Бақыт деген - Мұқағали Мақатаев

Бақыт деген - Мұқағали Мақатаев

«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»

Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 10
  1. Хуйня пернделывай
    0 + 2 -
    Хахах
  2. Оқырман Алихан
    Оқырман Алихан 14.03.2025 09:56
    1 + 2 -
    Өте әсерліуөлен соғыс кездер есыме түсіп кетті сонау 1939 жылы осы оленды айтып тәуелсіз кезді ансайтын едік
    1. Оқырман Алихан
      Оқырман Алихан 14.03.2025 10:03
      3 + 1 -
      Ия соны айтам
  3. Jahan Taurbaev
    Jahan Taurbaev 10.01.2020 20:36
    6 + 2 -
    бақытыңды іздей берме атшаптырып. Бақытыңды қоярсың ақсақ қылып дейтін кімнің өлеңі?
  4. Жанель Абдрасилова
    2 + 1 -
    Оооо құдыреткен жеймекен! Керемет
  5. Мерей Рысмаганбетова
    2 + 1 -
    керемет
  6. Динар Аленова
    Динар Аленова 13.02.2016 11:21
    2 + 1 -
    ????????????????✌????????
  7. Динар Аленова
    Динар Аленова 13.02.2016 11:20
    5 + 2 -
    ия тамаша
  8. Орынбасар Қуанышұлы
    1 + 3 -
    Керемет екен.
  9. Аймарал Ержанкызы
    1 + 4 -
    Оте жаксы