Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Қар жауып тұр құйылып, түйдектетіп....) » ZHARAR © 2016 | гүлнар салықбай Қар жауып тұр құйылып түйдектетіп өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском ,гүлнар салықбай өлеңдері




  • »

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Қар жауып тұр құйылып, түйдектетіп....)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Қар жауып тұр құйылып, түйдектетіп....) казакша Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Қар жауып тұр құйылып, түйдектетіп....) на казахском языке

Қар жауып тұр құйылып, түйдектетіп,
Ағындатып, қалықтап, билеп кетіп.
Қар жауып тұр,
Қайнаған тіршіліктен
Қайта-қайта көзімді сүйреп кетіп...

Жақындаса жауратар жанын ашып,
Қар жауып тұр жарысып, жамырасып.
Ағаш қана серейіп, селт етпейді,
Көкірегі көктемге әлі ғашық.

Қар жауып тұр бұрқырап, бұраңдасып,
Қара жерге лап қойып, ұрандасып.
Көшедегі көліктер шыңғырады
Абайсызда алғандай жылан басып.

Қар жауып тұр қараны бүркемелеп,
Ұшып келе жатқандай мың көбелек.
Қар астында бәйшешек гүлін ашса,
Кетер ме екен кеміріп бір кемелек...

Төтелетіп, төменге жол алғандай
Қар жауып тұр.
Ерісе, обал қандай...
Арманымның адасқан шағаласы
Отанына сағынып оралғандай.

Қар жауып тұр қанатын желбіретіп,
Еркелетіп көңілді, елжіретіп.
Көз алдымнан осы бір әппақ әлем
Қалмаса екен, шіркін-ай, енді кетіп...



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 589
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .