Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру [Қазақ осы] - Қадыр Мырза Әли (+ видео)

Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру [Қазақ осы] - Қадыр Мырза Әли (+ видео)

Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Е-е-ей!
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Е-е-ей!
Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.



Дархан Дүйсенов - Қазақ осы

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 10
  1. Манас Құралай
    Манас Құралай 21.10.2023 22:21
    0 + 0 -
    Тыңдайтын өлеңі бар мекен
  2. Нұртілеу
    Нұртілеу 20.10.2022 20:22
    1 + 4 -
    Ахахахахатушагцлцщаоанктуоашпгуьуоашп
    Оаалшашаоаоаа
    Аоалалалла
    Аьсосоалалплеңнңое
    Еоп
    Оео
    Ео
    Ег
    Ег
    Ғг
    Ғг
    Үг
    Ғ
    Гғ
    Ое
    О
    Ко
    Ер
    К2о
    Коеоелукрікріерәе
    Рәеркі
    Оіе
    Р3ер
    Іео
    Іео
    Іе
    Рік
    Р
    Ікр
    Әк
    Рәк
    На
    Ркок
    Ое
    О
    Ео
    Е
    Рррр
    Р
    Р
    Р
    Рр
    Р
    Р
    Р
    Р
    Р
    Р
    Р
    Р
  3. Алашбаева Майра
    0 + 0 -
    Тамашаааааа .керемет . менің айтқан сайын айтқым келеді
  4. Оқырман Шұғыла
    Оқырман Шұғыла 25.10.2021 03:09
    3 + 0 -
    Өтеген күшті өлең мен оны жатап алап халықтың алдына паш етем????
  5. Ерема
    Ерема 20.11.2020 01:39
    6 + 0 -
    Мықты ? жазылған
    1. Назарбаев
      Назарбаев 11.04.2022 11:43
      2 + 0 -
      Жок
  6. Акжол Токтарбеков
    5 + 0 -
    Керемет
  7. Dilnaz Bekmuratova
    Dilnaz Bekmuratova 17.04.2015 20:11
    9 + 0 -
    тамашааааааааааааааааааааааааа
  8. Aizhan zhanzakova
    Aizhan zhanzakova 19.03.2015 09:24
    7 + 1 -
    Кушти!Мен бугин 5+ алатын шыгармын!Кадыр Мырза Алидын олендери керемет!
  9. Таьвдсьс
    Таьвдсьс 26.10.2020 10:04
    12 + 3 -
    Осылай болады
    Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру осылай болсын , кермет