» » » Өлең: Абай Құнанбаев (Бақа мен өгіз)

Өлең: Абай Құнанбаев (Бақа мен өгіз)

Өлең: Абай Құнанбаев (Бақа мен өгіз) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Бақа мен өгіз) на казахском языке
Қарасаң, тым-ақ көп
Көре алмас іші тар.
Несі артық, бізден деп,
Салыспақ жұрт та бар.

Су ішкелі бір өгіз
Барып еді бұлаққа.
Бақалар қорқып, тарбақтап
Қашып шықты әр жаққа.

Бақаға өгіз таумен тең,
¥шып кетті зәресі.
Мақтаншақтың, сен көрсең,
Бақада екен төресі.

Өз-өзінен бір бақа
Күшенді де, бөртінді.
Қарны үлкейді қампайып,
Өгіздей болам деп ісінді.

Қасындағы жолдасқа
"Қарашы,— деді,— сен бізге!
Қиын ба екен үлкею,
Жеткем жоқ па өгізге?"

"Ісіндің, кебіндің,
Сонда да не пайда?
Түрі жат өгіздің,
Сен қайда, ол қайда?"

Күшенді кеп кіжініп,
Келгенінше шамасы,
"Өстім ғой"— деп ісініп,
Дейді: "енді бір қарашы!"

Қарады да,— "Дәнеме
Болған жоқ қой, қой!"— деді.
Қызып алған антұрған
Айтқан сөзге көнбеді.

Ыңқыл қағып, тыпырлап,
Күшенді де, бөртінді.
Іш жарылды сытырлап.
Мақтанам деп өзі өлді.
Таласпа, жаным-ай,
Қолыңнан келмеске.
Боларсың бақадай,
Көп түссең егеске

Автор: nurgul95 | 1 057 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Бақа мен өгіз өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Бақа мен өгіз, абай құнанбаев Бақа мен өгіз өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Бақа мен өгіз, Өлең: Абай Құнанбаев (Бақа мен өгіз) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке