Қазақша өлең: Крылов Иван (Шегіртке мен құмырсқа) [Абай аудармасы] » ZHARAR © 2017 | абай аудармалары крыловтан, абай құнанбаев аудармалары Крылов Шегіртке мен құмырсқа аудармасы аудармалары , стихи абая кунанбаева на




  • »

Қазақша өлең: Крылов Иван (Шегіртке мен құмырсқа) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Крылов Иван (Шегіртке мен құмырсқа) [Абай аудармасы] казакша Қазақша өлең: Крылов Иван (Шегіртке мен құмырсқа) [Абай аудармасы] на казахском языке

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 7 254
Рейтинг:
(голосов: 9)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .