Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Сүюді бақыт дейтіннің бәрі...) » ZHARAR © 2017 | асылзат арыстанбек Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Сүюді бақыт дейтіннің бәрі...




  • »

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Сүюді бақыт дейтіннің бәрі...)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Сүюді бақыт дейтіннің бәрі...) казакша Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Сүюді бақыт дейтіннің бәрі...) на казахском языке

Сүйіп те тұрып, сүйікті болып,
Сетінеп жаным, шерленем,
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,
Әлі де сүйіп көрмеген.

Адасып барып, таласып-талып,
Сүрініп, сосын, ес кірді.
Адамның нағыз бақытты шағы –
Сүймеген кезі ешкімді.

Жылынып барып, жұлынып-жарып,
Жүрек көзінен жас тамад.
Махаббат оты тұтанған күннен,
Бақытсыздықтар басталад.

Көрінбес көзге елесті қуып,
Көңілді, сосын, бір демдер.
Адамның бәрі сүйіскен сәттен,
Бақытын іздеп жүргендер.

Санасы әбден ескірген деме,
Санама жасық, пасыққа.
Бақытты болғың келсе егер, досым,
Сүюге онда асықпа!

Адастым дей бер, адамның бәрі,
Бақытқа сендей асыққан.
Бақыттымын деп айтпайды бірақ,
Себебі, олар – ғашықтар!

Өзім де – тұтқын, шыға алмай келем,
Жүректей жұқа бөлмеден.
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,
Ешқашан сүйіп көрмеген.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 516
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .