға,
Құнанбайдың құдіреті дарымай.

Бас болған соң көз болуы заңдылық,
Адамизат табиғатқа телиік,
Бірақ мынау бассыз елде қаңғырып,
Көзсіз бастар бара жатыр көбейіп!

Сабыр, сабыр, жүрек-көзім кектенбе!
Астафралла!
Ал мына бір адамның
Басы түгел ауыз болып кеткен бе?!

Түрі жоқ қой кілең көзден арланар,
Дүниенің шындығы мен сұмдығын,
Ауызымен көре ме екен сонда олар?

Құбыжықтай басқа біткен құлқыны,
Көмей текті аңырайған ауызға,
Көзілдірік кигені де күлкілі.

Ол ауыздың іші боқтық, салақ тіл,
Мына бастың көзі түгел болғанмен,
Екі көзі екі жаққа қарап тұр.

Қайран қазақ, өзді өзін алдаған,
Құлыншақ қыз қадап апты көзмоншақ,
Кімнің көзі тиеді екен сонда оған?

Көзмоншағы күннің нұрын қарығыр,
Көзсіз бастар көріктінің бәріне,
Көңілдес деп қарайды ғой бәрібір.

Айналамда кілең соқыр, қырт-қамау,
Шамасы:
Бірін бірі көзге шұқып құртқан-ау.

Осы шығар көр-ақырдың жеткені,
Өз өзінің көзін шұқып, көк көз бен
Қысық көзге құл болғаны неткені?!

Қасіретті, адамзаттың соры нақ,
Ақиқатты көргің келсе, ей, соқыр,
Жүрегімді берер едім ойып-ақ!

Осы менің көргенім,
Екі көздің көргені сол – дарақы,
Өз көзіме өзім сенбей, жүрегіммен қараймын,
Ал жүректің көргені – одан өткен сорақы!

Көзсіз өмір өмір дейді сайтаным,
Сайтаныңды енді қалай жеңесің.
Илана алмай Иллаһымды айтамын,
Төбемізден КӨЗ қарап тұр дегесін!

P. S. Ал Сізде Көз бар ма?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 110
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .