Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Бақыт деген...) » ZHARAR © 2017 | бақыт туралы өлең , Танакөз Толқынқызы Бақыт деген өлең олен стихи на казахском танакоз толкынкызы , танакөз толқынқызы өлеңдері, Танакөз Толқынқызының өлеңі, танакоз толкынкызы стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Бақыт деген...)

Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Бақыт деген...) казакша Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Бақыт деген...) на казахском языке

Сіз жай ғана әлеміме еніңіз,
Дәл мендей боп тарылады деміңіз.
Қайраңдағы қайран балық тұншығып,
-Өлдім!-десе, шын айтады ол, сеніңіз.

Бірінші боп хабарлашы көктемді.
Құтқарып қал ой түбіне шөккенді.
Бірінші боп «Қайырлы таң!» - дей салшы,
Керегі жоқ көп нүкте де, көп белгі.

Қарда өскен бәйшешекті қолда шын,
Ерте оянған, еркелік-ау, тоңбашы.
Бақыт деген таудай шығар деп жүрсем,
Бақыт деген нәрсе екен ғой болмашы.

***

Сен несіне мені сонша әуре еттің?
Әлеміңе мас боп кіріп, сау кеттім...
Сені сүйген мына жүрек жау маған,
Мен өзіме өзім келген нәубетпін.

Бұлтыңменен будандасып ұшқанмын,
Қадалмашы кірпігіме құшқан мұң.
Құстардың да құштарлығы қасірет,
Мен өзіме сенен де өткен дұшпанмын.

Ұшу үшін жаратылған құс едім,
Шырғаңызға өзім келіп түсемін.
Құса емін таба алмадым сондықтан,
Өзіңізді у секілді ішемін...

Мұңды желді босатайын еркіне,
Мұңды жырды босатайын еркіне
Аз ғана сәт аялдай гөр дертіме,
Аялдашы өзің қойған өртіңе...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 792
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .