Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Кешірдім...) » ZHARAR © 2016 | Танакөз Толқынқызы Кешірдім өлең олен стихи на казахском танакоз толкынкызы , танакөз толқынқызы өлеңдері, Танакөз Толқынқызының өлеңі, танакоз толкынкызы стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Кешірдім...)

Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Кешірдім...) казакша Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Кешірдім...) на казахском языке

Ту сыртымнан атқандарды кешірдім,
Сырт айналмай сатқандарды кешірдім.
Түнегіңді жарығыммен өшірдім,
Кешірімнен күн сәулесін өсірдім.

Талантымды кешпегенді кешірдім,
Күнге қарап өспегенді кешірдім.
Кешірімнен сағы сынар кесірдің,
Кесірден де көшсін дедім кесір мұң.

Аққа күйе жаққандарды кешірдім,
Күннен де дақ тапқандарды кешірдім.
Қап-қараның салшы десе суретін
Қап-қарадан аппақ сәуле көшірдім.

Өз отына өзі күйген ғаріп көп,
Бәрімізді сыйдырып тұр алып Көк.
Қараңғымен алыспаймын қарайып,
Мына ғалам қалу үшін жарық боп.

***

Қалып қойсын елеусіз қуыста мұң,
Жарықтық Күн! Жалғызым! Туысқаным!
Қанатыңның суырып күміс талын,
Шашып ойнап, сәулеңді уыстадым.

Маң-маң басып, жай ғана момын күліп,
Шуағыңа жібердің шомылдырып.
Мені қалай ояттың көңілді ғып?
Тереземнен жатқандай Өмір кіріп.

Жарықтық күн! Жалғызым еркелеген!
Жылуыңмын мен сенің, желкені- өлең.
Күнде-күнде жазылған әр өлеңмен
Әлеміңе бір шуақ ерте келем,
...және Күндей өзімді өртеп өлем...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 635
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .