Өлең: Жаңа жыл

Өлең: Жаңа жыл казакша Өлең: Жаңа жыл на казахском языке

Қуаныштан гөрі мұңды ой басым,
Безендіріп шыршаларын қоймасын.
Бір ай бұрын жаңа жылды тойламай,
Тәуелсіздік құрбандарын ойласын.

Шыршалардың жарықтарын жақпасын,
Қымбат-қымбат ойыншықтар тақпасын.
Ұмыт қылмай желтоқсанды жас ұрпақ,
Мәңгі бақи естерінде сақтасын.

Тәуелсіздік мерекесін ысырып,
Жаңа жылға төрді берді ұсынып.
Бұл желтоқсан мереке емес негізі,
Дұрыс көзбен қарай білсең түсініп.

Жүрегімде жатыр мұңның тұз дәмі,
Тоңдырады желтоқсанның ызғары.
Аналардың құшағына сол күні,
Оралмады ұлдарымен қыздары.

Жазықсыздан қанша жанды қаматты,
Жазықсыздан көл боп қанша қан ақты.
Ерлігінің арқасында солардың,
Бүгін бізге тәуелсіз боп таң атты.

Сапарбаев Тұрғанбек


loading...


KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, жаңа жыл туралы өлең жолдары, жана жыл туралы олендер, жаңа жыл туралы өлең жолдары жана жыл туралы олендер, Өлең: Жаңа жыл қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке