Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жапырағың жайқалып, шақырып ең, Алматы...) » ZHARAR © 2017 | гүлнар салықбай Жапырағың жайқалып шақырып ең Алматы өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском ,гүлнар салықбай




  • »

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жапырағың жайқалып, шақырып ең, Алматы...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жапырағың жайқалып, шақырып ең, Алматы...) казакша Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жапырағың жайқалып, шақырып ең, Алматы...) на казахском языке

Жапырағың жайқалып,
шақырып ең, Алматы,
Ақындарға таусылмас тақырып ең, Алматы.
Арығыңда қалтылдап ағып бара жататын
Ат басындай алмаңнан татырып ең, Алматы...

Таза-ақ едің, Алматы,
Ғажап едің, Алматы!

Жасыл бағы жанымды көрікті еткен Алматы,
Тумаса да туғандай болып кеткен Алматы.
Сары күзге малынып,
сағынудан жалығып,
күндерімнің куәсі - өліп кеткен, Алматы.

Таза-ақ едім, Алматы,
Ғажап едім, Алматы!

Тасқа шаншып қоя алсаң, таяқ өнер Алматы,
Қыр қазағы қызығып, сая көрер Алматы.
Қарт Алатау қабағын жадыратып жатсын деп,
Жасаған да қалмаған аяп өнер Алматы.

Балаң едің, Алматы,
Дарам едің, Алматы.

Көктем келсе, көрінбей, гүлге айналған Алматы,
Төбесінен кете алмай, күн байланған Алматы.
Сен едің ғой ертегім шынға айналған, Алматы....
Өмірімнен аумайсың мұңға айналған, Алматы.

Балаң едім, Алматы,
Дараң едім, Алматы...

Бір едің ғой, Алматы,
Жыр едің ғой, Алматы.
Ертегінің соңындай тірі едің ғой, Алматы...



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 982
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .