Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Әдемі әйел) » ZHARAR © 2017 | алмас темірбай Әдемі әйел өлең адеми айел алмас темирбай олендери, алмас темірбай өлеңдер, алмас темірбай өлеңдер жинағы, алмас темірбай өлең, алмас темирбай олендери, алмаз темирбаев стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Әдемі әйел)

Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Әдемі әйел) казакша Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Әдемі әйел) на казахском языке

Жаңа жылды жалғыз өзі қарсы алды,
Келмей қойып көптен күткен аңсары.
Көңілдегі көзайымын көрсетпей,
Алдағы жыл алдар екен қанша әлі…

Қашан, қашан қымбаттысы келеді?..
Үш жыл күткен үміті еді ол, себебі.
Қырсыққандай құр кетті ме, «жаңа жыл
Жаңа бақыт сыйласа ғой…» – дегені.

Өзіне-өзі өткен жылы әперген,
Патефонның үні естіліп пәтерден.
Ескі үстелдің үстіндегі үш тал гүл
Жатты солып… ((кеше өзі әкелген)).

Көне сурет күлім қаққан төрдегі,
Көре тұра, оған көңіл бөлмеді.
Кенет, үш тал гүлді жұлды бір-бірлеп,
«Сүйеді, жоқ, сүймейді – деп – ол мені…»

Жаңа жылды тағы жалғыз қарсы алды,
Биыл дағы былтырғыдай… шаршады!!!
Бір мас еркек көше кезіп түнімен
Сол әдемі әйел жайлы ән салды...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 201
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .