Өлең: Жалмаңдаған желтоқсан

Өлең: Жалмаңдаған желтоқсан казакша Өлең: Жалмаңдаған желтоқсан на казахском языке

Желтоқсанда қыршын кеткен боздақтар ай
жап жас болып ойнап күлген қозы лақтай,
желтоқсанның жалмауыздай желі келіп
жастарымды мұзға салып жалмағандай.

Қазағымды басқаруға Колбин деген сұм келді
қазақ елі келіспестен бір ауыздан шу етті,
әскер салып жастарымды бәрін таптап аяққа
қазағымды қырып салып желтоқсанда желдетті.

Көсеміміз қазақ ұлты болсын деп
бүкіл қазақ көтерілді дүбірлеп,
жастарымыз бірі қалмай шықты алаңға
сұм жыландай Колбин өзі кетсін деп.

Сұр жыландай жалаңдаған желтоқсан
жұттың өзің жастарымды сен лаң,
сар шұнақтай сары аязда ысылдап
қазағымды зар жылаттын желтоқсан.

Ұл қызымыз лаулады ғой, оттай жанып алаңда
қызыл қанға боялды ғой, қан төгіліп мұзғада,
тәуелсіздік аламыз деп шырылды барлығы
тайсалмады жастарымыз оқпен атып қусада.

Қазағымның ұл қыздары барлығы да ержүрек
желтоқсанда шықты алаңға жас жүрек,
қанын төгіп жанын берді қанша жас
жастарымның жүректері езілді бәрі елжіреп.

Ұл қызыңды малша мұзда сүйреледі
жас жүрекке оқ жаудырып түйреледі,
ар намысын жерге таптап ұл қызыңның
темір торға бәрін салып тепкіледі.

Суығында желтоқсанның,аязында ызғарлы
қазақ жасын қарға аунатып мұздады,
киімдерін шешіп алып аязында жауратып
ұл қызыңның жас жүрегі қатты тағы сыздады.

Қазағымның қаһарманы Қайрат өзі қайсарлы
темір торға тығып оны,жанын тағы қинады,
жазықсыздан жала жауып бәр кінәні өзіне
Қайрат ағам"Атам десең атыңдар"деп жырлады.

Ләззат пенен Сәбирадай қазағымның арулары
желтоқсанда мұз үстінде лаулап жанған батырлары,
нәзік жанды қазақ қызы бола тұра
болашаққа оқтай ұшып жансалмады.

Талай жастар қыршын кетті желтоқсанда
ауырады жүрегіміз боздақтарды ойға алғанда,
болып еді қанша жастың армандары
орындалмай кетті түгел бәрі арманда.

Желтоқсанда жастарымыз шықты жаппай шеруге
тәуелсіздік тұгырына армансыз бәрі жетуге,
жанын түйіп бел байлады қазағымның жастары
ұрпағымен бақытты да шаттық өмір сүруге.

Біздер үшін құрбан болған боздақтарым
сіздер үшін басымды ием мыңда тағзым,
жапа шекті жазығы жоқ қанша жастар
жоқ еді ғой ешкімгеде еш жазығың.

Енді біздер мұндай сұмдық көрмейік
әрқашанда бейбітшілік тыныш заман сүрейік,
ұрпағымыз ешқашанда көрмесін деп сұмдықты
Алладан біз жалбарынып шаттық өмір тілейік!!!

Ерік Еренғазыұлы


loading...


KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, 16 желтоксан туралы олен такпак, 16 желтоксан туралы олен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер 16 желтоксан туралы олен такпак 16 желтоксан туралы олен, Өлең: Жалмаңдаған желтоқсан қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке