Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мені сонша Тәңірге жақындатты...)

Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мені сонша Тәңірге жақындатты...) казакша Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мені сонша Тәңірге жақындатты...) на казахском языке

Ақтар дағы жанымды жайып... түсін...
Толқын – тағдыр сынайды қайық күшін.
Ғайып құсым, сипайын маңдайыңнан
Сипайыншы... сен оған лайықтысың.

Бар екенсің! Мен соған шүкір дегем.
Сезімімді қайтейін шүпірлеген?
Мен – сен үшін Өлеңмін ең әдемі!
Сен – мен үшін Өмірсің лүпілдеген!

Сен де мендей: Жіберме! Алып қал!- де.
Сүйкімді боп көрінер ғаріп хал де...
Мен сен үшін – мәңгілік сағынышпын
Сен – мен үшін ең соңғы жарық сәуле!

Зарықтырды. Күттірді. Лапылдатты.
Өкіндірді... Өксітті... Мақұлдатты...
Сізге қарай ұмтылған әр сезімім
Мені сонша Тәңірге жақындатты...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, Танакөз Толқынқызы Мені сонша Тәңірге жақындатты өлең олен стихи на казахском танакоз толкынкызы, танакөз толқынқызы өлеңдері, Танакөз Толқынқызының өлеңі, танакоз толкынкызы стихи на казахском, Танакөз Толқынқызы Мені сонша Тәңірге жақындатты өлең олен стихи на казахском танакоз толкынкызы, танакөз толқынқызы өлеңдері, Танакөз Толқынқызының өлеңі, танакоз толкынкызы стихи на казахском, Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мені сонша Тәңірге жақындатты...), Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мені сонша Тәңірге жақындатты...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке