ТҮРКІСТАНЫМ - МАХАББАТЫМ. Жібек Искакова


ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз)

И 94

 Құрастырып баспаға дайындаған: Ақын, композитор: Жұпаркүл Бекшораева.

И 94

Искакова Ж

Түркістаным- махаббатым. – Алматы, «Үш Қиян» 2023. – 172 бет

ISBN 978-601-7410-14-8

 Жас талапкер Жібек Искакованың бұл жинағына іріктелген өлеңдері мен ән жазылған өлеңдері еніп отыр. Жинақ үш бөлімнен тұрады.

Әр бөліміне сай өлеңдері топтастырылды.

 Жібек қызымыз өмір құбылыстарын,Отанын, табиғат тылсымдарын, қазақтың кең байтақ даласын шебер суреттей отырып, сүйіспеншілікпен жеткізе білген Көңіл қымбат бөлімінде!Отанға,елге деген махаббатын патриоттық сезіммен шынайы жеткізген. Тәттім-ау бөлімінде бүгінгі жастарға деген мейірімді мөлдірете жырлай отырып, болашаққа барлау жасау арқылы ой желісін шебер бере алған.

 ҮшіншіӘнқанатындабөліміндебелгілі композиторлар өлеңдеріне сай сырлы сазды әндерін төгілте әуелеткен. Әрине, әндері нотамен беріліп отыр!

 Жібек Искакованың өлеңдер топтамасы оқырман қауымға жол тартып отыр.

ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз)

ISBN 978-601-7410-14-8©Искакова Ж., 2023

3

АЛҒЫ СӨЗ

 «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы», — деп ұлы ақын Абай атамыз айтқанындай,қиыннан қиыстырып, айтар ойын тұжырымдап, ұйқасы мен мән-мағынасын келтіріп жазудың өзі бір үлкен өнер деп білемін. Осындай ақындық киелі өнердің есігін ашып, ақындар ортасына қосылып, өзінің дара жолына қадам басқалы отырған Жібек Искакова қарындасыма«Ақындық жолдағы қадамың оң болсын!» деп ақ батамды беремін!

 Жібек қарындасымның өлеңдерін оқып жүрмін, журналменгазеткедешығыпоқырманның назарына ұсынылуда. Өлеңдерінің әр сөзі жүректің төрінен орын алатынына сенімім кәміл. Туған жеріне деген махаббаты, Отанға деген, Анасы мен бауырларына, отбасына деген сүйспеншілігі Жібектің өлең сөздерінен жап-жақсы, айқын көрініс тауып, санаға жетіп тұр.

 «Қазақстан-Отаным” атты өлеңінің өзі қандай керемет,жаныңапатриоттықсезімұялатады. адамға рух береді.

— Ұлдары бар тұлымды, Қызлары бар бұрымды. Елтаңбасын қастерлеп, Биік ұстар туымды, —

 деген өлең жолдары тіптен керемет!Тілге жаттауға да оңай, жүректі тебірентіп жібереді.

 Ал «Ананың мейріміндей мейірім жоқ»деген өлеңінің әрібір сөзі жаныңды тербеп, көз алдыңа анаңның бейнесін әкеліп бір тамаша күй сыйлайды.

4

— Ананың мейріміндей мейірім жоқ, Беретін баласына мейірі көп. Баласы қуанса егер, шаттанса егер, Жүретін гүлдей жайнап, көңілді боп.

 Искакова Жібек Төлбасықызы 1986 жылы 24 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түркістан қаласында дүниеге келген. 1993 жылы №7 Саттар Ерубаев атындағы мектеп-интернатында 4 сыныпқа дейін оқып,5 сыныптан бастап Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шаға округіне қарасты Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағыМолда Мұса мектебінде оқиды. 16 жасында әкесі Төлбасыныңөмірден өткендігіне іштей күйзеліске түскен Жібектіңденсаулығы сыр бере бастайды. 2004 жылы мектепті бітіріп, квота бойынша Кентау қаласындағы медициналық университетіне түскенімен жиі ауруханаға жатып ем қабылдауына байланысты оқудан бас тартуына тура келеді.. Өмірдің қандай сыны болмасын қасқая қарсы алып, денсаулығының жоқтығына қамықпай алға басып келеді. Адымдап өсіп келе жатқан Жібек қарындасым дәрігердердің қарсылығына қарамай 2014 жылдың қараша айында тұрмысқа шығып, өзініңбатылдығыныңарқасында 2015жылы Батырхандай ұлды өмірге әкеледі.

 Айналайын,Жібекжан!Жантербейтін, оқырманның жүрегінежететінөлеңдеріңкөп болсын! Фариза апаңның ізін басып, үлкен ақын болуыңа тілектеспін. Бақытты бол!

 Әбен Муталиев Хамитұлы, «Ғажайып Қазақстан» Республикалық газеті

мен Республикалық «Ғажайып Қазақстан -2050» жұрналының Презитенті. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Шымкент қаласы

5

ЖЫРЛАРЫҢ ЖІБЕКТЕЙ ӨРІЛЕ БЕРСІН!

 ЖібекЫсқақовақазақтыңаяулы қыздарыныңбірі.Қоғамдықжұмыстарда белсенді. Қашан көрсең жанын салып жүреді. Жазушылыққа, ақындыққа жаны құмар. Әдеби, мәдени іс-шаралардан қалмай қатысып, жанкештілігімен жақсылық жасауға ұмтылып тұрады.

 Жібектің бірнеше өлеңдерін оқып көрдім. Тәп-тәуір. Төрт аяғын тең баспай тұрған шумақтары, ұйқастары бірең-сараң байқалып қалғаныменөлеңдеріойын,идеясын жоғалтпайды. Мені сол жағы қуантты. Жібек алғашқы жыр жинағын шығаруға ниеттеніп отыр екен, тілектеспіз. Жалпы қазақта ақын қыздар аз емес. Сонау Сара ақын салған сара жол, Фариза, Аққұштап апаларымыз салған дара жолдан, бүгінгі Танакөз, Бақтыгүл Бабаш, Асылзат Арыстанбектер түрең салған поэзия даңғылына Жібек те түскелі тұр екен. Бағы мен бабы қатар шабуы үшін әлі де, іздене түсуіне тілекшіміз.

 Жібектіңөлеңдеріненоныңнамысшыл, отанын, елін ерекше сүйетінін, қазақтың қызы екенін мақтан тұтатынын тану қиын емес.

6

Ендеше алғашқы кітабына құтты болсын айтамын. Оқырманы көп болсын, жүректі жарып шыққан өлеңдерің өміршең болсын дейміз.

 Айдар Сейдәзім, ақын, ҚР Жазушылар одағының Түркістан

облыстық филиалының төрағасы.

7

БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН

 Ақындарішіндетуғанел,атамекен,туған халқына деген шексіз сүйіспеншілігін, шалқар махаббатын шабыттана жырламағаны кемде-кем болар. Әрбір ақын алдымен өзінің туған жерінен нәр алады, сол жердің суын ішіп, бойына сол жердің қасиетін сіңіреді.

 Алғашқы жүрекжарды өлеңдерін де сол өңірге арнайды. Ал, өзіне ардақты да қасиетті мекенді, үйреншікті өмірді, қуанышы мен қайғысына куә болған сол ортаны, жерді, суды, қыраты мен белді жан тебірентерлік етіп жырлау - ол ақынның шеберлігінде.

- Табиғаты тамаша, жанға азық, Бір өзіңе арнаймын өлең жазып.

Мен әлсізбін, өзіңнен жырақ жүрсем, Қуаттанам өзіңде күшім тасып.

Туған жердің ауасы нәр беретін, Өн бойыңа қуатын, әр беретін. Жанға жайлы күні мен түні қандай,

Әсем әуен үнімен тербелетін,- деп жырлаған ақын Жібек Искакова бұл өлеңімен өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін, махаббатын жеткізген. Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана

келеді деп ойлаймын.

 Сондай-ақ,ақынныңқаламынантуған туындылар өмір өрнектерін безбендейтін шешендік шиырларға, ой оралымдарына толы, жас ұрпақтың бойына әдеп пен имандылықты, адамгершілікті

8

сіңіруге бағытталған. Өлеңдерінің басым бөлігі қоғамдық- әлеуметтік жағдайға өзіндік үн қосу, келер ұрпаққа ана тілін құрметтеуді, тағзым ету тақырыбындаөрілген.Азаматтықпозициясы жоғары, тіршіліктің сан алуан қырларын шебер суретшінің қылқаламынан туған ғажайып дүниедей ақ парақтың бетіне теңіздің терең түбінен маржан тізгендей тізе білген ақын өлеңдері өзінің айтар ойымен құнды.

Есхожаева Эльмира Сәрсенбайқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, “Жауқазын гүлдегенде, “Іңкәрім, “Бағалым” жыр жинақтарының авторы.

9

КӨҢІЛ ҚЫМБАТ

 10 СЫЙЛАСТЫҚПЕН БАСТАДЫМ

Бұл өмірдің сынды сәті көп білем, Әр күніме «шүкіршілік» деп жүрем.

Мына өмірде бүгін бармыз, ертең жоқ, Қалатыны тек сыйластық деп білем.

Арайлы да, шуақты атсын таңымыз, Сыйластықта үн қатайық бәріміз.. Ынтымақ пен бірлігіміз жарасып, Жоғалмасын әніміз бен сәніміз.

Ашу-дұшпан, өкпе-реніш барлығы, Көңілімді көтертпейді зар-мұңы. Сондықтанда ренжімеймін ешкімге, «Сыйласын» — деп шапағатын таң нұры.

Туған-туыс, бауырларым, достарым, Білем өмір өте шығар қас-қағым. Қара бұлттар үйрілсе де басыма, Білдірмеймін, ашық менің аспаным.

Күлімдеймін, жылауға жол бермеймін, Жамандықтың соңына мен ермеймін. Ана адамды, мына адамды қаралап, Балағаттап өсек сөзді термеймін.

Тыныш менің балдай тәтті өмірім, Бір орнында қуанышты көңілім. Қолым сынса жең ішінде, байқалмас, Жоғалмайды өз-өзіме сенімім.

Тек сыйластық тілейтінім достарым, Сыйластықпен өркендейді жас бағым. Сыйластықпен тамамдайын, өйткені, Сыйластықпен өлеңімді бастадым.

11

РИЗАМЫН СЕНІҢ БАРЫҢА

Ризамын сенің барыңа, Мән бердің өмір жолыма. Шырғалаң мына өмірде, Қасымнан кеттің табыла.

Ризамын сенің барыңа, Қуаныш бердің жаныма. Күйбең тірліктің ішінде, Өзіңді күттім сағына.

Ризамын сенің барыңа, Шырайын бердің таңыма. Сенімділікті жоғалтқан, Қайтардың менің жаныма.

Ризамын сенің барыңа, Өмірге бердің мағына. Өзің жоқ кезде мұңайып, Жүруші едім қамыға.

Ризамын сенің барыңа, Көңілге шуақ тағына. Әрқашан ботам жүрші аман, Шырақтай, от боп жағыла!

12

СІЗ ЖАҚСЫ АДАМСЫЗ (Жақсы адамдар сіздер үшін!)

Сіз жақсы адамсыз қуаныш сыйлайтын, Сіз жақсы адамсыз жаманға қимайтын. Күндей боп нұр шашар сіз жақсы адамсыз, Әлемнің шаттығын шаттана жинайтын.

Сіз жақсы адамсыз көктемдей құлпырар, Сіз жақсы адамсыз қуана үн қылар.

Жаздай боп жайнайтын сіз жақсы адамсыз, Сындарға мән бермей бақытқа ұмтылар.

Сіз жақсы адамсыз өсекке сенбейтін, Сіз жақсы адамсыз жел сөзге ермейтін. Дем берер ем берер сіз жақсы адамсыз, Әдемі сөздермен жүректі тербейтін.

Сіз жақсы адамсыз адамды таң қылар, Сіз жақсы адамсыз өмірді бал қылар. Өзіне баурайтын сіз жақсы адамсыз, Көңілдің төріне орнығып сән құрар.

Сіз жақсы адамсыз қайғыға салмайтын, Сіз жақсы адамсыз жақсы күй арнайтын. Сыйластық танытар сіз жақсы адамсыз, Жақсы мен жақсының арасын жалғайтын. Аман болшы жақсылар!

13

ӨЗІҢ АЙТШЫ, БАҚЫТЫМ СЕН БЕ ЕДІҢ?

Көңілімді басқанда қара түнек, Жүргенімде мұңайып, әлсіз, жүдеп. Демеу болар, дем берер сен бе едің? Қолдау болып әрқашан жазар тілек.

Оң мен солым жарыса таласқанда, Өз жолымды таба алмай адасқанда. Жол көрсетер жолсерік сен бе едің?

Жұлдыз болып шашылар бар аспанға...

Ұйқым қашып өмірден түңілгенде, Жығылғанда тұра алмай сүрінгенде. Қолтығымнан демер жан сен бе едің? Бақытымды көрсетіп дүйім елге...

Жалғыздықтан жүрегім сыздағанда, Сатқындықтан көңілім мұздағанда. Бұл жанымды жылытар сен бе едің? Шаттығымды асырып бұл ғаламда...

Бұл өмірге қолымды сермегенде, Қамқорлықты сезініп көрмегенде. Қамқор болар қамқоршым сен бе едің? Қатал тағдыр жайлығын бермегенде...

Әр күн сайын қасымнан табылатын, Алыс кетсем іздейтін, сағынатын. Өзің айтшы, бақытым сен бе едің? Сәл жоқ болсам мұңайып қамығатын...

14

ЖАН АНАШЫМ — ГҮЛ БАҒЫМ

Мейіріммен тербейтін, Жан Анашым — гүл бағым. Бір өзіңе арналар, Жүрегімнен жырларым.

Нұр төгіліп жүзіңнен, Күлімдейсің күндей боп. Нәр бересің біздерге, Тамыр жайған гүлдей боп.

Құлыным дер, қызым дер, Жан Анашым асылым. Қиындыққа тап болсақ, Уайымдайтын жасырын.

Шуағымсың Анашым, Атар сәтті таңымдай. Жарқырай түс күн сайын,

Маржан, гауһар, лағылдай!

Отбасына арнайтын, Әрбір сәтін, әр күнін. Аман жүрші Анашым, Баға жетпес байлығым.

15

ӨМІР СЕНІ СҮЙЕМІН, СҮЙІП ӨТЕМ

Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем, Көңілімнің болса да күйі бөтен. Атар таң мен әрқашан батар күнге, Шүкірлікпен басымды иіп өтем…

Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем,

Бар жақсыны жаныма жиып өтем. Ата-анама, жақыным, достарыма, Ризалық пен алғысты үйіп өтем…

Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем, Жақсы сөзді жадыма түйіп өтем. Алдау, арбау, өсектен аулақ болып, Жамандықтан өзімді тиып өтем.

Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем, Өмір сүру демеймін — қиын екен. Өкінбеймін өмірге ренжімеймін,

Болса-дағы күн-күндеп күйім бетер.

Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем, Алақандай жерге мен сыйып өтем. Қазақстан мекенім, туған жерім, Сыйластықпен әр үйді үйім етем…

Сүйіп өтем арайлы таңымды да, Сүйіп өтем қолымда барымды да. Шүкір Алла аман боп алдыңызда, Өмір сүріп жүргенім бағым мына…

16

АДАМ БОЛЫП ҚАЛАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

Бір адам бар, әр сөзі жан тербейді, Мейрімдікпен, жылы сөзбен емдейді. Адалдықтың жолын ұстап қашанда, Жамандықтың құрсауына көнбейді.

Бір адам бар түнереді бұлттайын, Жайпап жүрер айналасын жұттайын. Жегідей жеп, іштей сорар ол адам, Жақсы болып көрінгенмен сырттайын.

Бір адам бар мінезімен тоң қылар, Әрбір сөзі ызғарлы боп тоңдырар. Бүршік атып келе жатқан буынды, Қаһарымен бір-ақ демде солдырар...

Бір адам бар, көктемдейін құлпырған, Мейірімді сөздерімен үн қылған.

Күн нұрындай жылу беріп баршаға, Айналасын хош иісті гүл қылған...

Бір адам бар жаздай етер күнін тек, Жадырайтын, жүретін тек күлімдеп Күлкісімен баурап барлық адамды, Жақсы сөзін арнап жүрер «күнім» деп.

Бір адам бар салқын самал күз бағы, Бірде жылы, бірде суық ызғары

Бір нәрсеге ашуланса ерімес Қабағына қатып қалған мұздары...

Бір адам бар өтірікті теретін, Өсек десе жанын салып беретін.

Өсек сөзден рахаттанар жандар көп, Біреулердің сөздеріне еретін.

17

Бір адам бар әркез мақтау сүйетін, Мақтау айтсаң бар жақсысын үйетін. Олар үшін мақтау тұрар бірінші, Мақтауменен көңілді өмір сүретін...

Бір адам бар өзін «текті» деп жүрер, Адамдармен жұғымы жоқ, шет жүрер. Өз әлемін құрып алып өзінше,

Әрбір ісін «дұрыс бәрі» деп білер...

Бір адам бар үлкенге жоқ құрметі, Ініге де бола қоймас ізеті.

Сәл нәрсеге жүрер әркез санасып, Өткендей боп ұлан-асыр қызметі.

Бір адам бар қиялданып жүретін, Қиялымен шаттанатын, күлетін. Ауызбенен барлық ісін бітіріп, Құлағыңа қиял сөзін ілетін...

Бір адам бар сыйлайтын бар адамды, «Ақ, қара» деп бөлмейтін еш араны. Олар үшін атақ, данқың сөз емес. Сәлем берер көрсе де жас баланы...

Мінездері сан қилы көп адам бар, Әр нәрсені өздерінше бағамдар.

Айтарым тек, мына бес күн жалғанда, Адам болып қалайықшы, адамдар!

18

БАҚЫТ КЕРЕК

Бақыт керек сізге де, Бақыт керек бізге де. Бақытың ол — денсаулық, Басқа бақыт іздеме...

Бақыт керек сізге де, Бақыт керек бізге де. Нағыз бақыт отбасың, Басқа бақыт іздеме.

Бақыт керек сізге де, Бақыт керек бізге де. Бақыт-ауыл, аймағың, Басқа бақыт іздеме.

Бақыт керек сізге де, Бақыт керек бізге де. Солар аман тұрғанда, Бақытсызбыз біз деме...

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ӘДЕМІ

Қазақ қызы әдемі гүл жайнаған, Жүздерінде мейрім бар нұр ойнаған. Қазақ қызы сүйкімді, жүзі жылы, Бүгіні мен ертеңгі күнді ойлаған...

Қазақ қызы әдемі жаны сұлу, Шуақты атар шырайлы таңы сұлу. Қазақ қызы кеңпейіл, кішіпейіл, Шолпысы бар бұрымы бәрі сұлу...

19

Қазақ қызы әдемі баурап алар, Қылығымен биязы алда болар. Қазақ қызы ең сұлу табиғаты, Ұмай, Зере анадай жанға балар.

Қазақ қызы әдемі, айдай көркем, Жүрек жарды сөзімен тебіренткен. Қазақ қызы Әлия, Мәншүгімдей, Қайсарлықпен жүректі елжіреткен.

Қазақ қызы әдемі ақын жанды, Өлеңімен тербеген барлық маңды. Қазақ қызы Марфуға, Фаризадай, Жырыменен баураған барлық жанды.

Қазақ қызы әдемі атар таңдай, Жарасады қылығы, сөзі балдай. Қазақ қызы күндей боп жылу сыйлап, Жүрер әркез күлімдеп, жүзі жайнай...

БҮГІН БІЛІМ КҮНІНЕ

Киімі мен сөмкелері жарасқан, Армандары ай, жұлдызбен таласқан. Мектебіне қадам басты балалар,

Бір-біріне күлім қағып қарасқан...

Мектеп теңіз, білім кеме ертеңі, Білім, ілім жанымыздың көркемі. Көтерілер жаңа оқу жылында,

Әр мектепте білімнің ақ желкені...

Әрбір үйдің ұлы, қызы жас қанат, Адымдарын тез-тез етіп бастап ап. Бара жатыр білім алу жолында, Үкілеген үміттерін арқалап...

20

Бірі Әлихан ұлтымыздың ұланы, Бірі Ахмет самғап ұшар қыраны. Фариза мен Марфуға да табылар, Жазылатын жүректегі жыр, әні.

Қыркүйектің бірі — «білім күні» бұл, «Оқы, оқы және оқы» — мұны біл. Сендер үшін бүтін қайта соғылар,

Ең алғашқы қоңыраудың үні бұл.

Мәнін біліп, ұғынып ап бұл күннің, Қанат қағып биіктерге ұмтылғын! Тағы бір жыл біліміңді ұлғайтып, Қуанышы бола бергін жұртыңның!

ЕЙ, ӨМІРІМ!

Ей, өмірім! Айтшы өзің қандайсың? Бірде ащы, бірде тәтті балдайсың! Бұлт үйрілсе төбеме кеп, лезде сен, Күндей болып шуақ шашып алдайсың!

Бір мұңайтып, бір қуантып жүресің, Кейде ызғар, кейде шаттық төгесің. Бір қарасам күздей қара суық боп, Енді бірде жаздай жайнап енесің.

Қыстай болып ақ мамыққа орайсың, Гүл көктемдей жайқалып сен тарайсың. Бұл жаныма таң шапағын сыйлайтын, Ей, өмірім! Сен мен үшін арайсың!

Сен ғажапсың сындарың көп болса да, Ызғарыңнан жаным жылап, тоңса да. Ей, өмірім! Сені жақсы көремін,

Сен қымбатсың гүлім ашпай, солса да...

21

ЕЙ, ТӘКӘППАР ДҮНИЕ

Ей, тәкаппар дүние, Көңіл бөл менің күйіме. Қуанышты жаудыршы, Еселеп менің үйіме!

Ей, тәкаппар дүние, Қарама менің түріме. Жан дүниеме қарашы, Жайымен ғана үңіле!

Ей, тәкаппар дүние, Тыныштық жібер еліме. Арсыздарды аулақ ет, Салмасын көзін жеріме!

Ей, такаппар дүние,

Қуат бер бізге, шыдам бер.. Бетперделі заманда,

Ете гөр бізді, шыдамды ел!

Ей, тәкаппар дүние, Өмірдің берші шаттығын. Адамдықты жоғары ет, Біздерге сыйлап сәтті күн!

22

ТЫҢДА ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАР СӨЗІМ БАР

Тыңда ұлым, саған айтар сөзім бар, Жөніменен еркелейтін кезің бар. Ақылымды айтайын мен өзіңе, Ұлымсың ғой айтқан сөзді тез ұғар.

Ең алдымен тәрбиелі болып өс, Тәрбиеге біліміңді тағы қос. Кітап оқы, жақсы іспен айналыс,

Тектен текке өтпей ұлым, күнің бос.

Кішіге ізет, үлкендерге құрмет қыл, Сыйластық пен ынтымақты үндеп жүр. Адалдықтың туын биік көтеріп, Шыншылдықты айнымайтын құн деп біл!

Нәр аласың оқысаң сен білімнен, Нұр төгіліп күлімдеген жүзіңнен.

Мектеп — теңіз, білім — кеме жүзіп өт, Ахмет, Мағжан, Абай ата ізімен...

Білім, ілім болсын сенің шырағың, Кітап болсын шөлдеп ішер бұлағың. Ұрыс-керіс, төбелестен аулақ бол,

Әр күн сайын білімге артып құмарың!

Қанағат қыл қолыңдағы барыңа, Шу шығармай анау-мынау жоғыңа. Сабыр түбі сары алтын, сабыр ет, Сабырсыздық әдетіңнен арыла!

Айқын болсын, тиянақты арманың, Арманыңды мақсатыңа жалғағын. Біліміңді шыңдап тағы еңбек қып, Арманыңа қанат байлап самғағын!

23

Қиялданып босқа уақыт өткізбе, Жалқаулықты саған қарай жеткізбе! Жаман әдет, қылықтардан аулақ бол, Жақын болып абыройлы, текті ізге!

Өсек, аян өтіріктен аулақ бол, Теріс жолға түсірмесін тайғақ жол!

Шындық жолды, шыншылдықты жақтайтын, Тайсалмайтын батыл жүзді айғақ бол!

Сыйлы болғын ағайын мен туысқа, Сәл нәрсені жіпке тізіп, ұрыспа! Ағайынмен тату болсаң атың көп, Есте сақта, айтқанымды ұмытпа!

Түсіне біл бағдаршамның бағдарын, Биік болып өз-өзіңе талғамың!

Елін сүйер, елі сүйер бала боп, Жақсылықты жақсылыққа жалғағын!

Уақыт өтер күн қуалап айларды, Көрерсің сен небір қызық жайларды. Адаспағын адалдықтың жолынан, Көрсең-дағы ойлы-қырлы сайларды!

Саған айтқан сөздерімді ұмытпа, Ақша, мәнсәп, атақ-данққа құнықпа! Маңдай терің ағып тұрып еңбек қып, Адалдықтың айқын жолын құрықта!

24

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ

Тәуелсізбіз, азат елміз бүгінде, Қуанышы, шаттығы бар жүзінде. Қиындықтан тайсалмайтын қазақпыз, Жаны жайсаң, қайсарлық бар үнінде.

Сексен алты — төксе де сан ызғарын, Қақаған қыс жайса да көк мұздарын. Құламады көк желкені елімнің, Боранды күн соқса да ұл-қыздарын.

Желтоқсанның ызғары алған жастарды, Сұрапыл ай торлап алып аспанды. Құрбандар ол — азаттықты аңсаған, Қия салған елі үшін жас жанды.

Қазақ барда ұмытылмас, тыңдаңдар! Елі үшін ұйымшылдық қылғандар. Есімі өшпес, сақталады жүректе,

Желтоқсаншы боздақтарым — құрбандар!

Он алтыншы желтоқсаным қандай күн? Бірде мұңды, бірде жарық айдай күн. Қайғырамыз боздақтарды еске алып, Қуанамыз жанымызды жайлай мұң!

Егеменді, тәуелсіздік күніміз,

Он алтыншы желтоқсан ол жырымыз. Дәл осы күн біздің қазақ елі үшін, Бірге келер қуаныш пен мұңымыз.

 25 МҰҚАҒАЛИМЕН СЫРЛАСУ

«Мұқағали» жан тербер атың қандай? Поэзияға біздерді шақырғандай. Мейірімді жанарың елестейді, Тамашалап, үн қатып отырғандай.

Жырларыңмен тасқындап, жалындадың, Бас имедің ешкімге, жалынбадың.

Он жасыңнан өлеңді азық етіп, Бойыңызға тұмар қып қабылдадың.

«Қой» жылында өмірге сіз келдіңіз, Өлең болып сырлана тербелдіңіз. Өмірдің дауылына қарсы тұрып, Поэзияға өлеңмен дем бердіңіз.

Лирикалық жинақтар, дастандарың, Бізге азық, оқып жүр жастар бәрін. «Сенің көзің» «Ғашықпын» өлеңдерің, Ашып жатыр бұл күнде жастар бағын.

Отаның мен ерекше дара халқың, Құрметтеуде бұл күнде ата-салтын. Мерейі де үстем боп тіліміздің,

«Үш бақытым» - бүгінде жүзі жарқын.

Жырыңызды арнадың Фаризаға, Сыйластықпен жар салып жарияға. Мұра етіп жазылған жырларыңыз, Санасына ұрпақтың дариды аға!

Есімізде әр жазған өлеңіңіз,

Сол өлеңмен жайнауда өнеріміз.

«Ей, өмір» деп жырладың қапалықпен, Не болар деп ертеңгі көреріміз?!

26

Жыласа да сол кезде бұл жаныңыз, Орындалды бұл күнде арманыңыз. Әр жыл сайын арнаулар ағылуда, Өлең-жырмен көміліп жан-жағыңыз.

Өтіп жатыр жыл сайын байқауларда, Бұның бәрі сізге аға, байқалар ма? «Өлең оқу», «поэзия», «сурет салу» Байқаулары сізге жөн айта алар ма?!

Мерейтойың есіктен еніп келді, Жанарларға жасымыз ерік берді.

Сен мәңгілік жасайсың, құрметтейміз, «Мұқағали» атыңа беріп төрді...

ӨЛЕҢІМ БАРДА

Мен қазақтың қызымын, Жібегімін, Жүрегімнен шығатын тілек үнім. Ана тілден нәр алып қанаттанған, Өлең сөздің жанашыр, тірегімін.

Мен өмірді сүйемін, өмір қымбат,

Ей өмірім, қуанышпен маған тіл қат. Алтының да, байлығың ештеме емес, Көңіл қымбат мен үшін сенім қымбат.

Бұл өлеңім бағалы сыр сандығым, Қуанышым тербеліп, шаттық үнім. Өлеңімнен өзіме қуат алып,

Қарсы аламын қасқая өмір сынын.

Өкінбеймін мұң айтып өткеніме, Шүкір Алла бұл күнге жеткеніме. Мен тірімін, өлмеймін өлең барда, Қол созамын, талпынам көкте күнге.

27

Құласам да тұрамын сенім берік, Жыласам да күлемін бәрін жеңіп. Адалдықтан танбаймын ешқашанда, Жақсылардың соңынан мен де еріп...

Жаным қазақ, намысым мәңгі өлмейді, Халқым десем кеудемді ән тербейді. Әрбір қазақ жалғызым, қанымыз бір, Қазағыма ешбір ұлт тең келмейді..

Сөйле, сөйле, қызыл тіл жалындашы, Іштен тынып, өзеуреп тарылмашы. «Қазақ» деген ұлы атты мақтаныш қып, Сөздерімді қылыштай қабылдашы!

Мен қазақпын,

Жаным да, қаным қазақ,

Арым қазақ, барым да, бағым қазақ. Жасай берші, жасай бер Қазақ елі, Бейбіт күнде, мәңгілік болып азат!

НЕ ПАЙДА?!

Жақсылықтан не пайда?! Жамандық көп заманда. Сыйластықты жөн көрмей, Мұң сыйласа адамға.

Әкелерден не пайда?! Қарамаса балаға. Безбүйрек кей аналар, Тастаса ұлын далаға.

Шын достықтан не пайда?! Күлкі етсе жаманға. Бауырмыз деп көз бояп, Барса арсыз қадамға!

28

Ағайыннан не пайда?! Тұзын сепсе жараға. Ұрыстырса абысын, Іріткі сап араға.

Балалардан не пайда?! Мейірімсіз анаға. Ауылынан бас тартып, Көшсе бәрі қалаға.

Шыншылдықтан не пайда?! Алдамшы бұл қоғамда. Өтірікті шын етіп,

Пайда көрер одан да.

Айтқанымнан не пайда?! Естір құлақ болмаса. Сөзім қалар еленбей, Болып бәрі далбаса...

ҚУАНТҚЫМ КЕЛЕДІ

Қуантқым келеді, күндей боп нұр шашып, Қуантқым келеді, жүрекпен үн қатып. Мейрімді сөзіммен демеу боп баршаға, Қуантқым келеді, өлеңмен жырлатып…

Қуантқым келеді, ақ ұлпа қардай боп, Қуантқым келеді, ататын таңдай боп. Ең жақсы сөзіммен баршаға үн қатып, Қуантқым келеді, тәп-тәтті балдай боп.

Қуантқым келеді, көктемнің күніндей, Қуантқым келеді, бұлақтың үніндей. Бұлттай боп жай ғана, жауын боп себелеп, Қуантқым келеді, көктемнің гүліндей.

29

Қуантқым келеді, жайдарлы жаз болып. Қуантқым келеді, балаша мәз болып. Қуансын барша адам шаттыққа бөленсін, Бақытқа кенелсін, қайғы-мұң аз болып.

Қуанғым келеді, оң болып әрбір іс, Қуанғым келеді, сыйласып сіз бен біз. Жақыным, туысым, достарым бәріңді, Қуантқым келеді, шынайы, жүзбе жүз…

КӨҢІЛ ҚЫМБАТ

Сенім қымбат адамға өмір қымбат, Өмір қымбат адамға көңіл қымбат. Сыйласқанға не жетсін, ертеңгі күн, Не болары белгісіз өмір жұмбақ.

Қазақпыз ғой, әр бір қазақ жалғызым дер, Азақпыз ғой, өтуде сағым күндер.

Көңіл қымбат сән берер бұл өмірге, Жоғалтпайық сол сәнді сіз бен біздер.

Керек емес билігің де, атақ даңқың, Керек емес байлығың да, мәнсап алтын. Адамдығың өлшенер көңілменен, Түсінейік әрқашан мұның парқын.

Қиын сәтте білінер адамдығың, Досқа құрмет, шынайы адалдығың. Басыңа іс түскенде тастап қашар, Кей жандар бар түсінбес адам құнын.

Бірі өсек айтудан тайынбайды, Ғайбат сөзден тілдері арылмайды. Он күнәнің тоғызы тілден деген, Ғазиз көңіл сондықтан уайымдайды.

30

Көңілдердің айнасы сынбасын еш, Аяқ асты сенімді қылмасын еш.

Көңіл қымбат қашан да сенім қымбат, Көңіл қалып, артынан болмасын кеш.

 ШЫДА ТАҒЫ ШЫДАЙ ТҮС (М.Мақатаев өлеңінің желісімен)

Өз-өзіме мотивация

Шыда, жаным шыдай түс, шыда тағы, Күйгелекті мына өмір құлатады. Сабырлықты сақтасаң, төзімді боп, Жақсылықтың атады құла таңы.

Қиындықтар болса да тамыр терең, Деп ойлағын: «оны да мен бір жеңем». Көтеріп ап құлатар төмен қарай,

Мың құбылып бір сәтте «өмір» деген...

Кетпесін деп тілесең өмір зая, Дұға тіле қанекей қолды жая.

Сабырлықты сақтағын, сынға сынбай, Қарсы тұрғын дауылға, тауып сая.

Өкінбегін, өкпелеп бүгініңе, Өмір солай, болмайды түңілуге.

Сынақ берсе қасқая қарсы алғын, Сынға сынып, болмайды бүгілуге.

Құласаң да, сүрініп өмірден бұл, Тұрып қайта, қақың бар жүгіруге... Түсінемін жаныңның ауырғанын, Шындық осы, осылай қабылдағын. Өз өзіңді іштей жеп, кеулеп жанды, Уайымдап сен, қайғыға салынбағын.

31

Шыда, шыда, шыдай түс, жалындағын, Кең дүниеде қысылып тарылмағын. Қиындықтан шығатын жолды тауып, Сабырлықпен алға сен адымдағын.

Жарқыраған аспанда жұлдыздайын, Алла жар боп лайым, жансын бағың. Бұлттан кейін жарқырап күн де шығар, Күлімдей түс қанекей, жайнап жаның...

БІР ӨЗІҢ ДЕП КЕЛЕМІН

Өміріме шуақ шашар, Шапағатын нұрдайын. Көңіліме қуаттасар, Баурап алар жырдайын.

Әркез маған сенім берер, Күндей болып күлімдеп. Қуаныштың кенін берер, Жан «Анашым», «күнім» деп.

Анашыңмын сені ойлайтын, Болмасын деп жамандық. Өз ортаңнан сен қалмайтын, Болсын балам қадам нық!

Үміт күтем сенен балам, Ертеңіңе сенемін.

Күнің болсын жалындаған, Бір өзің деп келемін!

Жалқаулықты серік етпе, Наны тәтті еңбектің.

Ата жолын кесіп өтпе, Ісін жасап тентектің!

32

Болма балам көрсе қызар, Әдепті бол, арлы бол. Білімді жан алға озар, Көріп сәтті таңды мол.

Адалдықты сақта ұлым, Сыйластықты ұран қып. Биік болсын адамдығың, Айналаңды жыр, ән қып!

МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН

Мен қазақтың қызымын, Әлиямын, Көңілі кең, ақ жарқын дариямын. Қайсарлық бар қанымда мәңгі өлмейтін, Батылдықпен баршаға жариямын...

Мен қазақтың қызымын, Фаризамын, Жинап алған бойына ар иманын. Шырылдайтын жанмын мен бозторғайдай, Өлеңімен жеткізер елдің қамын...

Мен қазақтың қызымын жаны нәзік, Қанағатты ететін жанға азық. Өмірге кеп Алланың қалауымен, Қазақ қызы атандым тағдыр жазып...

Мен қазақтың қызымын еркелейтін, Әуенімен аспанды тербелейтін. Бұлт боп еніп шуақты аспаныма,

Жаңбыр болып, нұр болып себелейтін...

Мен қазақтың қызымын жаным да бай, Тұра алмаймын от болып жалындамай. Шүкірлік бар бойымда, биязылық, Нұрын шашып ататын таңым арай...

33

Мен қазақтың қызымын сайып қыран, Көңілі бай, шайқалып жазар жыр, ән. Қазақ болып туғаныма қуанамын,

Қазақ қызы — ең мықты, біздің құрам...

ЕҢСЕҢДІ КӨТЕР, БҮГІЛМЕ ҚАЗАҚ!

Еңсеңді көтер, бүгілме — Қазақ, Қиындық сәтте түңілме — Қазақ. Жақсыға ұмтыл, жақсылық ойла, Жеңесің бәрін, болады ғажап...

Сыйластық пенен бірлігің барда, Ынтымақты етер тірлігің барда. Ақылға салып жасасақ істі,

Ала алмас бізді көрінбес жау да.

Ұстайық қане сенімді биік, Берілмей біздер қалсақта күйіп. Үміттің жібі үзілмей ешбір, Дұға етейікші басты бір иіп...

Қазағым сенсің, ғажабым сенсің, Таусылмас, бітпес базарым сенсің. Басыңа қандай бұлт үйрілсе де, Жеңетін бәрін, ажарым сенсің...

Ұрпағы біздер даналы елдің, Намысы биік, бағалы елдің. Біргеміз біздер, іргеміз биік,

Оң болсын басқан қадамы елдің.

Оралар бізге шаттықты күн де, Тойлаймыз әле шаттықты бірге. Бастысы елім амандық болсын, Жаратқан ием жар болып бізге...

34

ЖАЗИРАЛЫ МЕКЕНІМ, ТУҒАН ЖЕРІМ

Жазиралы мекенім, туған жерім, Бір сен үшін шығатын маңдай терім. Балалықтың куәсі, шалалықтың, Ойын ойнап қыр асып, өскен белім.

Туған жерден бойжетіп көшкен елім, Бір өзіңнен табамын жанға емін.

Хош иісің тым қымбат баурап алар, Тым алыстан сезілер сенің демің.

Табиғаты тамаша, жанға азық, Бір өзіңе арнаймын өлең жазып.

Мен әлсізбін, өзіңнен жырақ жүрсем, Қуаттанам өзіңде күшім тасып.

Туған жердің ауасы нәр беретін, Өн бойыңа қуатын, әр беретін. Жанға жайлы күні мен түні қандай, Әсем әуен үнімен тербелетін...

Туған жерден түлеп ұшқан гүлімін, Бозторғайдай шырылдайтын үнімін. Елін, жерін сүйетін, құрметтейтін, Қарапайым, ақ көңіл бір қызымын.

Туған жерде мықты боп, батылданам, Туған жерден шаттанып, бақыт табам. Туған жерім жасай бер мәңгілікке,

Ай, жұлдызың күлімдеп, жарқыраған.

Біз қыздармыз — туған жер қамын ойлар, Біз қыздармыз — жақсысын бірге тойлар. Қиындықтар боп жатса туған жерде, Санамызды уайым мен қайғы жайлар...

35

СОЛ ЖЫЛЫ ТУҒАН ҚЫЗ ЕДІМ

Желтоқсанның сеземіз әлі ызғарын, Қан жуылған, тайғақтаған мұздарын. Елі үшін жан алысып, беріскен, Намысы асқақ ұлдары мен қыздарын.

Ұлтан етпек болған ар мен ұжданды, Жүректерде орны толмас сыз қалды. Саясаты сол кездегі биліктің,

Қарсы қойды намысты ұл мен қыздарды.

Жанды жейді сол бір қанды белестер, Жанды ауыртып сол бір қанды егестер… Желтоқсанның ызғары мен мұздары, Жанарларда мұңын шағып елестер.

Қайсарлықпен шықпаса сол жастарым, Азаттықтың көрер ме едік ақ таңын?! Сонда алаңға жастар бірге шықпаса, Білер ме едік еркіндіктің шақтарын?!

Не көрмедің, түнерген бұлт, қара аспан? Қазақ үшін мұңын шағып, жанасқан. Сездің бе сен, өзіңде биік тұрар деп, Көк байрағым күлім қағып жарасқан.

Азаттыққа арпалысқан майдан бұл, Кеткендейін сұрапылды айдан нұр. Желтоқсаншы жастарымның арқасы, Қазағыма құшақ ашып жайған күн.

Желтоқсанның ызғары бар жүректе, Айналдырған айналаны түнекке. Қыршын кеткен боздақтары қазақтың, Қалар мәңгі естен кетпей, жүректе.

36

Қайғырумен мұңға толар жүрегім, Бас иейік құрбандарға біз елім. Боздақтардың жан айғайын сезінер,

Желтоқсанда, сол жылы туған қыз едім.

СЕЗДІМ СӘТТІ ҒАЖАЙЫП

Сездім сәтті ғажайып, Бір тамаша күйге ендім. Бақытты екен халқымыз, Жүзі жайнап күйі елдің.

Жігіттер жүр қыздарды, Алақанда аялап.

Арулар жүр сеніммен, Жігіттерін саялап.

Есік ашып адалдық, Сыйластық тұр күлімдеп. Жігіт қызға қарайды, Баға жетпес гүлім деп.

Сезіммен үн қатады, Қыздарды олар жылатпай. Қуантады қыздарды, Көзінен жас құлатпай.

Биязылық қалпында, Еркелейді қыздарым. Мейірімге бөленіп, Сезбей өмір ызғарын.

Көп шықпайды үйінен, Өріп әсем бұрымын. Ата-анасын сыйлайды,

Көрсетпей жат қылығын.

37

Тәрбиелі, тәртіпті, Әрбір қазақ баласы. Бұзақылық жоқ мүлдем, Тыныш қазақ даласы.

Қайырымсыз әке жоқ, Баласын жат ететін. Жоқ аналар безбүйрек, Ұлын тастап кететін.

Жоқ балалар мейрімсіз, Әкесінен бас тартар. Пейілсіз жоқ келіндер, Берекені таптатар.

Жетімдердің үйлері, Жабылыпты барлығы. Отбасы боп жетімдер, Қуаныпты әр күні.

Қарттар үйі қаңырап, Іші бос боп қалыпты. Жетім жандар оларды, Ата-ана қып алыпты.

Алдау, арбау жойылып, Көбейіпті сіз, біздер. Көмек беру жанданып, Үлгі бопты көп іздер.

Анайылық жоғалып, Сыйпайылық еніпті. Үлкендерге кішілер, Сәлемдерін беріпті.

38

Қымбатшылық жоқ болып, Арзандапты заттарым.

Ар мен намыс қымбаттап, Сәтті атыпты ақ таңым.

Өсектер мен өтірік, Кетіпті бұл өмірден.

Үн қата алмай жемқорлар, Жоқ болыпты көңілден.

Жоғары оқу барлығы, Тегін болып қалыпты. Студенттер тиынсыз, Дипломын алыпты.

Мамандарым жұмысқа, Ақша бермей барыпты. Парақорлық бір демде, Өртке айналып жаныпты.

Ата-аналар бақытты, Күлімдейді сәбилер. Елдің жүзі жарқырап, Нұрланыпты әр үйлер.

Осылай мен оянсам, Жүзім жайнап тұр екен. Жатыр екем түс көріп, Болып бәрі құр бекер!

39

БҰЛ ӨЛЕҢ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН (30 жылдық тәуелсіздікке 30 шумақ өлең)

Отыз жылда ел жаңа, жаңа далам, Сұлулықты көмкерген жаңа қалам. Азаттықтың бейнесін көрсететін, Ән ұран мен елтаңбам қуат маған.

Тектілігі күш беріп көк бөрінің, Азаттығын көрсетті текті елімнің. Арыстандай айбаты бойындағы, Кетірмеген қазақтың бек сенімін.

Бұрқыраған даланың шаңын жұтып, Жолбарыстай бабалар арқыраған. Бес қаруын сайлап ап, тайсалмады, Тәуелсіздік таңы үшін жарқыраған.

Қарар болсақ тарихтың беттеріне, Қол бұлғайды біздерге ғұн патшасы. Сырт жауымен алысқан Мөде ханның, Белгілі ғой ел үшін құр жатпасы.

Ойлайтұғын қашанда халық қамын, Биік қойып өзіндік намыс, арын. Қайсарлықпен атойлап атқа қонып, Елі үшін шайқасқан Тұмар ханым.

Шайбанидің тұсында ел қиналды, Өткеріп бастан қанша қасіретті. Әбілқайыр хан болып, сол кездері, Қорлықтарын қазаққа басым етті.

Ақ ордадан бөлініп туын тіккен, Шабысымен бар маңды дүбірлеткен.

40

Керей менен Жәнібек сұлтандар бұл, Қазақ халқын шынайы күлімдеткен.

Тектілік бар бойында, асыл жанды, Мойындамас жан олар тасынғанды. Өркендеткен хандықты, қалайша біз, Ұмытамыз, Хақназар, Қасым ханды.

Сын берсе де қаншама қатал тағдыр, Бас тартпаған алдыңғы қатардан бұл. Орбұлақта атойлап аз әскермен,

Қырып салған қалмақты Салқам Жәңгір.

Ұмытылмас ғажайып хандық құрған, Мейрімдікпен халқына мойын бұрған. Әз-Тәуке, Тәуекел хан ерліктері, Халықтың сенімдерін берік қылған.

Көшбасшылық көрініп бала кезден, Төле биге байқалған, жүрек сезген. Абылай хан үш жүзді біріктіріп, Қорған болған еліне ала көзден.

Пешенеде жарқырап, жайнап бағы, Кеудесінде атойлап қайнап қаны. Кенесары есімі бізге мәлім, Қазағымды басқарған соңғы ханы.

Төле би мен Қазыбек, Әйтеке би, Билеріміз ғажайып етер мақтан.

Таң қалдырып шешендік сөздерімен, Адамдардың шынайы көңілін тапқан.

Тарих болды осылай хандық дәурен, Ашаршылық орналып жаңа әурең. Қуғын-сүргін тағы бар жан ауырар, Зиялылар қамалған жаңа даумен.

41

Боп жатқанда «Ақтабан шұбырынды», Қазағыма сынды күн ұғынылды.

Аш-жалаңаш, шашырап қазақ халқы, Тарих беті тағы да құбылынды.

Тұншықтырды мазақ қып қазақ тілін, Әдебиетін ойрандап, азат күнін. Бейімбет пен Сәкендер, Жұмабаев, Арман еткен қазақтың азаттығын.

Азаттықты армандап жүргенінде, Ұлы Отан соғысы ашты есік.

Ер адамдар соғысқа кетті тағы, Отан үшін соғысты мақұл десіп.

Бұл күнді де өткерді қайсар қазақ, Көрсе-дағы мұңаймай қанша азап. Ер мінезді Мәншүк пен Әлиялар, Оққа ұшты «етем» деп елін азат.

Бауыржанның ерлігі бізге аян, Жазып кеткен мол азық, өмірбаян. Жеңіс күннің арқасы, ардагердің, Тұрса үстел үстінде жал мен жаяң.

Күндер өтті арада, сағат жылжып, Ши шығарды орыстар арды бұзып. Қонаевты орнынан алып тастап, Қоя салды Колбинді отырғызып.

Бұған қазақ жастары қарсы шықты, Талап етті биліктен әділдікті. Қайрат пенен Сабира, Ләззаттарым, Елі үшін ойланбай жанын тікті.

Желтоқсанның ызғары есімізде, Қан жуылған мұздары ауыртар жан.

42

Өр мінезді жастардың арқасында, Тәуелсіздік таң атып, шырқалдыН ән.

Назарбаев ұстап алғаш ел тізгінін, Сезе білді халықтың жүрек үнін. Астананы өзгертіп орталыққа, Тапқырлықпен көтерді елдің жүгін.

Тұрғызылды гүлденіп бұл Астана, Бәйтерегі аспандап, көкті тіреп. Әр қаласы елімнің жандануда, Астанамен жүрегі бірге үндеп.

Нұр-Сұлтан мен Алматы мегаполис, Миллионнан көп халқы үндеп тұрар. Шымқала да қосылды үшінші боп, Тұрғындары көбейіп шаттық құрар.

Отыз жылдай Нұр аға ел басқарды, Қолдап әркез қолпаштап көп жастарды. Жаңашылдық әкелді бұл еліме,

Облыс қып өз алдына Түркістанды.

Елбасымыз орнынан кетіп өзі, Президент боп Тоқаев орналасты. Елім үшін қызметін етемін деп, Ел алдында ант беріп, уағдаласты.

Дүние жүзі таныды қазақ елін, Көзбен көріп ерекше ғажап жерін. Әр қалаға келуде шетелдіктер, Көтеріңкі күйде етіп көңілдерін.

Отыз жылда ел жаңа көрікті ел, Шекарасы айқынды, берікті ел. Сыйластық пен бірлігін ұштастырып, Бар әлемге танылды ерікті ел.

43

Жасай берші отаным, Қазақстан, Көрінбейтін індетпен арпалысқан. Тәуелсіздік тұғыры биік болсын,

Нұрлы күндер көп болып таң қалысқан!

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!

Жанарында жалын бар, Өн бойында дарын бар. Көк байрағын түсірмей, Алға қарай адымдар. Мен жастарға сенемін!

Адалдықтан таймайтын, Елдің қамын ойлайтын. Құрмет етіп үлкенге, Ізеттігін жоймайтын. Мен жастарға сенемін!

Бар жақсысын беретін, Жақсылыққа сенетін. Күн нұрындай шуағын, Барлық жанға төгетін. Мен жастарға сенемін!

Құлпыратын көктемдей, Көмек берер өткелдей. Мұңайғанға дем берер, Қуанар күн жеткендей. Мен жастарға сенемін!

Жаздай жаны жайнайтын, Қателікке бармайтын. Қолдап әркез бір-бірін, Үзілгенді жалғайтын.

Мен жастарға сенемін! Қара бұлт боп аспанды,

44

Мұңайтса да жас жанды. Қадам басып сеніммен, Бағындырар асқарды. Мен жастарға сенемін!

Елім дейтін, жерім дер, Туған жерім төрім дер. Жоғалмайтын ешқашан, Бойындағы сенімдер! Мен жастарға сенемін!

БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ

Бүгін менің туған күнім, күн қандай?! Бүкіл әлем шуақ шашып тұрғандай... Күн күлімдеп, ыстық нұрын төгеді, Ықыласын мына маған бұрғандай...

Көңілімді шаттық үні тербейді, Әсем әуен жан дүниемді емдейді...

Қайғы менен мұңдар үнсіз жоқ болып, Амалсыздан алыстан қол сермейді...

Қуаныш пен шаттық үні алаулап, Жүрегімді нұрландырып арай бақ... Жарқырайды жүректегі сенімім, Барша адамға сұлулана қарайлап...

Бақыт құсы-маған кеп үн қатқандай, Жан дүниемді жылытып, от жаққандай... Қиындықты жеңу үшін қасқая, Жаратқаным қуат беріп жатқандай...

Би билейік, қуаныштан арылмай, Бұл өмірдің қиынына бағынбай...

45

Жадырасын жаздай көңіл нұрлана, Тау суындай, мөлдір бұлақ ағындай...

Шүкір Алла, осы күнге жеткіздің, Бүгін тағы бақытты жан еткіздің. Жар боп әркез мына маған Құдайым, Адастырма, жалғасынан текті іздің...

АЛҒЫС АЙТАМ

Күлімдеп Көкжиектен таң атқанда, Жаратқан ұйқымыздан оятқанда. Мың алғыс Жаратушы иемізге, Жеткізген мына бізді әр ақ таңға.

Күйіміз бұзылмасын болмашыға, Күн болмаса айымыз толмас сірә. Әрбір күнге мың алғыс ай, жылға да,

Айтамын мен, “шүкір” деп, тәубә қыла.

Сыйлаған “өмір” атты бұл ғаламды, Бастырған мейрімдікпен әр қадамды. Анашыма алғысымды білдіремін, “Ғұмырлы ет” деп, Аллаға жан Анамды.

Әкелерге алғыс көп бауырларға, Сәлем қып, алғыс айтам ауылдарға. Мың алғыс, рахметім ұшан-теңіз, Дос-жаран, туған-туыс қауымдарға.

Болады әрқашанда еңсем биік, Жүремін Жаратқанға басымды иіп. Таныстарым, достарым сен аман бол, Айтамын өздеріңе алғысты үйіп.

46

Кей кездері болады өмір қатал, Бірі мақтап, кейбірі даттап жатар. Айтарым сол алғысым өздеріңе,

“Қуантсын” деп ақ таңың, күнің батар.

Ренжімеймін ешкімге кінә артпаймын, Көктемдегі жайқалған гүл бақтаймын. Сындырса да сағымды кейбір жандар, Қарсыласып оларға үн қатпаймын.

Мейлі мені өсектеп, жаман етсін, Ондай жанның сөзіне мін тақпаймын.

Айтарым тек мың алғыс шын жүректен, Барлығыңды құрметтеп, ардақтаймын.

Байқаусызда назардан тыс қап қойсаң, Кешіріңдер адамдар жаны жайсаң. Көктемнің ең алғашқы күнінде бұл, Басымды иіп сіздерге алғыс айтам.

АСЫЛ ӘКЕ, ЖАН ӘКЕ ЕСКЕ АЛАМЫЗ

Жиырма жыл уақыт өтті зымырап, Қасымызда жоқсыз әке сіз бірақ. Сағынамыз өзіңізді еске алып,

Сіздің жарқын бейнеңізді, біз жылап.

Есімізде әрбір айтқан сөзіңіз, Үн қатардай суреттегі көзіңіз.

Жиырма жылда бойымызды түзедік, Жиырма жасты артқа салып өзіміз.

Сіз болсаңыз мәңгі жас боп қаласыз, Біздер үшін жан әкешім данасыз. Асқар таудай алыстан қол бұлғайтын, Жадымызда қорған болар панасыз.

47

Еске алады сағынып бала-шағаң, Адал жарың, жаулықты асыл анам. Немерелер бар әке сізге ұқсайтын, Өзіңіздей ерекше алтын адам.

Дұға етеміз күнінде Оразаның, Тыныш болсын деп Әке сенің жаның. Өзіңізге бағыштап құранды Әке, Жасаудамыз ниет қып бар амалын...

ДОС БОЛҒЫМ КЕЛЕД(І) СІЗБЕНЕН

Дос болғым келед(і) сізбенен, Ақындар жүрген ізбенен. Бұлт үйрілсе де басыңа, Достықтың жібін үзбеген.

Дос болғым келед(і) сізбенен, Көңілім достық іздеген. Тілейтін сізге жақсыны, Достардан артық жүздеген.

Дос болғым келед(і) сізбенен, Үміттің отын үзбеген.

Амал дос емес, адал дос, Болатын әркез сізбенен.

Дос болғым келед(і) сізбенен, Сыйластық сақтап “сіз” деген. Жақсылықтарын міндет қып, Шұбарлап жіпке тізбеген.

Дос болғым келед(і) сізбенен, “Мен” емес әркез “біз” деген. Құлпырған көктем өтсе де, Болатын бірге күзбенен…

48

Шынайы достық көп болсын, Қайғыларыңыз жоқ болсын. Адал достар бар болып,

Амал достар жоқ болсын!

ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН Бабалардың жанымен келген - Жеңіс!

Жеңіс күні еске түсер сол күндер, Талай жанның жанарынан жас тамып. Бұл күндері мұңаямыз үн қатып, Небір қанды ұрыстарды еске алып.

Отан үшін жанын берген соғыста, Қару алған қолына қайран бабам. Бас имеген жауларына, именбеген, Өздеріңдей батырды қайдан табам?!

Еліміздің қайсар, мықты батыры, Бауыржандай Момышұлы атам бар, Ұлы Отан соғысында атойлап, Тайсалмайтын нағыз батыр атанған. Әр жеңісін ұштастырып қазақпен, Әрбір сөзі бастау алған отаннан.

Қазағымның қосу аруы, қос гүлі, Әлия мен Мәншүк жайлы сөз бөлек. Кеуделерін оққа тосқан қасқайып, Бұл қыздардың батырлығы өзгерек. Өз еркімен аттанып қан майданға, Ерлікпенен өлім құшты ертерек…

Қарап жатпай бұл соғыста қазағым, Батырлық пен жігерлікті сақтады. Отан үшін, елі үшін шайқасып, Сенім артқан ел үмітін ақтады…

49

Өлім дейтін тажалмен кеп бетпе-бет, Оққа тосты кеуделерін берілмей. Ұрандатты алға қойып мақсатын,

“Қайтамыз” деп, “бұл соғыстан жеңілмей!”

Батырлықпен тайсалмай берген жанын, Аталарға мың тағзым біздің елден. Нәзік жанды арулар гүл жайнаған, Апаларға мың тағзым соғысқа ерген.

Батырлардың рухына бас иеміз, Жеңіс күнін біздерге алып келген. Регстаққа ту тігіп Қошқарбаев,

Қазағымның жұлдызын жағып берген.

Соғыс көрген ардагерлер бар бізде, Қатарлары азайып бара жатыр. Таяқтарын сүйеу қып еске алады,

Сол жылдары болғандай заман ақыр.

Жеңіс күні қуаныш көптеп болып, Молшылықтан Жаратқан құр қылмасын. Бабалардың жанымен келген жеңіс,

Бұл жеңістің ақ жолы құртылмасын!

Еске аламыз ұмытпай, батырлардың, Өлеңдетіп, есімін ұлықтаймыз.

Тілек тілеп Алладан, “соғыс” сөзін, Айтылмастай өшіріп, құлыптаймыз!

Басымызға қара бұлт үйрілмесін, Қуат беріп Алла ішер асымызға. Тура жолдан адаспас ақыл берсін, Үлкені бар кішісі, жасымызға!

50

1-ШІЛДЕ ДОМБЫРА КҮНІНЕ

Күй ойнайды-домбыраның үнімен, Жыр толғайды-домбыраның бірімен. Домбырашы, әнді сүйер жандарды, Құттықтаймын домбыраның күнімен.

Жасай берсін домбырасы қазақтың, Болмасын еш, қуғындалар азап күн. Бұл домбыра қазағымның айнасы, Көңіл-күйін көрсетер бар қазақтың.

Өзің барда қазақтығым жайқалар, Ата-баба мұрасы боп байқалар. Домбырамыз әрбір үйде тұрса егер,

Жандүниеміз шаттықта боп, жай табар.

Домбырамен ат үстінде ән айтқан, Домбырамен айтыс жасар әр жақтан. Ұлттық өнер иесі бұл домбыра,

Жан дүниеңе азық берер жан-жақтан.

Қазақ елі құтты болсын бұл бір күн, Домбырадан төгілетін ән мен жыр. Домбыраның үніменен тербелсін, Қазақ дейтін жаны жайсаң елі бір!

МЕН СҮЙСЕМ СҮЙЕМІН

Мен сүйсем, сүйемін, Аспанды ашық қып, Көруге асық қып, Өмірге ғашық қып, Шуақты арайды, Көңілге шашық қып.

51

Мен сүйсем сүйемін, Көктемдей құлпырып, Көмейге жыр тұнып, Жақсыға ұмтылып, Алыстан баурайтын, Толқындай бұлқынып.

Мен сүйсем сүйемін, Жанымды балқытып, Барымды шалқытып, Таңымды қалғытып, Жаныма дем берер, Әуезді ән күтіп.

Мен сүйсем сүйемін, Қуанып, шаттанып, Жаманнан сақтанып, Шынығып, бапталып, Махаббат еліне, Ертемен аттанып.

Мен сүйсем сүйемін, Жұлдыздай жарқырап, Ағындай арқырап, Жайқалып бар қырат, Жайменен үн қатып, Жай-күйді талқылап.

Мен сүйсем сүйемін, Жүректің үнімен, Көктемнің гүлімен, Өмірді сынымен, Көңілге күй берер, Әнімен, жырымен.

Мен сүйсем сүйемін, Сары күз даламды,

52

Құлпырған қаламды, Сай менен саламды, Қылықты сәніммен, Тәнті етіп ғаламды.

Мен сүйсем сүйемін, Ызғарлы ақ қарды, Қыстағы бақтарды, Қара мен ақтарды, Жүрекпен сезініп, Оқылған хаттарды.

Мен сүйсем сүйемін, Қолдағы барыммен, Намысым, арыммен, Ататын таңыммен, Елімді сүйемін,

Ақ адал жаныммен!

КЕЛШІ ЖАНЫМ

Сағыныштан жанарыма жас келген, Күндерім-ай сені іздеумен өткерген. Екеумізді алшақтатқан тағдыр-ай, Сені ойлаумен өртенуде от кеудем.

Келші жаным…

Жанарыма куаныш берші жаным. Келші жаным…

Өміріме шаттық боп енші жаным. Келші жаным

Келші жаным

Шын ғашықпын өзіңе сенші жаным, келші жаным…

Сен деп соққан жүректі көрші жаным.

53

Баурап алар сенің тәтті сөздерің, Қызғанамын көздерінен өзгенің. Алаулаған сезіміме өртеніп,

Сені аңсап Ай астында кезгенім.

МАҚАЛДЫ ШУМАҚТАР

«Қырық үйден тыйым» дейді қыздарға, Сөз төркінін түсінген жан ескерер.

«Қыз ал» дейді көріп қыздың анасын, Анасындай қызы болар,— деп сенер.

«Ұлдың жолы ұлы жол», —қателеспе, Ел бастайтын, қорғайтын туған жерін. «Ерлер тұрар бір саты жоғарыда», Сыйлау керек құрметтеп әйел ерін!

«Базар» дейді халқымыз:«Балалы үй», Балаларды қорғайтын Ана болсын! Үйдің сәнін келтірер, өмір мәнін,

Бала-шаға ағайын аман болсын!

«Әке-Асқар тау болса, бұлақ —Ана» Бала шаға жайқалған болар құрақ. Ата-ананы құрметте бар кезінде, Өкінерсің кеш болса сосын бірақ!

«Қазыналы мекен ол, қарты бар үй», Бақ-береке, ынтымақ, бірлігі бар.

Сыйлай білсек қарттарды кем болмаймыз, Баталы үй, жарқырар түндігі бар.

«Еңбек етсең емерсің»,- жейсің нанын, Жақсы көріп, жұмысым бағым дейсің! «Еріншектің ертеңі таусылмайды», «Ертең барам жұмысқа»…тағы үндейсің!

54

«Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам», Бақ әкелмес өтірік ешқашанда. «Баспайды өрге өтірік», көңіл солар,

Шындық болсын, шыншыл бол әрқашанда!

«Ана тілі — бәріміздің анамыз», Ұлтымыздың анасы ол өйткені. Мәртебесі тілімнің биік болса, Көгереді көңілімнің көктемі.

«Отан деген басталар отбасынан», Әр отбасы кішкентай бір мемлекет. Жанұяда сыйластық, бірлік болса, Жоламайды біздерге еш бәлекет!

БІРТУАР ЖАН, НАР ТҰЛҒА (Ахмет Байтұрсыновқа)

Бір туар жан, нар тұлға жаны таза, Қазақ тілін сөйлеткен, әдебиетін. Еңбек етіп ақ адал жолыменен, Көркемдеді қазақтың мәдениетін.

Байтұрсынов ол Ахмет білсеңіздер, Жүзінде нұр, бойында дарыны бар. Қарсы шыққан билікке қайсарлықпен, Бой қарыған сөзінде жалыны бар.

Ұстаздық қып мектепте қызмет етті, Бойындағы дарынын, бәрін салып. Шамнан шырақ жасады еңбегімен, Болашаққа үміттің отын жағып.

Әріптерді сөйлетіп тізбегімен, Қызықты етіп жасады Әліппені.

55

Әліппенің атасы Байтұрсынов, Оңай жолын оқудың тауып берді.

Әліппеден бастаймыз оқуды біз, Білім алу жолында қанаттанып. Ұмытпаймыз ешқашан ұлт атасын, Кітаптарды ол жайлы сан ақтарып.

Әдебиетші атаның аты әйгілі,

«Қырық мысал», «Маса» атты еңбегі бар. Дәріптеді ол, Абайдың шығармасын, Ұлтымызға пайдасы берері бар.

Елі үшін ұйқысын төртке бөлген, Бұл күндері Ахметтің аты аңыз. Үн қатады өткен күн тарихымнан, Оны білу қашанда бізге парыз!

ОТАНЫМ — ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Асқар тауы, белі бар,

Көк майса орман, көлі бар. Жер анамыз сыйлаған, Алтын, күміс кені бар. Отаным —Қазақстаным!

Жазиралы жері бар, Қазақ дейтін елі бар. Жеті атасын сақтайтын, Айнымайтын тегі бар. Отаным — Қазақстаным!

Көк байрағым желбірер, Ет жүрегім елжірер. Елтаңбам бар пырақты, Қос қанатты ат тең жүрер Отаным — Қазақстаным!

56

Әнұраным жүрегім, Саған құлақ түремін. Жеміс беріп жеңісің, Алға бастап тұр елім! Отаным — Қазақстаным!

Астанамыз бас қала, Жаңа қала, жас қала. Бір өзіне баурайтын, Жасай берші — Астана!

Отаным — Қазақстаным!

Алматым бар алмалы, Әрбір жанның арманы. Өнер, білім мекені, Сұлуланған жан-жағы. Отаным — Қазақстаным!

Жасыл аймақ — Шымқалам, Шыршалары шырмаған. Үшінші мегаполисім,

Жан тербейтін жыр қалам. Отаным — Қазақстаным!

Атыруым, Алтайым, Шығысымды байқайын. Солтүстік бар, оңтүстік, Қайсы бірін айтайын?! Отаным — Қазақстаным!

Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб. Деп айтқандай, Түркістан, Берер бізге кілең бақ! Отаным — Қазақстаным!

57

Ауылдарым қаншама, Қазық болған баршаға. Ауыл алтын — бесігім, Жүрем сен деп ән сала! Отаным —Қазақстаным!

ТАЛАП, ЕҢБЕК, ТЕРЕҢ ОЙ

Қазіргінің адамы қандай өзі, Өсек сөзге сенеді жетпей көзі.

Біреулерді сыртынан ғайбаттайды, Сүйектерден өтердей әрбір сөзі.

Қаулатады өсекті жанған оттай, Одан басқа айтатын шаруа жоқтай. Бір ортаға жиналып жамандайды,

Бірін-бірі қолпаштап, тыныш жатпай.

Қайда бастап барамыз қайран қазақ, Өзгелерді жамандап, қылып мазақ. Көтерейік оданда қазағымды, Халықпыз ғой онсызда біздер аз-ақ.

Мейрімсіздік бастайды адасуды, Өзімшіл боп атаққа таласуды. Бауырмалдық қалады жетімсіреп, Алға қойып әр істі санасуды.

Мақтаншақтық, өтірік, өсегі бар, Мал шашпақтық, еріншек кеселі бар. Бес дұшпаның осылар Абай айтқан, Арылмасақ бұлардың өсері бар.

Талап, еңбек, терең ой — бізге керек, Қанағат пен рахым бар жанға медет. Бес асыл іс осылар, алға бастар, Бұлар барда жанданар өмір дерек...

58

БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ, АНАШЫМ!

Бүгін менің туған күнім, ағайын, Жаңа жасым, сәлемдесіп алайын! Жаңа жастың сезініп бар жақсысын, Шуақ берер күнің болып тарайын!

Бүгін менің туған күнім, анашым, Бір өзіңсің, мен үшін ең дара шың. Жан анашым өзіңізге бас ием, Әрқашанда ойлап жүрер баласын.

Бүгін менің туған күнім, бауырым, Бірге білем туған-туыс, ауылым. Сіздерменен әрбір күнім шырайлы,

Сіз аман бол, жақындарым, қауымым!

Бүгін менің туған күнім, достарым, Сіздерменен ашық менің аспаным. Сыйластықта бірге жүрсем сіздермен, Құлпырады гүлдей болып жас жаным.

Бүгін менің туған күнім, қараңыз, Алла қолдап алға жүріп барамыз. Ден сау болып, әр күніміз нұрлы боп, Жақын болсын, алыстамай арамыз.

Бүгін менің туған күнім, бұл күні-ай, Аман болшы қазақ елім, жұртым-ай! «Әттеген-ай» күндеріміз жоқ болып, Күндеріміз көп болсын дер: «Шіркін-ай!»

59

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ

Желтоқсанның әр күнінде жастардың, Үндері бар, шығар биік асқардың... Қыршын кеткен боздақтарды еске алып, Тағзым етіп өлеңімді бастадым.

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы, Ойлай қалсам жүрек сыздап, мұздады. Желтоқсаны есте сексен алтының, Ұмытылмас бойға сінген сыздары...

Желтоқсанның желі жанды тоңдырды, Жас өмірді бір-ақ демде солдырды. Желтоқсаншы сол жастарым еліме, Тәуелсіздік туын биік қондырды.

Желтоқсанның шырқалатын әні бар, Тәуелсіздік мерекесі сәні бар.

Он алтыншы желтоқсанда еліміз, Қуаныш пен мұңды алқа қып тағынар...

Желтоқсанның айы осы сұрапыл, Боздақтарды еске алып тұра тұр. Қайрат, Ләззәт, Сәбиралар, Ербол бар, Дұға жасап, тағзымыңды қыла тұр.

Желтоқсанның ызғары — ол мәңгілік, Жадымызда тұрады әркез жаңғырып. Тәуелсіздік мерекесі тойлансын, Егеменді елімізде сән құрып.

60

АЛТЫН АҒАМ ЖАНАШЫР

Мейрімдікпен үндейтін, Менмендікті білмейтін. Алтын ағам жанашыр, «Жымия түс, күл» дейтін.

Біздерге айтар сөзі бар, Қарапайым, біз ұғар. Алтын ағам жанашыр, Адалдықты жыр қылар.

Құлазыған жаныңды, Жылы сөзбен емдейтін. Алтын ағам жанашыр, Әр сөзі жан тербейтін.

Адамдарды бөлмейтін, Өсек сөзге ермейтін. Алтын ағам жанашыр, «Жақсылыққа сен» дейтін.

Алдамшы өмір жолында, «Тек өзіңе сен» дейтін. Алтын ағам жанашыр, «Қиындықты жең» дейтін.

Адамдарды баурайтын, Үзілсе жіп, жалғайтын. Алтын ағам жанашыр, Бар жақсысын арнайтын.

Қуат, қайрат дем берер, Барлық жанды тең көрер. Алтын ағам жанашыр, Самал желдей тербелер.

61

Амандықта болшы аға, Алла өзі жар болып. Ағам менің жанашыр, Жүріңіз сіз бар болып.

ӘППАҚ АНАМ, ЖАН АНАМ АЛТЫН АНАМ

Әппақ анам жан анам, алтын анам, Жұлдыздайын аспанда жарқыраған. Жүзі жылы, ақ жарқын мейірімді, Түсінетін әр сөздің парқын анам.

Әппақ арын ешқашан кірлетпеген, Сөз айтатын шынайы бізге еппенен.

Шыншыл бол деп, қашанда көпшіл бол деп, Алтын анам үн қатар жүрекпенен.

Әппақ сүтің дем беріп жанымызға, Сәтті атуда бүгінде таңымыз да. Қуанамыз шүкір деп, тәубе етіп, Қасымызда Анашым барыңызға.

Әлдиіңмен өсірдің алақанда,

Әр күніңе шүкір қып Жаратқанға. Ішпесең де өзің ас, бізге бердің, Қарлығаштай қамқор боп балапанға.

Асыл анам, Анашым біздер үшін, Тау қопарар білемін сенің күшін.

Балаларым, шырағым, құлыным деп, Әрбір істің жасайсын көңілдісін.

Біздер үшін көрдіңіз пейнетті көп, Нәсіп етсін Жаратқан зенейтті көп. Ұлым дедің, қызым деп алаңдадың, Таңдарыңды атырып ұйқысы жоқ.

62

Болды Анашым, енді сіз алаң болмай, Өмір сүрші күндерді күнге жалғай. Жағдайыңды жасайды балаларың, Сыйлап сізге Анашым күнді балдай.

Бүгін міне алпысқа адымдадың, Сәтті болсын Анашым адымдарың! Ғұмырыңыз ұзақ боп, жүз жасаңыз,

Жымың қағып, жарқырап бағыңда күн!

Немерелер қуантсын жаның жайнап Шөбере көр Анашым, бұлбұл сайрап. Ағайындар, туыстар, бауырлардың, Ортасында жүріңіз күліп-ойнап.

 ОТБАСЫҢ ОЛ — БАҚЫТЫҢ БАҒА ЖЕТПЕС

Отбасың ол — бақытың баға жетпес, Табылатын қасыңнан әрқашанда. Тастап сені кетпейтін жанашырың, Күн туса да басыңа, шаршасаң да.

Отбасың ол — бақытың баға жетпес, Төгер саған жылуын күндей болып. Тілекшің боп жүретін жақындарың, Жұдырықтай жұмылып, бірдей болып.

Отбасың ол — бақытың баға жетпес, Сый боп саған берілген бір Алладан. Бар жақсыны тілейтін жанұяң ол, Алаң болмай сен үшін тұра алмаған.

Отбасың ол — бақытың баға жетпес, Қыста жылу беретін, тоңдырмайтын. Бұлт үйрілсе басыңа, бұл тағдырдың, Тәлкек етіп, сынына қалдырмайтын.

63

Отбасың ол — бақытың баға жетпес, Қиналғанда демейтін қуат беріп. Шаттығыңды асырар отбасың ол, Нұрын шашар күндей боп, шуақ беріп.

Отбасың ол — бақытың баға жетпес, Ыстық ұяң тербейтін махаббатпен. Бақыттымыз, бақытты қадірлейік, Кірлетпей еш біз оны жаман атпен!

АНАНЫҢ МЕЙРІМІНДЕЙ МЕЙІРІМ ЖОҚ

Ананың мейріміндей мейірім жоқ, Көрседе бұл өмірде тауқымет көп. Ойлайды әрқашанда балаларын, Бірінші, бәрінен де бірінші боп.

Ананың мейріміндей мейірім жоқ, Беретін баласына мейірі көп. Баласы қуанса егер, шаттанса егер, Жүретін гүлдей жайнап, көңілді боп.

Ананың мейріміндей мейірім жоқ, Түседі жанып тұрған отқа да көп.

Мен күйсем күйейін деп, тек баламның, Жүретін шалмасын деп басынан от.

Ананың мейріміндей мейірім жоқ, Баласы үшін алаңдар уайымы көп.

Мен аш болсам болайын, тек баламның, Болсыншы деп қашанда қарыны тоқ.

Ананың мейріміндей мейірім жоқ, Қартайса да ойлайтын баласын көп. Ана үшін балалары аман жүрсе, Жүреді жүзі жайнап, бақытты боп.

64

ҮНСІЗ ЖҮРЕК ЖЫЛАЙДЫ

Түсінер жан бар ма екен, Мендік мына күйімді. Ойлап небір жайларды, Іштей жаным күйінді.

Тыным бермей жалғыздық, Үн қатады жүрегім. Махаббаттан бір жола, Үзгендейін күдерін...

Бірі алдайды аймын деп, Жарық берер түндегі. Енді бірі күнмін дер, Жылу сыйлар үндері...

Біреу қарар қалтаңа, Тесік болса жоқ болар. Жақсы көрген сөздері, Алдау, арбау боп қалар. Жүрсең егер жұмыссыз, Махаббат жоқ, сезім жоқ. Болса егер қызметің, Махаббат пен сезім көп.

Ақшаң болса қалтаңда, Сенен жақсы табалмас. Оттай жанған сезімі, Жүрісінен жаңылмас.

Бұлт үйрілсе басыңа, Кетер сезім жоқ болып. Орын алып бақа есеп, Сылтаулары көп болып.

65

Содан жүрек қалады, Жалғызсырап тағы да. Әлсін-әлсін үн қатар, Соғысынан жаңыла...

Үнсіз жүрек жылайды, Дертке іштей малынып. Жақсы адамды жібер деп, Жаратқанға жалынып...

МЕН МЫҚТЫМЫН

Үмітімнің сәулесі бұл сөнгенде, Бір жалын от жалт етеді кеудемде.

Берілмеймін, құқылымын бақытқа, Қадам басып алға қарай өрлеуге.

Құлап қалсам қайта тұрам аяққа, Жасытпайды алса да өмір таяққа. Шүкір Алла, бәрі жақсы бұл күнде, Беймаза күй тәтті түстен оятпа!

Мен мықтымын, жігерлімін, қайсармын, «Мықтымын» деп көп әлі де айтарым. Жан тербеген осы менің әлемім,

Сыйға берген ғажайыптың байтағын...

Дақ түспейді мендік аппақ көңілге, Көрсем-дағы қиындықты өмірде. Өмір ғажап, өзіме бар сенімім, Ұраным бар: «қиындыққа берліме!»

Мен емеспін сындарға бұл сынатын, Сәл нәрсеге күпірлікті қылатын. Әрбір күнді сезінетін жүрекпен, Мен қызыңмын өмір мәнін ұғатын...

66

БҰЛ ӨЛЕҢІМ

Бұл өлеңім — айнымас сырласымдай, Қиын сәтте қолдайтын мұңдасымдай. Қуанғанда қуанып, бірге болар,

Бұл өлеңім —жан досым, құрдасымдай.

Бұл өлеңім — басыма қонған бағым, Өлең барда кетеді жайнап жаным. Өлеңіммен қуанам жас баладай, Шырайлы да, шуақты атып таңым.

Бұл өлеңім — жанымның бір бөлшегі, Жүрегіммен сезінем, білем сені. Мұқағали өлеңін бір қайталап, Көтеремін биікке бұл еңсені..

Бұл өлеңім — күш берер бойтұмарым, Қуат берер жаныма бұл жырларым. Жаным жаурап тоңбаймын өлең барда, Көрсетсе де аязын, күн ызғарын...

Бұл өлеңім — көңілді нұрлы етер, Әрбір күнді бағалы, құнды етер. Өзің барда өлеңім жаным тыныш,

Жақсы көрем мен сені күннен бетер...

67

ҚАРТ АНАНЫҢ ҰЛЫНА ЖАЗҒАН ХАТЫ:

Жүрмісің ұлым,сен үйден жырақ, Үйдегі жайды білмейсің бірақ. Қарашаңырақ қаңырап бос тұр, Ішінде жүрмін сүрініп, құлап...

Қалаға кеттің қарамай артқа, Тамыры солып, қурады бақ та. Гүлді етер бақты ұрпағым сен ең, Барасың сен де айналып жатқа.

Қалада жүрсің ақшаға батып, Арыңды сол қу, ақшаға сатып. Бұл ақша сені жүрексіз етер, Ақшаны көрсең жаныңнан артық.

Ақшада тіл жоқ, сөйлесе алмас, Ақшада үн жоқ, тілдесе алмас. Бұл ақша сені Анаңдай болып, Мейірімімен құшаққа алмас.

Ақшада жан жоқ, келеді, кетер, Бұл уақыт тұрмас, сырғиды, өтер. Осылай жүрсең ақшаны пұлдап, Бір күні сенің түбіңе жетер.

* * *

Үйге қайт ұлым, кеш болмай тұрғанда, Ағайын, туыс достарың бұл маңда... Үйленіп үй бол, бағыңды жайнатып, Оралып үйге мен тірі тұрғанда...

Бұл сөзім шындық, ойланып қарағын, Күтумен сені талуда жанарым. Анаңның хаты соңғы рет жіберген, Оралшы үйге, кеш болмай қарағым...

68

* * *

Осылай жылауда қаншама Аналар,

Ұл-қыздар көп болсын Анасын бағалар. Қайғыдан қан жұтқан Аналар ауырып, Кешігіп қалмайық сан соғып, адамдар!

Ауырып қалмасын Ананың жүрегі, Ойлайтын әрқашан, баласын үнемі. Ананың кемесі тым алыс кетпесін, Үзіліп үміті, жоқ болып күдері.

КЕЙ АДАМҒА

Қарап тұрсам бұл өмір күрес екен, Тұңғиыққа кетер жан күреспеген. Кей адамға күн өтпес, қызық емес, Көшпен бірге соңынан ілеспеген.

Кей адамға минуты, сағат өтер, Таңы атып, зуылдап түні жетер.

Уақыт жетпей, үлгермей жатады олар, Жұмыстары қауырт боп күннен бетер.

Енді бірі — ісі жоқ, жұмысы жоқ, Алға қойған мақсаты, бір ісі жоқ. Қарны тойса болғаны ұйықтай берер, Қара суға семіріп, көңілі тоқ.

Кейбір жандар ақшамен кеуде қағар, Заңды басып белшеден, аузын жабар. Әкесі бай, бірінің нағашысы, Ақшаларын сөйлетіп көңлін табар…

Ал кейбірі жоқтан бар жасап жүрер, Оқу оқып, еңбек қып, өмір сүрер.

69

Адалдықтан танбайды ондай жандар, Әрбір істің маңызын, жөнін білер.

Ал біреулер мақтаншақ боп келеді, Мақтай қалса желдей боп тербеледі. Айналаға қарайды “мақтасын” деп, Олар үшін “мақтау сөз” ең керегі.

Ал біреулер мейрімді, қарапайым, Ойлайтұғын басқаның бақыт, жайын. Қуанышқа бөлейтін адамдар бар, Мейрімдікпен үн қатып әр күн сайын.

Өзімшілдер тағы бар “өзім” дейтін, “Ала берсем”, “жей берсем” өзім дейтін. Тым өзімшіл жан олар, көзі соқыр, Жақынының жай-күйін сезінбейтін.

Болашақтың қамын жер әрбір адам, “Көп болсын деп күніміз” жарқыраған. Бақыт деген байлықта, атақта емес, Екендігін түсінсе… барлық адам.

“Бақыт”- деген аман боп жүргеніміз, Сыйлы болып бірге өмір сүргеніміз. Қуанышта, шаттықта, ынтымақта, Өте берсін қызықты күндеріміз…

70

ТҮРКІСТАНЫМ

Ақ жүзіңе сұлуланған, Келеді қарай бергім. Жаныма нұр, жылу салған, Бағыма балай бердім.

Шуақ шашқан күнімдейсің, Ажарың баурап алды.

Бір іңкәрлік білінбей, шын, Жүректі жаулап алды.

Түркістаным — махаббатым, Аңыз қалам сен менің. Яссауиден шапағаттың, Тылсым күшін сеземін.

Керуен сарай көш бастады, Бір көруге асық қып. Субұрқақ, көл, көз тартады, Өздеріне ғашық қып.

Көзім тоймай қарай берем, Шырайлы келбетіңе.

Дәл өзіңдей жоқ деп білем, Сұлулық жер бетінде.

Жұлдыз сынды жарқырайтын Биік болсын мәртебең.

Саған деген махаббатым, Шексіз мөлдір бір әлем!

71

АЖЫРАСУ

Ажырасып жатыр ерлі-зайыпты, Кім екен-ау бұған бүгін айыпты. Тағдыр шығар, кім біледі, олардың, Сүре алмаған бірге өмірді байыпты...

Балалары жәутеңдейді, қарайды, Көре алмай шуақты таң, арайды. Ажырасу неге көп боп кетті бұл, Екі тарау жолға салған талайды...

Біреулері ажырасар жәй ғана, Ашуына жанарлары байлана. Ашу барда соқыр болар ақылы, Сабырсыздық санасына жайлана.

Енді бірі жолдан таяр, ашына, Сырттағы бұл жүрістерін жасыра. Ашылса егер аяқ асты жүрісі, Ажырасу келіп жетер қасына...

Байлық, атақ, мәнсәп қуар біреуі, Отбасының бағаланбай тілеуі.

Үйден емес сырттан іздеп жайлылық, Басталады жанның іштей жүдеуі.

Кейбіреуі аспандағы айды аңсар, Қызық болып өзге өмір жай-жапсар. Енді бірі тым қызғаншақ болады, Қызғаншақтық ажырауға жол бастар.

Денсаулық бар, ден сау болса шіркін-ай, Ажырасу бұзбас еді құлпын-ай.

Бала тумай ажырасар біреуі, Үрейленіп, өз-өзінен үркіп-ай...

72

Өмір шығар, тағдыр шығар барлығы, Әр адамның өз қолында тағдыры. Жыламасын ең бастысы балалар, Қуанышты, шаттықты боп әр күні.

Балаларға керек ана, әке де, Бала ортақ, мейірім төк, мәпеле. Ажырасу мұң бермесін оларға, Ата-ана боп биік шыңға жетеле...!

ТУЫСҚАНДАР, ТУЫС ЖАНДАР

Туысқандар, туыс жандар, ағайын, Сіздер үшін ашайын жан сарайын. Қуанышта, қайғыда да бір болар, Туысқандар бір кәдеңе жарайын...

Туысқандар, туыс жандар, бауырлар, Күлім қағып шуақты атсын таңың әр. Бауыр керек әр жанға бауыр керек, Қасыңыздан тілекшің боп табылар.

Туысқандар, туыс жандар, ағалар, Мерейіңді асқақтатып, бағалар. Күлімдесең қуанатын шаттана, Ал мұңайсаң көңіліңді таба алар...

Туысқандар, туыс жандар, әпкелер, Жақсылыққа сені әркез жетелер. Бақыттысың әпкең болса қасыңда, Жан әпкеңе жас балаша еркелер...

Туысқандар, туыс жандар інілер, Жанашыр жан мейірімді сіңлілер. Сендер барда көңіліміз жай біздің, Сәл жоқ болсаң орындарың білінер...

73

Туысқандар, туыс жандар, жеңгелер, Айтыңдаршы, сіздерге кім тең келер. Келіндер ғой жақсылыққа бастайтын, Қолдап әркез отбасына дем берер...

Туысқандар, туыс жандар, жезделер, Сіз жақсысыз не десе де өзгелер.

Той думанда, жиындарда күйеудің, Қайынжұртта қызмет етер кез келер.

Туысқандар, туыс жандар нағашы, Нағашыны жақыныңа балашы. Бөлелер мен жиендер бар туысың, Бақыттысың, жан-жағыңа қарашы...

Туысқандар, туыс жандар барлығы, Бірге болса жарқырайды ай, күні. Сыйластықпен араласса тату боп, Осы емес пе бұл өмірдің байлығы?!

ОЙЛАН ДОСЫМ

Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді,

Тым кеш етпей атқан таң, ерте күнді. Өткеніңе қарама, салауат айт,

Өз-өзіңнен жей бермей іште мұңды...

Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді, Жақсы ойда қарсы алып көктеміңді. Ата-анаңа қарайла, жақсылық ет, Қуат беріп өсірер өркеніңді...

Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді, Ойға алмай біреуге кектенуді. Өкпе, реніш жеткізбес мұратыңа, Тоқтатпасаң ашу мен жек көруді.

74

Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді, Осы күнге сен қалай жеткеніңді. Болашаққа қарағын зор үмітпен, Таразылап ойға алып өткеніңді.

Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді, Қанша жанды бақытты еткеніңді. Әр күніңді бағала, қуана түс, Шүкірлік қып әр таңға жеткеніңді...

Өмір қысқа қамшының сабындай бұл, Бұл өмірде жарқырап, жалындай біл. Әрбір жанмен тату бол, сыйласып өт, Өкпелеумен өткізбей уақытты құр...

ӨМІР ДЕГЕН ҚЫЗЫҚ-АҚ

Өмір деген қызық-ақ қарап тұрсақ, Сан мың тағдыр бар екен көңіл бұрсақ. Бір кем дүние жетпейтін бәріне де, Қатты кейде болатын өмір жұмсақ...

Біреуге таң сыйласа нұрлы арайын, Ал біреуге сыйлайды мұң талайын. Алма-кезек өмір-ай ақ, қаралы, Келтіретін Жаратқан өз орайын...

Бірде өмір болады жаздай жылы, Бүршік атып, тамырлап бақыт гүлі. Гүл өмірің біртіндеп күзге ұласар, Самал желдей тербеліп жүрек үні...

Қыстай суық болады кейде өмір, Ызғарына малынып жайдар көңіл. Аппақ ұлпа мамықтай қар жауса да, Шетте қалып дақ түскен қайран сенім...

75

Ал көктемде бәрі де жаңарады, Зіл батпаннан көңілің тазарады. Бұл өмірге қарайсың жаңаша сен, Жанды тербеп өмірдің ғажап әні.

Осылайша жалғасар өмір деген, Бірде көктем, бірде күз көңіл деген. Қысы да бар, жазы да арасында, Күйбең тірлік жалғасқан өмірменен.

Өмір солай күн санап жалғасады, Бітпейтіндей бұл өмір үн қосады. Біреу келер өмірге, біреу кетер, Өмір заңы осылай алмасады...

ӨТКЕН КҮНГЕ САҒЫНЫШ

Сол күндерді асыр салып ойнаған, Сағынамын, сағынумен ойға алам. Өмір жайын берген шақтар балалық, Бауырына басқан шұқыр-ой, далам.

Қыстың күні қуантатын қарлы аспан, Ақ ұлпамен қиялымыз ұштасқан.

Ал көктемде ойнақтаған күндер-ай, Жауынымен үн қататын нұрлы аспан.

Жаз келгенде жадырайтын жанымыз, Шуағымен тербеп жанды таңымыз. Қауын-қарбыз, жеміс-жидек жаңғырып, Жарасатын әніміз бен сәніміз...

Ал күз келсе мектеп ашқан құшағын, Сағынышпен бізді күтіп, құшатын. Қимай кеткен мектепті біз әлі есте, Келген кезде қанат қағып ұшатын.

76

Отбасымен бірге жүрген шақтар-ай, Ата-ананың мейрімінен бақ тарай. Асқар таудай Әкелерге еркелеп, Анамызбен бірге жүрген бақтар-ай...

Бауырлармен бірге атқан таңымыз, Асыр салып ойнақтаған тағы біз. Бірге туған бауырлар-ай, бірге өскен, Қандай қызық біздің бала шағымыз...

Сол күндерді сағынамыз, іздейміз, Бақытты едік сол шақтарда біз дейміз. Енді міне баламызды тәрбиелеп,

Бала күннің сен қадірін біл дейміз.

СЕЗЕМІСІҢ СЕН ОНЫ, НЕГЕ ІЗДЕДІМ?!

Арайлы атар таңдардан сені іздедім, Жемісі көп баулардан сені іздедім. Сені іздедім көңілім байыз таппай, Сеземісің сен оны, неге іздедім?!

Асқаралы таулардан сені іздедім, Есік алды, ауладан сені іздедім. Сені іздедім тыншымай ет жүрегім, Сеземісің сен оны, неге іздедім?!

Қазақтың даласынан сені іздедім, Қазақтың баласынан сені іздедім. Сені іздедім жүрегім дүрсіл қағып, Сеземісің сен оны, неге іздедім?!

Ақша бұлттан, жауыннан сені іздедім, Қаладан да, ауылдан сені іздедім. Сені іздедім арманым асқақ болып, Сеземісің сен оны, неге іздедім?!

77

Жаздан, күзден, қыстан да сені іздедім, Көктемнен де, бөктерден сені іздедім. Сені іздедім көңілім алабұртып, Сеземісің сен оны, неге іздедім?!

Сеземісің расында, неге іздедім? Буырқанған жаныма егіз бе едің?

Бұл жанымды толқындай тербелейтін, Сұлулана толқыған теңіз бе едің?

БІРЕУГЕ МЕН

Біреуге мен — жақсы жанмын, ұнаймын, Жарқыраған аспандағы Күн, Аймын. Мені көрсе қуанатын жандар бар, Көргендейін жанға жақын Күн, Айын...

Біреуге мен — ұнамаспын, жақтырмас, Ілік іздеп сөздерімді жақ қылмас.

Мені көрсе сырт айналып өтер-ау, Сылтау айтып, орағытып таптырмас.

Біреуге мен — шуақ шашар араймын, Жылу беріп, күн нұрындай тараймын. Жақсы көріп, мені іздеп тұратын, Жақсы адамы болармын мен талайдың.

Біреуге мен — ұнамайтын шығармын, Жүрген жерін көңілсіздеу қылармын. Араласар адамдардың ішінде,

Олар үшін ең соңында тұрармын.

Біреуге мен — ең керемет адаммын, Биік шығар басқалардан бағам мың. Кезіктірсе қуанар-ау, шаттана, Көргендейін үлгі тұтар адамын.

78

Біреуге мен — өсек болып жүрермін, Өсек болып түстеріне кірермін.

Мені олар даттайтын да шығар-ау, Мен жайында жіпке тізіп білерін...

Өзім жайлы ой қозғасам қосып-ай, Қалмаңыздар мына менен шошып-ай. Ақ пен қара қатар жүрер қашанда, Бізге берген өмір заңы осылай...

ЖІГІТТЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ

Қиянатқа бармайтын, Қыран құстай самғайтын. Әрбір қазақ жігіті, Айтқанынан танбайтын!

Жүрегінде жалын бар, Өн бойында дарын бар. Біздің қазақ жігіттер, Жанған оттай жалындар!

Аманатты жақтайтын, Шыншылдықты сақтайтын. Қайсар, батыр жігіттер,

Ел үмітін ақтайтын!

Жеріміздің қорғаны, Еліміздің зор бағы. Айбыны асқақ жігіттер, Қазақтың ну орманы…

Биік ұстар туымды, Істері бар тынымды. Жігіттері елімнің, Жайлы етер күніңді…

79

Отаным дер, елім дер, Қазақстан жерім дер. Жігіттері қазақтың, Аппақ жүрек, сенімді ер!

Мен қазақпын, араймын, Көкжиектен қараймын! Күндей болып еліме, Жылу болып тараймын!

УАҚЫТ

Уақыт шіркін зырылдайды, тұрмайды, Өткен күндер алыстан қол бұлғайды... Біреулердің жастық шағын ұрласа, Біреулерге бағасыз күн сыйлайды...

Бір қарасаң таң атады, шуақты, Көп өтпей-ай кеш басады қыратты. Күйбең тірлік, өтіп жатқан өмір-ай,

Қуаныш пен күй сыйлаған бірақ-ты...

Сәбилерге уақыт жарқын үн берер, Әр күн сайын ақыл сана, сыр берер...

Қарт адамды ойландырып, тағдырын, «Өлім» деген алдан тосып үлгерер...

«Өлім»-деген жас кәріге қарамай, Келе берді-ау жан-жағыңды аралай... Көлік пенен әуенің көп апаты, Жаулап жатыр кей адамды жағалай...

Өтіп жатыр уақыт шіркін осылай, Өткен адам тарихқа үнсіз қосыла-ай... Эх өмір-ай, бүгін барсың, ертең жоқ, Ойлай қалсам кетем іштей шошып-ай...

80

«ӨСЕК»- ДЕЙТІН ІНДЕТ БАР ЕЛДІ ҚҰРТАР...

«Өсек»- дейтін індет бар елді құртар, Бауырмалдық, сыйластық, теңді құртар. Өсекшілер заманы орнағандай,

Бір құмалақ — бір қарын майды құртар...

Менің жаным жаралы сезесің бе? Жаралыны тағы да езесің бе?! Түсінбеймін бұл заман адамдарын, Құлай қалсаң жол берер кекесінге...

Құласаң сен кекетіп күліп тұрар, Сөздерімен суға сап тұншықтырар. Өсек десе жан берер жандар көп-ау, Жығылғанға жұдырық қылып тұрар...

Енді бірі отқа май құйып қашар, Бар өсегін жаудырып, өсек тосар. Отыз екі тістен шыққан сөздері, Отыз рулы елдің кеп бетін ашар.

Біреулерді күндейміз-ау сөз етіп, Күнә екенін білмейміз-ау, біз не етіп. Ал біреулер құласа аяқ асты,

Одан сайын тас атамыз біз жетіп.

Бауырмалдық қайда қалды, жоғалып, Барамыз-ау сыйластықты жоғалтып. Біреу келіп аузын ашса, даттаймыз, Көңіліге қайғы-мұңды оралтып.

Алаңдаумен осылай қадам басқам, Ертеңімді ойласам күйім қашқан. Әрбір қазақ бір-бірін демеп жүрсе, Болар еді-ау шіркін-ай ашық аспан?!

81

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМ СІЗДЕР БАРДА

Қазыналы қарттарым сіздер барда, Жай-күйіміз жанданар, көңіліміз. Көшбасшысы әр үйдің сіздерсіздер, Ақ батаңмен гүлденер өміріміз.

Қазыналы қарттарым сіздер барда, Болар әркез жанымыз жайма шуақ, Жүрсеңіздер көш бастап ортамызда, Нәр аламыз жанданып жанға қуат...

Қазыналы қарттарым сіздер барда, Үйімізде көп біздің мерекеміз. Отбасында қуаныш, шаттық орнап, Сіздерменен артады берекеміз.

Қазыналы қарттарым сіздер барда, Қуантады біздерді гүлді көктем. Болса-дағы сары күз салқындары, Жаздың жайма күндері көңілді еткен.

Қазыналы қарттарым сіздер барда, Мұңаймаймыз, тербейді бақыт бізді. Аман жүрші қарттарым, ауырмаңыз, Жалғап тағы көш бастап жарқын ізді...

82

ҚАЙРАН ТІЛ, ҚАЙРАН СӨЗ

Қайран тіл, қайран сөз наданға қадірсіз… Абай Құнанбаев

Қайран тілім, қайран сөз, Қадірі жоқ наданға. Түсіндіре алмассың, Түсінбейтін адамға…

Қайран тілім, қайран сөз, Түсіп кетт-ау қадірің… Шұбарланған түріңде, Қандай болмақ тағдырың?!

Қайран тілім, қайран сөз, Жеңіл болып барасың. Анайылық жаулады, Адамдардың арасын.

Қайран тілім, қайран сөз, Күйін кештің жетімнің. Күннен күнге барады, Аузы ашылып дертімнің.

Қайран тілім, қайран сөз, Жарқырайтын күн бар ма?! Биік болып мәртебең,

Бұл дүйім жұрт тыңдар ма?!

Қайран тілім, қайран сөз, Түсірмеші еңсені.

Ана тілім, сөзім деп, Биік қойсын ел сені!

83

ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ЗАМАН ҚАЙДА БАРАСЫҢ?!

Әр күн сайын азық-түлік құны өскен, Оны көріп елдің қайғы-мұңы өскен. Киімдердің бағасы тұр шарықтап, Кешегіден бүгін қымбат, күнде өскен... Қымбатшылық заман қайда барасың?

Пәтер алу арман болып талайға, Көңілдерді қайғы-мұңдар орай ма?! Кішкене үйім болса ғой деп біреулер, Ойлауменен жан-жағына қарайма?!

Жалдамалы пәтерде жүр көбісі, Келмегенмен бұған енді төзгісі. Пәтер ақы тағы да бұл қымбаттап, Жүргендер бар бұған тағы сенгісі...

Қымбатшылық заман қайда барасың?

Күпті болған жастық шақтық көңіл-ай, Біреуге арман студенттік өмір-ай... Түсе алмасаң грантқа, тегін оқуға, Есік ашпас қымбат оқу төрің-ай... Қымбатшылық заман қайда барасың?

Қымбаттауда мал бағасы, етің де, Шақ қалғандай ең шегіне жетуге. Тойшыл қазақ несиеге той жасап, Жұрттан қалмай солай қамын етуде...

Тағы қымбат қызға керек заттарың, Қолыңдағы ақшаға зат таппадың. Сосын тағы жағалайсың банкті, Ашып қайта несиенің баптарын... Қымбатшылық заман қайда барасың?

84

Страховка шықты ауруханада, Ол болмаса қаласың сен далада. Амалсыздан ем аласың ақылы,

Қарызданып қымбат болған бағаға... Қымбатшылық заман қайда барасың?

Дәрілерің тағы қымбат Құдай-ай, Ауырасың, грипп болсаң жұғады-ай. Бір отбасы бәрі ауырар шетінен,

Ал не дейсің, айтшы енді бұған-ай...

Қымбаттауда жылуың да, жарығың, Қосылуда үсті-үстіне тағы мұң. Суың менен газің де бар, бензин де, Қымбаттады телефонда тарифің.

Қымбатшылық заман қайда барасың?

Қосылғанмен зейнетақы құр мақтап, Жаны жоқтар шарықтап тұр қымбаттап. Зейнетақы өссе пайыз үстінен,

Екі есе өсер керек затың қылжақтап. Қымбатшылық заман қайда барасың?

Бәрі қымбат, жүретұғын жолың да, Қымбат тағы олың менен солың да. Кетіп барад(ы) адам құны арзандап, Қымбатшылық заманнан бұл торыға... Қымбатшылық заман қайда барасың?

85

КӨҢІЛІМДІ ЗІЛ БАТПАН БАСТЫ НЕГЕ?

Көңілімді зіл батпан басты неге? Жанарымнан қуаныш қашты неге? Неге адамдар қатыгез боп барады, Өзімшілдік көрсетіп, айтшы неге?

Уәде беру, сөз беру — жай сөз болды, Жағымпаздық, мадақтау ай сөз болды. Екі жүзді адамдар сайран құрып, Өтірікке айтқаны бай сөз болды.

Алдау, арбау, өсектеу көбейіп тұр, Айлакердің жүрісі кеңейіп тұр. Ғаламторда тағы бар бәтшағарлар, Алдап алып сұрайтын мөлейіп құн.

Сыйластықтар тасада қап барады, Ажырата алмай біз ақ, қараны. Сүрінгенге жұдырық болып біздер, Шығамыз-ау үстінен таптап әрі.

Бауырмалдық айналды салқындыққа, Достық сенім ұласып сатқындыққа.

«Өзім болсам», «мен толсам» заман болды, Өзімшілдік сызат сап жақындыққа...

Осыларды ойласам ұйқым қашар, Көңілімді зіл батпан қиқым басар. Зілді батпан қиқымнан құралатын, Сол қиқымдар өмірді қиындатар.

Зіл батпаннан құтылып, сыйласайық, Сүрінгенге демеу боп, мұңдасайық. Өмір жалған бір-ақ рет берілетін, Сыйластықпен одан да қырды асайық...

86

ҰСТАЗДАР ОЛ...

Ұстаздар ол... ғажайып, Көңілге нұр себетін. Шәкірттерге әрдайым, Бар жақсысын беретін.

Ұстаздар ол... ізгі жан, Білімге жол бастайтын. Шәкіртіне білгенін, Үйретуден қашпайтын.

Ұстаздар ол... еңбекқор, Шамнан шырақ жағатын. Балалардың әрқашан, Көңілдерін табатын.

Ұстаздар ол...ерекше, Көңілге күй сыйлайтын. Жақсы көріп шәкіртін, Жамандыққа қимайтын.

Ұстаздар ол... асылдар, Суыққа еш тоңбайтын. Білімі мен тәрбиесін, Шәкіртіне арнайтын.

Ұстаздар ол... сұлулық, Өмірге сән беретін. Жас өркенді қатайтып, Бойына нәр беретін.

Ұстаздар ол... бірлестік, Ынтымақпен жалғасар. Сыйластықты тұмар қып, Әр сөзіне бал қосар...

87

БІР КЕМ ДҮНИЕ-АЙ

Бір кем дүние-ай Арманыңды құм етер, Бір кем дүние-ай Жүргендейсің құр бекер. Жаның жайнап,

Бақ жұлдызың жанса да, Өміріңде

Жетпей бірі тұр ма екен?!

Бір кем дүние-ай Қалмағандай амалым, Бір кем дүние-ай

Жаным жаурап тоңамын. Сырттай күліп жүргеніммен, Жадырап,

Ауа жетпей

Іштей солып барамын.

Бір кем дүние-ай

Өтіп жатқан уақытым, Бір кем дүние-ай Келерме екен бақытым. Бақыттымын,

Дей тұрғанмен жетпейді, Өмір заңы

Алған үнсіз уақытын.

Бір кем дүние-ай

Бүгін барсың, ертең жоқ, Бір кем дүние-ай Дегенменен өкпем жоқ. Күйбең тірлік бітпейді екен, Жалғасар,

88

Жүрек соғып тұрғанында Көктем боп.

Бір кем дүние-ай Араз қылар адамды, Бір кем дүние-ай

Улап жатқан санамды. Уәде беру,

Орындамау айтқанын, Түсіруде

Адамдар-ау бағаңды...

Бір кем дүние-ай Әркім айтар бұл сөзді, Бір кем дүние-ай Ренжіскендер өзі-өзді. Бірі болса, бірі болмас Дүние-ай,

Еске салар

Балалық шақ бал кезді...

89

СЫЙЛАСТЫҚТА ЖАСАЙ БЕРШІ ЖАҚСЫ АДАМ

Жақсы адам — жақсы сөзді тереді, Жақсы ойлап, жақсылыққа сенеді. Жақсы достар бірін-бірі қолдап тек, Бар жақсысын қолындағы береді... Сыйластықта жасай берші жақсы адам, Сыйластық қой біздерге ең керегі....

Жақсы адам — көңілге күй сыйлайды, Жақындарын жамандыққа қимайды. Күндей болып шуақ шашып, нұрлана, Жақсы жанға бар жақсысын жинайды. Сыйластықта жасай берші жақсы адам, Жақсы адам жақсылығын тыймайды.

Жақсы адам— жарқырайды күн сайын, Жақсылық қып өмір сүрер жоқ уайым. Адамдарға көмек беріп, қол созып, Күндей күліп, жарқыратар түнде айын. Сыйластықта жасай берші жақсы адам, Жақсылық боп себелейтін нұрдайын!

Жақсы адам — санамайды бергенін, Жақсылығын жіпке тізіп, тергенін. Жомарттығын жариялап жатпайды, Мұқтаждарға берері мен бермегін. Жақсыларым, игі жандар әрдайым, Игі істерде жақсылық қып, ерлегін! Сыйластықта жасай берші жақсы адам,

Жақсылық қой, жанашыр боп келгенің!

90

БІР АУЫЗ СӨЗ

Бір ауыз сөз — жанарыңды мұң қылар, Көңіліңді түсірердей үн қылар.

Жан дүниеңді бей-жай күйде қалдырып, Өміріңді қызықсыздау қылдырар.

Бір ауыз сөз — қуанышқа бөлейді, Күн нұрындай шуағымен тербейді. Мұңға батқан көңіліңді көтеріп, Тайғанақтап құлауға жол бермейді.

Бір ауыз сөз — алға қадам бастайды, Қиындықтар келсе де еш саспайды. Қуатты қып, сенім беріп жаныңа, Сенімсіздік көңіліңді баспайды.

Бір ауыз сөз — жақсылыққа жол ашар. Аузың кеуіп шөлдегенде шөл басар. Бұл өмірден күдеріңді үзгенде,

Демеу сөзден күйбең өмір жалғасар.

Бір ауыз сөз — бұл жаныңды нұрлы етер, Өміріңді мағыналы, құнды етер.

Әрбір сөзден көңіл-күйің сөйлейді, Көңіліңді күйге қарай түрлі етер...

91

БАУЫР КЕРЕК АДАМҒА

Бауыр керек адамға — жанашыр жан, Бауырлардың жаралған жаны асылдан. Бауыр барда өмірің жанданады, Жаның жайнап мейрімді қарасынан.

Бауыр керек адамға — жаны жайсаң, Демейтін жан сүрініп, құлай қалсаң. Жаны ауырар сен үшін, алаңдайды, Бұл өмірден түңіліп, жылай қалсаң...

Бауыр керек адамға — жүрегі алтын, Түсінетін қашанда сөздің парқын. Бауырлардың барында шаттығың көп, Жақсылығын арнайтын, жүзі жарқын.

Бауыр керек адамға — қолдап жүрер, Жамандықтан әрдайым қорғап жүрер. Сен қуансаң қуанар екі-үш есе, Бауырың ол — сәлемін жолдап жүрер.

Бауыр керек адамға — бауыр керек, Бауыр барда мықтысың, күшті демек. Бауырларым бақытым, аман болшы, Өздеріңе жүрейін күнде еркелеп...

92

АУ ҚЫЗҒЫШ ҚҰС, ҚЫЗҒЫШ ҚҰС

Көк аспанды шарлаған ау қызғыш құс, Биіктерге мені өзіңмен алып ұш! Самғайыншы менде аспанда нұрлана, Қанатыңмен берші маған жігер, күш!

Армандарым менен алыс кетпеші, Мына менен сырт айналып өтпеші. Қуанайын менде ендеше балаша, Бақыт құсы маған қарай беттеші!

Мұң-қайғылар менен алыс тұрақта, Жанарымнан бір тамшы жас құлатпа. Шаттанайын көңілімде жаз орнап, Жамандықты жолатпашы бірақта!

Көрмейінші алдау, арбау барлығын, Адамдардың іштерінің тарлығын. Балалары үйлерінен кетірген,

Ата-ананың көрмейінші зар-мұңын!

Көрмейінші мейірімсіз балаңды, Баласынан бас тартатын анаңды.

Дем берейін мен де көктен жауындай, Нұрыменен жаңартатын даламды.

Бақыт болып енейінші әр үйге, Сыйластық қой керегі бұл пәниде. Ау қызғыш құс естимісің сен мені? Күтудемін әр күн сайын сені үйде!

93

ҚАЗАҚ ТІЛІМ

Қазақ тілім — шырқап айтар жыр-әнім, Қазақ тілім — сусындайтын бұлағым. Айдыныңа жүзсем-дағы күн сайын, Бітпейді еш саған деген құмарым.

Қазақ тілім — жүрегімнің үнісің, Жайма шуақ жылу берер күнісің. Тамыр жайып тереңінен нәр берер, Жанға жайлы хош иісті гүлісің...

Қазақ тілім — сен деп соғад(ы) жүрегім, Өзің барда бақытты өмір сүремін. Мәңгүрттерді көпшіл жерде көргенде, Алаңдаймын, жайыңды ойлап жүремін.

Қазақ тілім— еліміздің жанысың, Әр беретін, нәр беретін сәнісің. Бұлт үйріліп тұрса-дағы басыңа, Бұл елімнің баға жетпес бағысың...

Қазақ тілім — тынысымсың, өмірім, Саған қарай бұрып тұрар көңілім. Биік болсын абыройың ана тіл,

Өзің барда бойымда бар сенімім!

94

ЖЫЛТ ЕТЕДІ БІР ҮМІТ

Жылт етеді бір үміт жанды тербей, Ал қиялым шарлайды таңды бермей. Сыбырлайды іштегі қорқынышым, Гуілдеген мазасыз, сол бір желдей...

Ақылым мен жүрегім үн қатады, Бір-біріне бағынбай жырлатады. Бірі үмітке есік аш десе, бірі,

Қорқынышты бойында, тыңдатады.

Алай-дүлей іштегі бұл жай-күйім,

Бір шешімді қабылдау қандай қиын?! Ішкі дауыс сөйлейді қақ бөліне,

Ақ пен қара байланған болып түйін...

Арманым мен қиялым қосылып ап, «Тығылып тұр деп қояд(ы)» жасырын бақ. Алаңдайды мазасыз күйге еніп,

Бұл ақылым ертеңгі күнді ойлап.

Ішкі арпалыс осылай тартысады, Ақыл, жүрек шайқасып, талқысады. Үміт болса шырағын жарқыратып, Қуанышты үнімен таң құшады.

Ақыл айтты: нық болсын әр қадамың, Жүрек айтты: ғашық боп, бақ табамын! Үміт болса үн қатты екеуіне:

Бір болыңдар! Сендермен жақсарамын!

95

МЕНІ ҰНАТЫП, ҒАШЫҚ БОП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?!

Мені ұнатып, ғашық боп қалдыңыз ба? Ғашықтықтан бір хабар алдыңыз ба? Махаббаттың сезініп ғажайыбын, Әуелетіп сіз әнге салдыңыз ба?!

Айтыңызшы, ғашықтық қандай өзі? Жанды тербер шуақты таңдай ма өзі? Махаббаттан бақытты күйге еніп,

Пәк сезімді мәңгілік жалғай ма өзі?!

Білесіз бе, ғашықтық күйі қандай? Ғашығына беретін сыйы қандай? Соғады ма жүрегі дүрсіл қағып, Ғашықтықтан жай-күйін ұғына алмай?!

Үн қатама мені ойлап жүрегіңіз? Ғайып болып кеткендей күдеріңіз. Күй берді ма ғашықтық бір ерекше, Іштей көп боп жымиып, күлеріңіз?!

Бар ма өзі махаббат — дәл осындай? Төлеген мен Қыз Жібек жалғасындай! Қандай жағдай болмасын бірін-бірі, Жүреді ма әрқашан қолдасып-ай?!

Айтыңызшы, ұнатып қалдыңыз ба? Ғашықтардың еліне бардыңыз ба?! Қозы менен Баянның махаббаттын, Жүрекпенен сезіне алдыңыз ба?!

Шыныменде махаббат бар ма өзі? Жүрегінен шығатын бар ма сөзі?! Алдамшы ма бұл әлде, жалғандық па? Сұлуларды, айнитын, көрсе көзі...

96

ЕКІ ЖҮЗДІ АДАМДАР

Көбейюде екі жүзді адамдар,

Көз алдыңда маржан сөзін теретін. Көзің тайса өзгелерге қосылып, Өсек айтып, өсек сөзге еретін.

Көбеюде екі жүзді адамдар,

Ісі түссе табылатын қасыңнан.

Таба алмайсың ол адамды, жоқ болар, Сынды сәтте бұлт үйрілсе басыңнан.

Көбеюде екі жүзді адамдар,

Екі сөйлеп жағымпаздық қылатын. Бір адамның сөзін айтып басқаға, Ұрыстырып, өзі мәз боп тұратын.

Көбеюде екі жүзді адамдар, Жеңіл болып жүрісі мен тұрысы.

Қаңбақ шалдай ұшып қонып жүреді, Пайда бермей күлісі мен бір ісі...

Екі жүзді адамдар бар, қалатын, Дос қадірін біле алмай қор болып.

Ал шынайы, шыншыл адам қалады, Қасыңызда әрқашанда бар болып!

 97 БАҚЫТЫҢДЫ ЖЫРЛАЙМЫН

Жүрегімді тыңдаймын, Сені өзгеге қимаймын. Жүректесің жаным сен, Сені ойлауды тыймаймын.

Ұмытпаймын, жанымсың, Жарқыраған лағылсын! Көтеріліп көңілің,

Жансын деймін бағың шын!

Қайран болып сөзіңе, Қарай берем көзіңе. Қимай сені жарығым, Бақ тіледім өзіңе...

Сандық толы сырдаймын. Сәуле шашар нұрдаймын. Жүрегімді қолыма ап, Бақытыңды жырлаймын,

Екі тарау жол салып, Махаббатқа қол салып. Бізді айырды бұл тағдыр, Бірге жүрер жолды алып.

Бірге айтар ән қайда?

Қоса алмай ма, Күнді Айға! Жаратқаным, өзіңе,

Бақ тілесем тыңдай ма?

Бірге өткізген күніміз, Жұлдызды аспан түніміз. Саған бақыт сыйласын, Әніміз бен жырымыз!

98

Бақытыңды жырлаймын, Күлімдеші, күл Айым! Күндей болып жарқыра, Сәуле шашып түнде Айың!

ӘДЕБИЕТ

Әдебиет — тәрбиелейді қоғамды, Сыйлы етер адам менен адамды. Көп оқысақ әдебиетті, өзіңе,

Сенім берер нық бастырып қадамды.

Әдебиет — жанымыздың бөлшегі, Оның болмас шектелетін өлшемі. Әдебиетті оқысаңыз жүрекпен, Рухтандырып биік етер еңсені.

Әдебиет — көркемділік сыйлайды, Сыйластық пен ынтымақты тыймайды. Бар әлемнің халықтарын сүйсінтіп, Басын қосып бір арнаға жинайды.

Әдебиет — шакарасыз құндылық, Әр дүниені көрсететін құнды қып.

Жақсылық пен жамандықты көрсетер, Ажыратып айырмасын сырлы қып.

Әдебиет — изгілікті жалғайды, Бұл өмірдің әр кезеңін талдайды. Ғылым менен техника да, негізі, Әдебиетсіз алға баса алмайды.

Әдебиет — жақсылықтың жаршысы, Жанды баурап алатұғын бар күші. Әдебиетті оқы, қане достарым, Болсын десең өміріңнің мәндісі...

99

СҮЙЕМ СЕНІ ӨМІРІМ!

Арайлы атар таңыммен, Қолымдағы барыммен. Сүйем сені, өмірім! Намысым мен арыммен!

Көктемім бар, жазыммен, Көлдегі аққу, қазыммен. Сүйем сені, өмірім! Қуанышым, назыммен!

Күзі менен қысы бар, Қиын қыстау тұсы бар. Сүйем сені, өмірім! Ниетім жоқ қысылар!

Күлімдейді күндерім, Күнді жалғап түндерім. Сүйем сені, өмірім! Мұңаюды білмедім!

Енсең де сен жауын боп, Жүргізбейтін дауыл боп. Сүйем сені, өмірім! Жанашырың, бауыр боп!

Сынақ берсең сынбаймын, Бір орында тұрмаймын! — Сүйем сені, өмір!, деп, Мен өзіңді жырлаймын!

100

ЖАЛЫНЫҢЫЗ СӨНБЕСІН!

Өмір солай бір рет қана берілер, Жалынды өмір бітпестейін көрінер. Бізге жұмбақ, уақыт келсе бір демде, Балауыз шам жоқ боп жерге төгілер…

Байлық қалар, ата-ана, туысың, Бақыт қалар, тарылып бұл тынысың. Суретің де қалар жансыз бейне боп, Елге сөз боп жүрісің мен тұрысың.

Бірі айтады: «Жақсы адам болатын», Енді бірі: «Көңіліме қонатын». Үшінші адам сөйлер тағы басқаша,

«Жарқыратып шамнан шырақ жағатын».

Бірі мақтар жағымпаздық қылып тек, Бірі даттар: «Жатқан мына түрін» деп. Өмір заңы жалғасады осылай,

Алла ғана білетұғын құнын тек.

Алма кезек өтер өмір ретімен, Беймәлім боп, бұйрық келсе шетінен. Өмір мәңгі дей алмаймыз, қалдыршы, Жаратқанға жалбарынып, «өтінем»

Сондықтанда жақсы амал қылайық, Сыйластықта амандасып тұрайық! Раббымызға ризалықпен «шүкір» деп, Осы күнге тәубемізді қылайық!

 101 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАСАСЫН!

Тәй-тәйлаған қазақпыз, Жаңа Астана салынып. Еңсемізді көтердік, Бодандықтан арылып. Елміз жүрген жандана, Сыйлы ортадан табылып.

Шықтық өрлеп биікке, Көк туымыз желбіреп! Шекараны айқындап, Алған елміз белгілеп. Үн қатамыз сыйласа, Жүрегіміз елжіреп.

Бүгінде әлем таниды, Қазақ елін жер жерден. Елтаңбамыз тұр әне, Әнұранмен тербелген.

Бізге Алладан сый болған, Тәуелсіздік — жанымыз. Азаттықты ту еткен, Тәуелсіздік — бағымыз!

Күйдіретін қазақтың, Жүрегінде жалын бар. Желбіретіп байрақты, Кезіміз бұл жалындар.

Тәуелсіздік жасасын, Биік болып тұғырың! Азаттығым, бақытым, Ұзақ болсын ғұмырың!

102

НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ

Наурыз келді ағайын, Құтты болсын мерекең. Гүл көктемдей құлпырып, Арта берсін берекең.

Күн күлімдеп шығады, Айналаға нұр шашып. Ұйқысынан оянар, Жеміс талдар гүл ашып.

Көкпары бар, қыз қуу, Қазағыма жарасқан. Теңге алу бар ат үсті, Сыйластықпен тарасқан.

Наурыз көже ішейік, Жиналған оу ағайын. Жаудырайық тілекті, Жайқалсын бар маңайың!

* * *

Құтты болсын бұл Наурыз, Елді әндетіп, жырлаңыз, Көрісейік күлімдеп,

Қане қарап тұрмаңыз.

Алтыбақан тебілсін, Жас ағаштар егілсін. Палуандар күресіп, Сыйлықтарың берілсін.

103

Жаңғырсын бұл салтымыз, Аман болып халқымыз. Ынтымақта, бірлікте,

Арта берсін даңқымыз!

Ұлыстың күні оң болсын, Денсаулығың зор болсын. Жаңа жылда биылғы,

Айран, сүт — ақ мол болсын!

ӨМІР, ӨМІР БҰЛ ӨМІР НЕТКЕН ӨМІР?!

Өмір, өмір бұл өмір неткен өмір,

Жаз бен күз, қыс пен көктем өткен өмір. Біреулерді қылдырып ең бақытты, Біреулерді бақытсыз еткен өмір.

Өмір, өмір бұл өмір неткен өмір, Адамдар күресумен өткен өмір. Түсінбей бірін-бірі қалса егер,

Бір атым насыбайдан кеткен көңіл.

Өмір, өмір бұл өмір неткен өмір, Қуанышты, біреуге өктем өмір. Біреуге қыс жауратып, тоңдыратын, Ал біреуге шуақты көктем өмір.

Өмір, өмір бұл өмір неткен өмір, Арманына біреулер жеткен өмір. Енді бірі жете алмай арманына, Аяқ асты өмірден өткен өмір.

104

МУЗАҒА

(М. Мақатаев өлеңінің желісімен)

Отырғанын қарашы күйім келмей, Жүрегіме жайсыз ой тыным бермей. О Муза!

Қайда кеттің бірден жоқ боп,

Бір мезетте жоқ болған құйын желдей…

Жел үреді желпініп, көрік-кеудем, Қара бұлттар төбеме келіп төнген.

О Муза!

Қайда кеттің жалғыз тастап, Алмайсың ба, орныңды келіп төрден…

 Дәптер жатыр парағы аударылмай, Еріншектік жайылып жан жағыма-ай. Мазаны алып басады сан мың ойлар, Тормен торлап қойғандай бар жағыма-ай.

О, Муза!

Сен әуреңе салғының-ай!

Күтемін сенен үміт, сенен жігер, Үзбеймін ешқашанда сенен күдер. О, Муза!

Жалқаулықты алып тастап, Биіктікке өрлеуге демеп жібер…!

105

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

Қазақ қызы — бірі сізге қарындас, Болар дәйім бірі сізге жан құрдас.

Қазақ қызы — Мәншүк пенен Әлия, Жүрек жұтқан, ешнәрседен тартынбас.

Қазақ қызы — біріңізге жан әпке, Ұйқысынан оянатын таң ерте. Қазақ қызы — Марфуға мен Фариза, Елді отырар қаламымен тербете.

Қазақ қызы — жанашырың, сіңілің, Шолпы тағып, өріп жүрер бұрымын. Қазақ қызы — жүректері нәп-нәзік, Жақынына арнайтын бар ғұмырын.

Қазақ қызы — ертең Ана ардақты, Отбасының қамын ойлар жан-жақты. Қазақ қызы — құрметтейді жан-жарын, Биязылық қалпыменен салмақты.

Қазақ қызы жолықсын өз бағына, Дақ түсірмей абырой мен арына. Қазақ қызы тұрмыс құрсын қазақпен, Сыйластықпен сөйлеп асыл жарына.

106

ЖАН ӘКЕШІМ

Сіз кеткелі қанша уақыт өтсе-дағы, Аспанымнан бұлт үйріліп көшсе-дағы. Әкешім-ау, сенің бейнең сол қалпында, Жап-жас болып ойымызда қалар мәңгі.

Білесіз бе, жан Әкешім, дара тұлғаң, Пана тауып жүруші едім қанатыңнан. Өзіңізді сағынатын, қамығатын, Балаңызбыз қаныңыздан жаратылған.

Жүректесіз Әкешім-ау, санамызда, Бізді қолдап жүргендейсіз арамызда. Алаңдайсың біздер үшін, білем Әке, Анашыма, қызыңыз бен балаңызға!

Қам жемеңіз алаңдап-ай, мықтымыз біз, Дауылдарға мойымайтын, күштіміз біз. Жұмыламыз бірге Әке, жұдырық боп, Біздер үшін алаң болмай жүріңіз сіз.

Жалғасымыз жайдарлы біз өміріңнің, Сайрап Әке әрқашанда көңілде үнің. Балаларың есіміңе дақ түсірмес, Тереңінен жайқалдырып өмір гүлін..

107

КІТАПТАР ӘЛЕМІНЕ

(«Кітаптар әлемінде» жобасының жетекшісі Салтанат Әбдіғалиға)

Кітап алып, кеме алып, Кетті айнала нұрланып. Қыз қарап тұр жұлдызға, Кітаптағы жырды алып. Сезді лебін кітаптың, Баға жетпес құнды анық. «Оқиық» деп қояды,

Шын жүректен жар салып.

Шақырады оқуға, Көңілге оны тоқуға. Кітапқұмар адамдар, Кітапты алып оқуда.

Қыз еңбегі орасан, Кітап оқы қаласаң. Алып кеме ішіне,

Ойланбастан бара алсаң. Ол кемеде орын көп, Жалқаулықты жеңе алсаң. Көшбасшысы бар оның, Қолдап, оған ере алсаң. Кітап оқып жастарға, Білгеніңді бере алсаң. Қыз еңбегі ақталар,

Жұлдыздайын жана алсаң.

«Кітапқұмар» әлемі, Бар тәртібі, әдебі. Сыйластықта үн қатар, Көшбасшы қыз әдемі.

108

Ақындар бар бастайтын, Салтанатты қоштайтын. Жазушылар тағы бар, Қиындықта саспайтын. Бір кемеде бас қосқан, Игі жандар ап-айқын. Білімді жас көбейсін,

Ел үмітін ақтайтын. Тілекшіміз біздер тек, Сыйластықты жақтайтын.

ӨМІР СЫНАҚ

(2020 жылы болған ғаламдық індет)

Кім келіп, кім кетпеген бұл ғаламнан, Заман болды расымен тұмшаланған.

Екі жиырма, болды бір ерекше жыл, Бар әлемді қайғыға, мұңға салған…

Жабылды шекарасы әрбір елдің, Кей адамдар шығарып соңғы демін.

Індет жайлап, қорқыныш орын алды, Жүректерде жоғалып үміт, сенім.

Емі болмай бұл індет ойландырды, Қиын қыстау заманды ойға алдырды. Бар болғаны екі ай, алпыс күнде, «Қаралы елге» кей елді айналдырды.

Көрінбейтін жау дерсің қырып жатқан, Әрбір елдің халқы көп мұңға батқан. О, Жаратқан сақтай гөр, тілсіз жаудан, Жанарлардан қанды жас сорғалатқан.

109

Тоқта вирус, «Короно», осы жерден, Жоқ болып кет, жойылғын біздің елден. Бар әлемнен жоғалғын мәңгілікке, Вирус болып айтылмас, тарихқа енген.

Қайта оянсын әлемде бұл тіршілік, Тұмшаланбай, оянып сенім, үміт.

Есін жисын барлық ел, тыныш болып, Есік ашып әрбір күн, ертең күліп...

ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ!

Келіп жеткен халайық, Құтты болсын жаңа жыл! Жаңа жылда жалындап, Шыға берсін жаңа үн! Жанды жейтін жегідей, Қиындықтар болмасын! Жақсылықтар әрдайым, Таба берсін жалғасын! Әрбір үйде ынтымақ, Бірлік, шаттық орнасын! Отбасында береке, Мейрім гүлі солмасын! Жаңа жылда табысың, Кеңейтсін кең арнасын! Саулықтарың мықты боп, Қанаттарың талмасын! Әрбір ісің сәтті боп, Жаратқаным оңдасын! Аман болып еліміз,

Тек тыныштық орнасын! Қыран құстай жастарым, Биікке өрлеп самғасын!

110

Үлкен, кіші, бәрі де, Болсын лайым тек аман! Күлім қағып халқымыз, Болсын дәйім ел аман! Бақытты боп балалар, Бақытсыздық жоламан! Жаңа жылда жарқырап, Күліп жүрсін бар адам!

ЖАҢА ЖЫЛЫҢ ҚҰТТЫ БОП!

Жаңа жылың құтты боп, Басыңа бақ орнасын! Көңіл күйің күшті боп, Таба берсін жалғасын! Денсаулығың мықты боп, Жаның жаурап тоңбасын! Жаңа жылда күн жаңа, Нұрын шашсын лайым! Айтылатын жыр жаңа, Күлімдесін күн, айың! Қалыптасар сыр жаңа, Болшы аман, жоқ уайым! Жарқырасын қыр, дала, Шуақ шашып күн дәйім! Қиындықты, мұңды ала, Жар болсыншы Құдайым! Жаңа жылдың тәттісі, Көп болсын деп тілеймін! Жаңа күннің жақсысы, Көп болсын деп үндеймін! Аман болып отбасы, Жадырасын жаныңыз! Жаратқаным жар болып,

111

Жана берсін бағыңыз! Нұрлы болып, шуақты, Ата берсін таңыңыз!

Гүл көктемдей құлпырып, Кіре берсін сәніңіз! Ағайын, туыс бәрі де, Аман болсын барымыз! Жылдан жылға лайым, Жетейікші бәріміз!

ЖАҢА ЖЫЛДА ЕЛ ЖАҢА!

Құтты болсын жаңа жыл, Жаңа жылда ел жаңа! Аман болсын еліміз, Әрбір істен бақ таба! Күлім қақсын жүздері, Әрбір күні шаттана! Жаратқаным жар болып, Бар жақсылық орнасын! Сәтті атар таң болып, Қуаныштар жалғансын! Жаңа жылда сіз үшін,

Ең жақсы күн таңдалсын! Аппақ қыстың ақ таңы, Өміріңе мән берсін!

Гүл көктемнің тәтті әні, Көңіліңе сән берсін! Жаздай жайнап жаныңыз, Таусылмайтын ән берсін! Бұл жаңа жыл бақ сыйлап, Шырайлы атар таң берсін! Жаңа жылдың күнінде, Көңіліміз жай болсын!

112

Саулығымыз мықты боп, Жақсылыққа сай болсын! Аман болып балалар, Жегендері май болсын! Қазақ елі жанданып, Шеттерінен бай болсын!

113

ТӘТТІМ-АУ

114

МЕН ҚАЗАҚПЫН

Мен қазақпын, араймын, Көкжиектен қараймын! Күн нұрындай еліме, Жылу болып тараймын!

Мен қазақпын, жұлдызбын, Баға жетпес құндызбын. Биік қояр намысын,

Батыл жүрек ұл-қызбын!

Мен қазақпын, ақ таңмын, Жұмсақ мінез мақпалмын! Сыйлағанның құлы боп, Жүретін көп шақтарым!

Мен қазақпын, бауырмын, Атырау, Алтай тауымын! Жұмылғанда жұдырық, Болар мықты қауыммын!

Мен қазақпын, жүрекпін, Жолыңызға гүл ектім. Әр қазағым жалғызым, Құлай қалса, тірекпін!

Мен қазақпын, жалынмын, Бойымда бар дарыным.

Әу демейтін қазақ жоқ, Өнері бар бәрінің!

115

ТҮРКІСТАНЫМ — ТҰРАНЫМ

Түркістаным — Тұраным, Сенсің мәңгі тұрағым! Өзің барда Түркістан, Таусылмайды жыр, әнім!

Түркістаным — Тұраным, Сусындайтын бұлағым! Жайып кеңге қанатын, Биік самғар қыраным!

Түркістаным — Тұраным, Саған құрмет қыламын! Яссауидің мекені,

Баға жетпес тұмарым!

Түркістаным — Тұраным, Сенен медет сұрадым!

Ер түріктің бесігі, Сенсің менің ұраным!

Түркістаным — Тұраным, Өзіңді ойлап тұрамын! Сағынамын өзіңді,

Сенен кетсем бір адым!

Түркістаным мекенім, Сенен қалай кетемін?! Рухани сен астанам, Көңілге ту етемін!

116

Әкім Ысқақ ағаның Алтыным” кітабының желісі бойынша

Алтыным!

Өмірді сүй! Өзіңе сен!

Адамдарды құрметте! Қателеспе! Түсінетін жандарға бұл өмірде, Қағидамыз ең басты, осы емеспе?!

 * * * Алтыным!

Көңіл отын тұтандырар, Жағымды сөз, жағымды ой. Санамызды улайтын, Жаман әдет, бәрін жой!

 * * * Алтыным!

Адамдарға мейрім керек, Жетпейтіні де — мейірім. Мейрім барда құлатпайсың, Адамдығыңның пейілін!

 * * * Алтыным!

Адамдарды қуантайық, Жүзіне шаттық сыйлайық, Жақсы сөз жанның азығы, Жақсылықты жырлайық! Жақсы сөз, көңіл сыйлайды, Жаманға көңіл бұрмайық!

 * * * Біле білсең әр адам, Жылы сөзді іздейді.

Жылы сөзден нұрлана, Қиындықты сезбейді.

117

Әрбір адам қуана,

Әр сөзіңнен нәр алса, Сенің бейнең адамдық, Бақыт сенен безбейді!

 * * * Жымия түс, шаттана түс!

Әрбір сәттен бақ таба түс! Өзгеге кінә артай сен, Қуанышты сәт таба түс! Мейріммен қарап бар жанға, Жақсылық ісін атқара түс! Тамаша өмір біле білсең, Күннен күнге жақсара түс!

 * * * Шаттығың тасып тұрғанда, Төмпешік тау боп көрінер! Көңілің пәс боп түскенде, Жоқ болып тауың сезілер!

 * * * Алтыным!

Ең әдемі қандай сөз, білесің бе? “Айналайын” сөзі айтқан Аналардың. Шынайы сөз жүректен шыққан әрбір, Жаны жайсаң жандарға арналатын…

 *** Алтыным!

Қазыналы “алтын сандық” өмір-деген, Сандық кілті кез келгенге берілмеген. Зерделі де зерек жандар кілтке айналар, Аша алатын сандықты мейірімменен…

118

 * * * Алтыным!

Тырнақ асты кір іздеп, қаралама, Адамды бір-бірінен алалама! Кемшіл тұсын айқындап, өсек етіп, Адамдарды іріктеп, саралама!

Жақсы көріп, түсінгін барша жанды, Адам жанын түсінер адам ғана! Жақсы көрсең адамды, өмір сонда, Жақсы көрер, бақ сыйлап саған ғана…

АРМАН ЖАЙЛЫ ҮЗІК ОЙ

 Асқақ арман жетелейді мұратқа, Арманыңның биігінде тұрақта! Алға ұмтыл, қанатыңды жая түс, Бойыңдағы сеніміңді құлатпа!

 * * * Арман болсын серігің, Өзіңе боп сенімің!

* * *

Өмір десек арманы көп нысанаң, Нысанаңа жету үшін босамаң! Бойыңдағы сеніміңді қамшыла, Түрлі оймен қорқып жолды тұсамаң!

 * * * Бойыңдағы жігеріңнің барында,

Биікке өрле, кең дүниеде тарылма! Нысанаңа жеткеніңше, арманға, Алға қарай тоқтамай сен адымда!

119

 * * * Биіктерге жетелесін арманың, Өз-өзіңе биік болып талғамың!

* * *

Арманың мен мақсатыңа қадам бас, Армансыз жан оттай болып жана алмас!

 * * * Арманыңның биігіне шыға біл, Әрбір істі тындырымды қыла біл. Жету үшін алға қойған мақсатқа, Еңбек керек екендігін ұға біл!

ҚҰТТЫ БОЛСЫН БҮГІНГІБІЛІМ КҮНІ

Кұтты болсын бүгінгі — Білім күні, Шырқалатын әуезді ән мен жыры. Жаңа оқу жылы бұл сыйласын тек, Жақсы оқитын оқушы, білімдіні.

Әр баланың сабағы жақсы болсын, Шәкіртіне ұстаздың көңілі толсын. Ата-аналар қуанып баласы үшін, Болашаққа бастайтын сенім болсын!

Қуантсын тек биылғы оқу жылы, Оқушының сәтті өтіп әрбір күні. Ұстаздардың еңбегі жанып лайым, Қуанышқа кенелсін әрбір жылы.

Білімді ұрпақ біздердің байлығымыз, Жарық берер аспанда Ай, Күніміз.

Ел бастайтын көбейсе саналы ұрпақ, Арта түсер біздердің жайлығымыз.

120

АТА ЗАҢЫМ АЙБЫНЫМ!

Құқығымды жақтаған, Жақсы жолға баптаған. Ата заңым айбыным, Адалдықты сақтаған!

Мерекенің ұлысы, Жылу берер тынысы. Ата заңым айбыным, Ынтымақтың ырысы.

Қуат берер қорғаным, Сыйлар елге зор бағын. Ата заңым айбыным, Өзің барда тоңбадым.

Түсініп ой қатасын, Сыйлайық заң атасын! Ата заңым айбыным, Азаттығым жасасын!

Дұрыс жүрсең бостандық, Қадамыңды бассаң нық. Ата заңым айбыным, Айтып жүрер дастан қып!

Заңмен жүру дұрысы, Заңның берік жұмысы. Ата заңым айбыным, Жан тербейді тұрысы.

Отызыншы тамызым, Мерекенің таңысың. Ата заңым айбыным, Қазағымның жанысың!

121

Ата жолын ұсталық, Заңға қарсы шықпалық. Ата заңым айбыным, Адалдықты құпталық!

Жаса, жаса ата заң, Қалған бізге атадан. Ата заңым бір сен деп,

Жүрек жырлап, қатады ән!

СЫРТҚЫ БЕТ-БЕЙНЕ, ІШКІ ӘЛЕМ

Сыртың жылтыр көрінгенмен айнадан, Дұрыс болар ішкі әлемді ойлаған...

 *** Бет бейнесі сұлу деп,

Қызықпағын сыртына. Сұлулықтан не пайда? Мұң сыйласа жұртына.

 *** Сырты күліп тұрғанмен Ішінде мұң көп болар.

Жүзі жайнап тұрғанмен, Іші жанған от болар...

 *** Айнаға қарап бой түзе,

Келбетің кірсін жандана. Кітапқа қарап ой түзе, Қалсын ел-жұрт таңдана...

122

* * *

Сыртқы бейнең нұрлансын, Сыйластықпен үн қатып. Жан дүниең сырлансын, Жақсылыққа құмартып.

***

Өз-өзіңді төмен қып, Сырт бейнеңе қарама. Жан дүниеңді сұлу қып, Гүлзар бақты арала!

* * *

Ұсқынсыз деп сырт бейнем, Үзілмесін күдерің. Жақсылыққа бастайтын, Сұлу болсын жүрегің!

ҰЛЫМА

Өсек, өтірік, мақтаншақ, Болмағын балам жасқаншақ. Аулақ бол бұндай әдеттен, Сұраусыз ботам мал шашпақ.

Арылғын жаман әдеттен, Тәтті өтірік тербеткен. Шындыққа қара тек қана, Ащы да болса емдеткен.

Біреуді мақтап күнелтпе, Адамның ісі жүректе. Ақылмен жаса барлығын, Жүгіне бермей білекке.

123

ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ШУМАҚТАР

Отбасының күні бұл, Қуанышқа бастайтын. Мерекеде бір болып, Шаттықтарын қоштайтын.

 * * * Отбасының барында, Атар сәтті таңың да. Қуаныштар көп болар, Гүл жайнаған бағыңда.

 * * * Отбасы ол байлығым,

Жарқырайтын ай, күнім. Отбасының барында, Бұзылмайды жайлығым.

 * * * Отбасымның қасында, Бақытым көп басымда. Олар менің гүл бағым, Хош иісті, расында.

 * * * Отбасы ол бағымыз, Бірге біздің жанымыз.

Отбасы аман тұрғанда, Жарасады сәніміз.

124

 * * * Құтты болсын бүгінгі, Отбасының күні бұл.

Сыйластықта, шаттықта, Шыға берсін үні бұл.

 * * * Құттықтаймын сіздерді, Отбасының күнімен. Бар жақсыны тілеймін, Қуанышты үніммен.

 * * * Аман болсын отбасы, Бірге болса гүлденер.

Сыйлап әркез бір-бірін, Шын жүректен гүл берер.

 * * * Бірге болсын отбасы,

Жаздай жайнап жандары. Сыйластықта үн қатсын, Атып сәтті таңдары.

 * * * Құтты болсын сіздерге, Отбасының бұл күні. Сыйластықта шынайы, Жарқырасын жұлдызы.

 * * * Отбасыммен жанданам, Гүл көктемдей құлпырып. Әуелетіп ән салам,

Шын жүректен үн қылып.

125

 * * * Отбасым ол жанұям, Ыстық менің мекенім. Алыс кетсем өзіңнен, Сағына мен жетемін.

 * * * Жақсы көрем сіздерді, Отбасым ол жұмағым. Сіздер үшін қашанда, Арналады жыр, әнім.

 * * * Жақсы көрем атамды, Жақсы көрем әжемді. Ата-анам бақытым, Тербететін әлемді.

* * *

Ата-әжем, әке-анам, Отбасымның жұлдызы. Бауырларым гүл бағым, Жарқыраған құндызы.

 * * * Аман болшы отбасым, Өмірімнің мәнісің. Батар күнім күлімдеп, Атар сәтті таңысың.

* * *

Отбасым ән-жырымсың, Жүрегімнің үнісің.

Жұпар шашып баурайтын, Хош иісті гүлісің.

126

 * * * Отбасым саған тілеймін, Бар жақсыны өмірде. Сен деп өмір сүремін, Дақ түспесін көңілге.

***

Отбасым сен жанымсың, Шырқап айтар әнімсің. Отбасым сен шуақты, Арайлы атар таңымсың.

 * * * Көңіліміз жай біздің, Отбасым сен барыңда. Жүрек соғар өзің деп, Шуақты атып таңым да.

* * *

Бір өзіңсің жанұям, Өмірімнің гүл бағы. Бір өзің деп шырқалар, Әуелетіп жыр әні.

* * *

Сен деп соғар жүрегім, Сені жақсы көремін. Жан жүрегім отбасым, Аман болшы, тілерім.

 *** Жанұям ол бақытым, Бар жақсыны беретін. Әрқашанда алаң боп, Мені жақсы көретін.

127

* * *

Бір өзіңде көңілім, Отбасым сен тірегім. Сенен алыс жүрсем де, Сен деп соғар жүрегім.

 * * * Отбасым сен Ай, Күнім, Баға жетпес байлығым. Аман болшы тек қана,

Толқынданып айдының.

 * * * Саған ғана тілеймін,

Өмірдің бар жақсысын. Аялаған отбасым, Берер маған тәттісін.

* * *

Аман болшы отбасым, Қуантатын әрқашан. Өсе берші, өрлей бер,

Тәнті болып барша адам.

 * * * Отбасым сен айнымас, Жүрегімсің, тірегім. Шын жүректен өзіңе, Бар жақсыны тіледім.

* * *

Жан жүрегім отбасым, Алға қадам баса түс. Абыройың асқақтап, Асулардан аса түс.

128

 * * * Мейірімді жанұям, Сенсің менің гүл бағым. Бір өзіңе арналар,

Таусылмайды жырларым.

МЕН ТӘРТІПТІ БАЛАМЫН

Мен тәртіпті баламын, Айтқан тілді аламын. Ата-анамды қуантып, Мақтанышы боламын.

Мен тәртіпті баламын, Көңіліңді табамын. Үлкендерге құрмет қып, Амандасып аламын.

Мен тәртіпті баламын, Мектебіме барамын. Сабағымды жақсы оқып, Күнде бестік аламын.

Мен тәртіпті баламын, Әсем әнге саламын. Ортаңызда жарқырап, Жұлдыздайын жанамын.

Мен тәртіпті баламын, Ерекшемін, дарамын. Өз-өзіме қоятын,

Биік менің талабым.

129

ОСЫ МЕНІҢ ОТБАСЫМ

Атам беріп батасын, «Ботам» дейді: — Аман бол!

«Отаным» дер, «жерім» дер, Елін сүйер адам бол!

Еркелетер ақ әжем, «Құлыным» деп, «күнім» деп. Қазақ елін танытар,

«Көш бастайтын ұлым» деп.

Асқар тауым әкешім, Тұрғызады құласам. Дем береді бойыма, Кейде налып жыласам.

Мейірімді анашым,

Бар жақсысын арнайды. «Балапаным», «жаным» деп, Ақ тілегін жалғайды.

Әркез мені жақтайтын, Жанашырым жан ағам. Жылу берер бойыма, Күн нұрындай тараған.

Еркелетер әпкем бар, Бауырына басатын. Шығарып сап мектепке, Қайтар кезде тосатын.

Үн қататын былдырлап, Қарындасым, інім бар. Шуақ шашар біздерге, Күлімдейтін күнім бар.

130

Осы менің отбасым, Қорғанышым, тірегім. Ыстық ұям, мекенім, Сен деп соғар жүрегім.

КІТАП ЖАЙЛЫ ТҮЙСІК ОЙ

Кітап жарық әлем, Оқысаңыз терең...

 *** Кітапсыз күн қараң, Жаңармайды санаң.

***

Кітап нұр боп шашылар, Жарық әлем ашылар.

 * * * Сүймесеңіз кітапты, Көре алмайсыз қыратты. Кітап білім бұлағы, Жұмыс берер тұрақты.

 *** Кітабы бар адам, Өмірде бай адам.

 *** Кітабы жоқ адам, Болып қалар надан.

***

Кітап жарық күн, айдай, Күнді мәнсіз қылмайды-ай.

131

 *** Кітапсыз өмір бос, Болмайды көңіл қош.

 * * * Кітартардың әлемі, Кітабы бар кәделі. Жарық етер жаныңды, Салтанатым әдемі!

МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫ

Ата-анасын баптайтын, Қарсы боп тіл қатпайтын. Жақсылықтың жолында, Игі істерден қашпайтын. Мен қазақтың баласы!

Жанарында жалын бар, Өн бойында дарын бар. Өмір сыны кезіксе, Жігерім бар қабылдар! Мен қазақтың баласы!

Еріншек боп жатпайтын, Ел үмітін ақтайтын. Шындық үшін шырылдап, Ақиқатты жақтайтын. Мен қазақтың баласы!

Үн қататын жүрекпен, Өміріңді гүл еткен. Бұлт жайлаған көңілді, Шуақ шашар күн еткен. Мен қазақтың баласы!

132

Дос сенімін сатпайтын, Адалдықты сақтайтын. Өзгелерді қолпаштап, Орынсыз мін тақпайтын. Мен қазақтың баласы!

ЖАҢА ЖЫЛ ТАҚПАҚТАРЫ

Келді жаңа жылымыз, Жаңа әуен, күй болып. Жанымызды тербетер, Таңғажайып сый болып.

* * *

Кел жаңа жыл, жаңа жыл, Шырқап айтар ән болып. Жаңа жылда шаттықты, Шуақты атар таң болып.

* * *

Құтты болсын, жаңа жыл, Келіп жеткен достарым! Жаңа жылда жарқырап, Ашық болсын аспаның!

* * *

Жаңа жылым, жаңа жырым, Жаныңызды тербесін.

Жаңа жылым, жаңа күнім, Қиындығын бермесін!

 * * * Әуезді әнмен тербейтін,

Кел жаңа жыл ән болып. Аяз ата есік аш, Қасымызда бар болып.

133

 * * * Аяз ата, Ақшақар,

Жаңа жылмен бір келер. Аппақ болып айнала, Таңғажайып түрге енер.

 * * * Аппақ қыстың күнінде, Есік ашар жаңа жыл. Жаңалығын әкелсін,

Шаттық сыйлап жаңа күн.

 * * * Аязына тоңдырып, Келді жаңа жылымыз. Қуанышын сыйласын, Келген жаңа күніміз.

 * * * Аяз ата келеді,

Қоржындағы сыйымен. Ақшақарым келеді, Аппақ, сұлу күйімен.

* * *

Кел жаңа жыл біздерге, Ұмытылмас сәт сыйлап. Кел жаңа жыл, жаңа жыл, Баршамызға бақ сыйлап.

 * * * Жаңа жылдың ақ таңы, Әрбір үйге сый берсін. Сәттіліктер көп болып, Көтеріңкі күй берсін!

134

 * * * Келді Аяз атамыз, Міне жаңа жылымен! Ақшақар бар қасында, Қолындағы сыйымен.

* * *

Құтты болсын жаңа жыл, Келіп жеткен қуантып. Жаңа жылда шаттана, Жүрейікші үн қатып.

 * * Жаңа жылда, жаңа біз, Жаңа әнге саламыз. Аяз ата, Ақшақар, Көңіліңді табамыз.

 * * * Мейірімді Анашым, Құтты болсын жаңа жыл! Қуаныңыз, шаттана, Бақыт сыйлап жаңа күн!

 * * * Құтты болсын, Әкешім, Жаңа жылың бүгінгі! Жаңа жылда жаңаша, Қызықты өткіз күніңді!

 * * * Құттықтаймын кеп жеткен, Ата, жаңа жылыңмен! Бақытыңды байқайық, Қуанышты үніңнен!

135

* * *

Құтты болсын жаңа жыл, Әжетайым, асылым!

Бұл жаңа жыл сыйласын, Бақыттың ең асылын!

 * * * Аға жаңа жылыңмен,

Құттықтаймын бүгін мен! Жаңа жылда табыс боп, Нұр таймасын жүзіңнен!

* * *

Құтты болсын Жаңа жыл, Сұлу жүзді Әпкетай! Қасыңыздан табылар, Мен боламын еркетай!

 * * * Құтты болсын, сіңілім, Келіп жеткен жаңа жыл. Қуанышың көп болсын,

Шаттық сыйлап жаңа күн!

* * *

Құтты болсын, бауырым, Жаңа жылың кеп жеткен! Жаңалығың көп болсын, Жаңа жылда тербеткен!

 * * * Құтты болсын, апайым, Жаңа жылың, жаңа күн. Өзіңізге тілеймін,

Бар жақсысын ғаламның!

136

 * * * Құтты болсын, ұстазым, Есік ашқан жаңа жыл. Гүл жайнасын жүзіңіз, Қуандырып жаңа күн!

 * * * Құтты болсын, ағайым, Жаңа жылдың жаңасы! Жаныңызды тербесін, Бақ пен шаттық арасы!

 * * * Құттықтаймын, нағашы, Жаңа жылдың күнімен! Жылдан жылға жете бер, Күлкі кетпей жүзіңнен!

 * * * Құттықтаймын, жиенжан, Жаңа жылмен бүгінгі. Қуанышта, шаттана, Өткіз әрбір күніңді!

 * * * Келіп жеткен бүгінгі,

Құтты болсын жаңа жыл. Қуана түс құрбыжан, Бақыт сыйлап жаңа күн!

* * *

Келіп жеткен жаңа жыл, Құтты болсын жан досым! Жаңа жылда шаттықты, Сәтті атар таң болсын!

137

ТӨРТ МЕЗГІЛ

КӨКТЕМ

Келген шақта көктемім, Сұлуланар бөктерім. Сезінемін жүрекпен, Көктемімнің жеткенін.

Бәйшешектер гүлдейді, Төрт түлігім төлдейді. Көктем келсе бұл жаным, Жабырқауды білмейді...

Наурызда көп мереке, Сәуір берер береке. Үн қатады мамырым, Құбыламды тең ете...

ЖАЗ

Жаз келгенде сайрандап, Шығамыз біз жайраңдап. Күн нұрынан нәр алар, Жасыл желек жайған бақ.

Маусым, шілде, тамызым, Сендерге жоқ арызым! Алла берген әр күнді, Жақсы көру парызым!

Үш ай жазым жүрегім, Көңілді өмір сүремін. Тоқсан күндік демалыс, Екендігін білемін.

138

КҮЗ

Күз келгенде үн қатып, Қарсы аламыз жырлатып. Жаңа оқу жылында,

Жаңа күйді тыңдатып.

Қыркүйегім, қазаным, Бәрінен мен озамын. Қанат байлап біліммен, Айға қолды созамын.

Келер сосын қарашам, Баурап алар қарасам. Алтын күзге қатысып, Көкте күнге таласам!

ҚЫС

Қыс келгенде тоңбаймын, Гүлдей болып солмаймын. Мейрімімен дем берер, Ата-анамды қолдаймын!

Желтоқсаным ызғарлы, Қаңтарда бар мұздары. Ақпанымда жалғасар, Тоңдыратын сыздары...

Жақсы көрем қысымды, Сынататын күшімді. Қыспен бірге шыңдалам, Жалғастырып ісімді...

 139 ТӨРТ МЕЗГІЛ

Көктем, жазым, күз қысым, Күйдің берер түрлісін.

Әр мезгілмен жандана, Жалғасады үрдісім.

Төрт мезгілім — өмірім, Құбылмалы көңілім.

Төрт құбылам — төрт мезгіл, Басымдағы бөрігім.

Таңым атар күлімдеп, Күнім батар түнім кеп. Қыс мезгілі келгенде, Тұрар туған күнім кеп...

ҚАЗАҚСТАН — ОТАНЫМ!

Тәуелсіздік таңы бар, Қалыптасқан заңы бар. Болашаққа бастайтын, Ертеңгі күн қамы бар. Қазақстан — Отаным!

Құрметтейтін ақынын, Аттан түспес батырын. Сәл нәрсеге таласып, Ренжітпейтін жақынын. Қазақстан — Отаным!

Азат елім жаңарды, Гүлдендірді қаламды. Әр күн сайын жанданып, Мойындатты ғаламды. Қазақстан — Отаным!

140

Ұлдары бар тұлымды, Қыздары бар бұрымды. Елтаңбасын қастерлеп, Биік ұстар туымды. Қазақстан — Отаным!

Бауырмалдық ұраны, Биік самғар қыраны. Көздің жауын алады, Таудан аққан бұлағы. Қазақстан — Отаным!

Қадіріңді білемін, Өзіңді ойлап жүремін. Өрге басып әр ісің, Биігіңде тұр елім! Қазақстан — Отаным!

141

АНА ТІЛІМ

Ана тілім — ақ таңым, Жеміс берер бақтарым. Жанымызды баурайтын, Шырқап айтар тәтті әнім.

Ана тілім — шырағым, Сусындайтын бұлағым. Жай-күйіңді сезініп, Өзіңді ойлап тұрамын.

Ана тілім — айдыным, Таусылмайтын байлығым. Өзің барда жүректе, Сезілмейді қайғы-мұң.

Ана тілім — елдігім, Азаттығым, теңдігім. Мемлекеттік тіл ғажап, Көрсететін кеңдігін.

Ана тілім — тірегім, Сен деп өмір сүремін. Биік болсын мәртебең, Бір өзіңе тілерім!

142

РӘМІЗДЕРІМ ҒАЖАЙЫП

Елтаңбам ел жүрегі, Бүкіл әлем біледі. Пырақты қос арғымақ, Елтаңбамның тірегі.

Желбірейді көк байрақ, Көк туымыз көкте ойнап. Азаттықтың белгісі,

Көк байрағым көпке айғақ.

Әнұраным тағы бар, Жан тербейтін әні бар. Қолды қойып жүрекке, Әнұранды қабыл ал.

Рәміздерім ғажайып, Қалмайықшы азайып. Ынтымақта, бірлікте, Өзге елдерден озайық!

143

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ

Жиырма бесі қазанның, Атаулы күн мереке. Республика күні бұл, Сыйлар елге береке.

Декларация өтіліп, Егемен ел танылған. Азаттықтың жолында, Шамнан шырақ жағылған.

Тәуелсіздік бастауы, Бодандықтан арылып. Ата-баба арманы, Оралғандай сағынып.

Тұтастығы елімнің, Жарияланған күн бүгін. Жайлылықты сезінген, Қуанышты үн бүгін.

Көк байрағым желбіреп, Үн қатады бүгінде. Әндетейік, би билеп, Республика күнінде!

144

КІМ БОЛАМЫН ӨСКЕНДЕ?!

Көңілде көп мамандық, Ұраным тек адалдық. Кім боламын өскенде, Басу үшін қадам нық!

Үйрететін ілімді, Сусын етер білімді. Мен мұғалім боламын, Балаға арнар күнімді.

Науқастарға ем берер, Жылы сөзбен дем берер. Мен дәрігер боламын, Адамдарды тең көрер...

Заңды белден баспайтын, Ақиқатты растайтын. Заңгер болам өскенде, Әділдікті жақтайтын.

Жарыстарда жеңетін, Игі істерге еретін.

Мен спортшы боламын, Мәреге үздік келетін

Әлі де бар талдауым, Әр салаға арнауым. Аламын тек біреуін,

Нақты болып таңдауым!

145

ЕҢБЕК ЖАЙЫНДА

Келсе егер өрлегің, Сылтауға жол бермегін!

* * *

Еңбек етсең шығасың, Биікке өрлеп, қыратқа. Ісің алға баспайды, Жалқау болсаң бірақта...

 * * * Наны тәтті еңбектің,

Іс жасасаң жүрекпен. Кітап оқы, жалықпа, Шығаратын түнектен.

* * *

 Еңбек етсең тоқтамай, Биікке өрлеп шығасың. Ақылменен іс қылсаң, Өмір ғажап, ұғасың...

 * * * Қолың жетер биікке, Еңбек етсең ерінбей. Білім ізде кітаптан,

Жалқаулыққа берілмей.

* * *

Биікке өрле өмірдің ақ жолында, Алға бастар өмірің өз қолыңда...

146

 * * * Ақыл, білім кітапта, Жетелейтін мұратқа. Өрлеу үшін бикке, Жігеріңді құлатпа.

 * * * Еңбек етсең жетесің,

Өрлеп таудың шыңыңа. Шалыс бассаң құлайсың, Есте сақта мұны да...

 * * * Жансын десең еңбегің, Жұмыс жаса, терлегін!

* * *

Еңбек етсең маңдай термен қыр асып, Тамыр жаяр бұл өмірің гүл ашып...

147

ӘН ҚАНАТЫНДА

148

ТҮРКІСТАНЫМ

Сөзі: Жібек Искакова Әні: Әлібек Сыздықұлы

Ақ жүзіңе сұлуланған, Келер қарай бергім де. Жаныма нұр, жылу салған, Бағыма балай бердім де.

Қайырмасы:

Түркістаным — махаббатым, Аңыз қалам сен менің. Яссауиден шапағаттың, Тылсым күшін сеземін.

Керуен сарай көш бастады, Бір көруге асық қып. Субұрқақ, көл, көз тартады, Өздеріне ғашық қып.

Қайырмасы:

Арай қоссаң бақ деп білем. Ажарланған келбетіңе. Дәл өзіңдей жоқ деп білем, Мұндай қала жер бетінде.

Қайырмасы:

149

150

ҚУАНТҚЫМ КЕЛЕДІ

 Сөзі: Жібек Искакова Әні: Құрасбек Байтоқаев

Қуантқым келеді, ақ ұлпа қардай боп, Қуантқым келеді, ататын таңдай боп. Ең жақсы сөзіммен баршаға үн қатып, Қуантқым келеді, тәп-тәтті балдай боп. Ең жақсы сезіммен баршаға үн қатып, Қуантқым келеді, тәп-тәтті балдай боп.

Қуантқым келеді, көктемнің күніндей, Қуантқым келеді, бұлақтың үніндей. Бұлттай боп жай ғана, жауын боп себелеп, Қуантқым келеді, көктемнің гүліндей. Бұлттай боп жай ғана, жауын боп себелеп, Қуантқым келеді, көктемнің гүліндей.

Қуантқым келеді, жайдарлы жаз болып. Қуантқым келеді, балаша мәз болып. Қуансын барша адам шаттыққа бөленсін, Бақытқа кенелсін, қайғы-мұң аз болып. Қуансын барша адам шаттыққа бөленсін, Бақытқа кенелсін, қайғы-мұң аз болып.

151

152

СЕЗЕМІСІҢ СЕН ОНЫ, НЕГЕ ІЗДЕДІМ?!

 Сөзі: Жібек Искакова Әні: Жұпаркүл Бекшораева

Арайлы атар таңдардан сені іздедім, Жемісі көп баулардан сені іздедім. Сені іздедім көңілім байыз таппай, Сеземісің сен оны, неге іздедім?!

Ақша бұлттан, жауыннан сені іздедім, Қаладан да, ауылдан сені іздедім. Сені іздедім арманым асқақ болып, Сеземісің сен оны, неге іздедім?!

Жаздан, күзден, қыстан да сені іздедім, Көктемнен де, бөктерден сені іздедім. Сені іздедім көңілім алабұртып, Сеземісің сен оны, неге іздедім?!

Сеземісің расында, неге іздедім? Буырқанған жаныма егіз бе едің?

Бұл жанымды толқындай тербелейтін, Сұлулана толқыған теңіз бе едің? Сеземісің сен оны неге іздедім?!

153

154

КЕЛШІ ЖАНЫМ

Сөзі: Жібек Искакова Әні: Құрасбек Байтоқаев

Сағыныштан жанарыма жас келген, Күндерім-ай сені іздеумен өткерген. Екеумізді алшақтатқан тағдыр-ай, Сені ойлаумен өртенуде от кеудем. Қайырмасы:

Келші жаным…

Жанарыма куаныш берші жаным. Келші жаным…

Өміріме шаттық боп енші жаным. Келші жаным

Келші жаным Шын ғашықпын өзіңе с енші жаным,

келші жаным…

Сен деп соққан жүректі көрші жаным.

Баурап алар сенің тәтті сөздерің, Қызғанамын көздерінен өзгенің. Алаулаған сезіміме өртеніп,

Сені аңсап Ай астында кезгенім.

Қайырмасы:

155

156

МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫ

 Сөзі: Жібек Искакова Әні: Жұпаркүл Бекшораева

Ата-анасын баптайтын, Қарсы боп тіл қатпайтын. Жақсылықтың жолында, Игі істерден қашпайтын. Мен қазақтың баласы!

Қайырмасы:

Еріншек боп жатпайтын, Ел үмітін ақтайтын. Шындық үшін шырылдап, Ақиқатты жақтайтын. Мен қазақтың баласы!

Жанарында жалын бар, Өн бойында дарын бар. Өмір сыны кезіксе, Жігерім бар қабылдар! Мен қазақтың баласы!

Қайырмасы:

Үн қататын жүрекпен, Өміріңді гүл еткен. Бұлт жайлаған көңілді, Шуақ шашар күн еткен. Мен қазақтың баласы!

Қайырмасы:

Дос сенімін сатпайтын, Адалдықты сақтайтын. Өзгелерді қолпаштап, Орынсыз мін тақпайтын. Мен қазақтың баласы!

157

158

СІЗ ЖАҚСЫ АДАМСЫЗ (Жақсы адамдар, сіздер үшін!)

Сөзі: Жібек Искакова Әні: Әлібек Сыздықұлы

Сіз жақсы адамсыз қуаныш сыйлайтын, Сіз жақсы адамсыз жаманға қимайтын. Күндей боп нұр шашар сіз жақсы адамсыз, Әлемнің шаттығын шаттана жинайтын.

Қайырмасы:

Сіз жақсы адамсыз қайғыға салмайтын, Сіз жақсы адамсыз жақсы күй арнайтын. Сыйластық танытар сіз жақсы адамсыз, Жақсы мен жақсының арасын жалғайтын.

Сіз жақсы адамсыз өсекке сенбейтін, Сіз жақсы адамсыз жел сөзге ермейтін. Дем берер ем берер сіз жақсы адамсыз, Әдемі сөздермен жүректі тербейтін.

Қайырмасы:

Сіз жақсы адамсыз адамды таң қылар, Сіз жақсы адамсыз өмірді бал қылар. Өзіне баурайтын сіз жақсы адамсыз, Көңілдің төріне орнығып сән құрар. Қайырмасы:

159

160

ОТАНЫМ — ҚАЗАҚСТАНЫМ! Сөзі:Жібек Искакова

Әні: Құрасбек Байтоқаев

Асқар тауы, белі бар, Көк майса орман, көлі бар. Жер анамыз сыйлаған, Алтын, күміс кені бар. Жазиралы жері бар, Қазақ дейтін елі бар.

Жеті атасын сақтайтын, Айнымайтын тегі бар. Отаным менің – Қазақстаным!

Көк байрағым желбірер, Ет жүрегім елжірер. Елтаңбам бар пырақты, Қос қанатты ат тең жүрер Әнұраным жүрегім, Саған құлақ түремін.

Жеміс беріп жеңісің, Алға бастап тұр елім! Отаным менің – Қазақстаным!

Астанамыз бас қала, Жаңа қала, жас қала. Бір өзіне баурайтын, Жасай берші – Астана!

Алматым бар алмалы, Әрбір жанның арманы. Өнер, білім мекені, Сұлуланған жан-жағы. Отаным менің – Қазақстаным!

Атырауым, Алтайым, Шығысымды байқайын. Солтүстік бар, оңтүстік, Қайсы бірін айтайын?! Ауылдарым қаншама, Қазық болған баршаға. Ауыл алтын – бесігім, Жүрем сен деп ән сала! Отаным менің – Қазақстаным!

161

162

ДОС БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ СІЗБЕНЕН

 Сөзі: Жібек Искакова Әні: Жұпаркүл Бекшораева

Дос болғым келер сізбенен, Ақындар жүрген ізбенен. Басыңа қайғы төнсе де, Достықтың жібін үзбеген.

Қайырмасы:

Дос болғым келер сізбенен, “Мен” емес әркез “біз” деген. Құлпырған көктем өтсе де, Достықтан күдер үзбеген.

Дос болғым келер сізбенен, Көңілі достық іздеген. Тілейтін сізге жақсыны, Достардан артық жүздеген.

Қайырмасы:

Дос болғым келер сізбенен, Үміттің отын үзбеген.

Амал дос емес, адал дос, Болатын әркез сізбенен.

Қайырмасы:

163

164

ҒАШЫҚ БОП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

Сөзі: Жібек Искакова Әні: Құрасбек Байтоқаев

Мені ұнатып, ғашықбоп қалдыңыз ба? Ғашықтықтан бір хабар алдыңыз ба? Махаббаттың сезініп ғажайыбын, Әуелетіп сіз әнге салдыңыз ба?

Қайырмасы:

Айтыңызшы ғашықтық қандай өзі? Жанды тербеп шуақты тандай ма өзі? Махаббаттан бақытты күйге еніп, Пәк сезімді мәңгілік жалғай ма өзі?

Үн қата ма мені ойлап жүрегіңіз? Ғайып болып кеткендей күдеріңіз. Күй берді ме ғашықтық бір ерекше,

Іштей көп боп жымиып күлеріңіз?

Айтыңызшы, ұнатып қалдыңыз ба? Ғашықтардың еліне бардыңыз ба? Қозы менен Баянның махаббатын, Жүрекпенен сезіне алдыңыз ба?

165

166

ЕЙ, ӨМІРІМ

 Сөзі: Жібек Искакова Әні: Құрасбек Байтоқаев

Бір мұңайтып, бір қуантып жүресің, Кейде ызғар, кейде шаттық төгесің. Бір қарасам күздей қара суық боп, Енді бірде жаздай жайнап енесің.

Қайырмасы:

Ей, өмірім! Айтшы өзің қандайсың? Бірде ащы, бірде тәтті балдайсың! Бұлт үйрілсе төбеме кеп, лезде сен, Күндей болып шуақ шашып алдайсың!

Қыстай болып ақ мамыққа орайсың, Гүл көктемдей жайқалып сен тарайсың. Бұл жаныма таң шапағын сыйлайтын, Ей, өмірім! Сен мен үшін арайсың!

Сен ғажапсың сындарың көп болса да, Ызғарыңнан жаным жылап, тоңса да. Ей, өмірім! Сені жақсы көремін,

Сен қымбатсың гүлім ашпай, солса да…

167

168

СҮЙЕМ СЕНІ ӨМІРІМ!

 Сөзі: Жібек Искакова Әні: Жұпаркүл Бекшораева

Арайлы атар таңыммен, Қолымдағы барыммен. Сүйем сені, өмірім! Намысым мен арыммен!

Көктемім бар, жазыммен, Көлдегі аққу, қазыммен. Сүйем сені, өмірім! 2рет Қуанышым, назыммен!

Күзі менен қысы бар, Қиын қыстау тұсы бар. Сүйем сені, өмірім! Ниетім жоқ қысылар!

Күлімдейді күндерім, Күнді жалғап түндерім. Сүйем сені, өмірім! 2 рет Мұңаюды білмедім!

Енсең де сен жауын боп, Жүргізбейтін дауыл боп. Сүйем сені, өмірім! Жанашырың, бауыр боп!

Сынақ берсең сынбаймын, Бір орында тұрмаймын! Сүйем сені, өмір!, деп, 2 рет Мен өзіңді жырлаймын!

— Сүйем сені, өмір!, деп, Мен өзіңді жырлаймын!

169

170

ҚАЗАҒЫМ СЕНСІҢ

Әні: Құрасбек Байтоқаев Сөзі: Жібек Ысқақова

Еңсеңді көтер, бүгілме-Қазақ, Қиындық сәтте түңілме-Қазақ. Жақсыға ұмтыл, жақсылық ойла, Жеңесің бәрін, болады ғажап...

Қайырмасы:

Қазағым сенсің, ғажабым сенсің, Таусылмас, бітпес базарым сенсің. Басыңа қандай бұлт үйірілсе де, Жеңетін бәрін, қазағым сенсің...

Сыйластық пенен бірлігің барда, Ынтымақты етер тірлігің барда. Ақылға салып жасасақ істі,

Ала алмас бізді, жоламас жау да.

Ұрпағы біздер даналы елдің, Намысы биік, бағалы елдің. Біргеміз біздер, іргеміз биік,

Оң болсын басқан қадамы елдің.

Оралар бізге шаттықты күн де, Тойлаймыз әлі шаттықты бірге. Бастысы елім амандық болсын, Жаратқан ием жар болып бізге...

171

172

МЕН ҚАЗАҚПЫН

 Сөзі: Жібек Искакова Әні: Жұпаркүл Бекшораева

Мен қазақпын, араймын, Көкжиектен қараймын! Күн нұрындай еліме, Жылу болып тараймын!

Қайырмасы

Мен қазақпын, жалынмын, Бойымда бар дарыным. Мен қазақпын, бауырмын, Алатау,, Алтай тауымын! Мен қазақпын, жұлдызбын, Баға жетпес құндызбын. Биік қояр намысын,

Батыл жүрек Ұл-қызбын.

Мен қазақпын ақ таңмын, Жұмсақ мінез мақпалмын. Шырқап айтар жүрекпен, Тамылжыған тәтті әнмін!

Қайырмасы

Мен қазақпын, жүрекпін, Жолыңызға гүл ектім. Әр қазағым жалғызым, Құлай қалса, тірекпін!

173

Алғы сөз.................................................................................................................3

Болашағына сенемін......................................................................................7

Сыйластықпен бастадым .......................................................................... 10

Сіз жақсы адамсыз......................................................................................... 12

Өмір сені сүйемін, сүйіп өтем.................................................................. 15

Бақыт керек....................................................................................................... 18

Ей, өмірім!........................................................................................................... 20

Тәуелсіздік күніне.......................................................................................... 24

Не пайда?! .......................................................................................................... 27

Көңіл қымбат.................................................................................................... 29

Бір өзің деп келемін...................................................................................... 31

Еңсеңді көтер, бүгілме Қазақ! і............................................................... 33

Сездім сәтті ғажайып .................................................................................. 36

Мен жастарға сенемін!................................................................................ 43

Алғыс айтам...................................................................................................... 45

Дос болғым келед(і) сізбенен ................................................................ 47

1-шілде домбыра күніне ............................................................................ 50

Келші жаным .................................................................................................... 52

Біртуар жан, нар тұлға ............................................................................... 54

Талап, еңбек, терең ой............................................................................... 57

Желтоқсанның ................................................................................................ 59

Әппақ анам, жан анам алтын анам....................................................... 61

Үнсіз жүрек жылайды................................................................................. 64

Бұл өлеңім.......................................................................................................... 66

Кей адамға.......................................................................................................... 68

Ажырасу............................................................................................................... 71

Ойлан досым..................................................................................................... 73

Өткен күнге сағыныш.................................................................................. 75

Біреуге мен......................................................................................................... 77

Уақыт..................................................................................................................... 79

Қайран тіл, қайран сөз............................................................................... 82

Ұстаздар ол........................................................................................................ 86

Сыйластықта жасай ..................................................................................... 89

Бір ауыз сөз........................................................................................................ 90

Қазақ тілім......................................................................................................... 93

Екі жүзді адамдар........................................................................................... 96

Әдебиет................................................................................................................ 98

Тәуелсіздік жасасын! .................................................................................100

Музаға..................................................................................................................104

Жан әкешім.......................................................................................................106

Өмір сынақ .......................................................................................................108

Жаңа жылда ел жаңа! .................................................................................111

Мен қазақпын..................................................................................................114

Арман жайлы үзік ой...................................................................................118

Ата заңым айбыным! ................................................................................120

Ұлыма...................................................................................................................122

Осы менің отбасым .....................................................................................129

Мен қазақтың баласы.................................................................................131

Көктем.................................................................................................................137

Күз .........................................................................................................................138

Төрт мезгіл........................................................................................................139

Ана тілім ............................................................................................................141

Республика күнінде ....................................................................................143

Еңбек жайында...............................................................................................145

Түркістаным.....................................................................................................148

Келші жаным ..................................................................................................154

Сіз жақсы адамсыз........................................................................................158

Дос болғым келеді сізбенен...................................................................162

Ей, өмірім...........................................................................................................166

Мен қазақпын..................................................................................................172

 Ж. Искакова Түркістаным - махаббатым

 Кітап “ҮШ ҚИЯН” баспасының компьютер орталығында беттелді

Редакторы

Тех.редакторларыҚ. Рысқалиева Ж. Махмутқызы

 Басуға 31.11.2023 қол қойылды. Пішімі 84х108 1/ Қаріп түрі “Тimes New Roman”.

Көлемі 11 баспа табақ. Таралымы 200 дана. Тапсырыс №085

Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 50

“Үш Қиян” баспасының баспаханасында басылды. Тел: 8 701 435 98 74



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу