Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жығылды көзім...) » ZHARAR © 2017 | гүлнар салықбай Жығылды көзім өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском ,гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай




  • »

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жығылды көзім...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жығылды көзім...) казакша Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жығылды көзім...) на казахском языке

Жығылды көзім –
нұр күткен,
Соқпағым мынау –
ілбіткен...
Құлады басым құлазыған кеудеме
тірліктен.

Суындым –
қаңтардың қара тасындай,
Күлкім –
сараңның құйған асындай.
Үзілді адасқан ойларым
құлдың құнсыз басындай.

Білдім
тірліктің түпсіз қуысын,
Күлдім
күлмеңдегенге күні үшін.
Тұрмын
Тұрақсыз құмның үстінде,
Әй, құрысын...

Қалдым
шашудай жерде шашырап.
Өмір –
тастан да гөрі тасырақ...
Ырсылда пайда қуалап,
Бәрің бір қулық асырап...



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 370
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .