Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тереземнің ағарып ар жағы әлі...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тереземнің ағарып ар жағы әлі...) казакша Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тереземнің ағарып ар жағы әлі...) на казахском языке

Тереземнің ағарып ар жағы әлі
Бүгін тағы түсімде қар жауады...

Қармен бірге қалықтап, ұшып жүрем,
Ұшып жүріп, көп жайды түсіндірем.

Терезелер жанымды ұғар ма екен...
Шынымды айтсам, шытынап, сынар ма екен?!

Арындаған ауыздай сандырақтап,
Ән салсам ба ең биік тауды мақтап...

Қармен бірге мен дағы қонар ма екем,
Қара жерде қалтырап, тоңар ма екем...

Табандарға көрініп ақ қар бөтен,
Қаршылдатып, қағынып, таптар ма екен?!

... Тереземнің қап-қара ар жағы әлі –
Бәлкім бүгін түсімде қар жауады...



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, гүлнар салықбай Тереземнің ағарып ар жағы әлі өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском, , Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тереземнің ағарып ар жағы әлі...), Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тереземнің ағарып ар жағы әлі...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com