Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жастықтың оты, қайдасың)

Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Адамның тауып айласын,
Кісілікті ойламай.
Қаруын көңіл сайласын,
Қолға ол түспес бойламай.
Махаббат, қызық кім көрер,
Оның да дәмін татпаса?
Біржола басты кім берер,
Жаныңа қайғы батпаса.
Аямай жанын дос ерер,
Жолдастықты ақтаса.
Алдыңа айдап кім келер,
Ерінбей жүріп бақпаса.
Мал бақпақтық шаруа боп,
Адал тауып асықпай.
Құр айғаймен әуре боп,
Өнердің жайын баса ұқпай.
Енді нені істейміз,
Бәрінен де бос қалдық?
"Ауызға келіп түс" дейміз,
Қылып жүріп құр салдық
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Адамның тауып айласын,
Кісілікті ойламай.
Қаруын көңіл сайласын,
Қолға ол түспес бойламай.
Махаббат, қызық кім көрер,
Оның да дәмін татпаса?
Біржола басты кім берер,
Жаныңа қайғы батпаса.
Аямай жанын дос ерер,
Жолдастықты ақтаса.
Алдыңа айдап кім келер,
Ерінбей жүріп бақпаса.
Мал бақпақтық шаруа боп,
Адал тауып асықпай.
Құр айғаймен әуре боп,
Өнердің жайын баса ұқпай.
Енді нені істейміз,
Бәрінен де бос қалдық?
"Ауызға келіп түс" дейміз,
Қылып жүріп құр салдық
Автор: Аяулым Жиенбаева | 21 885 | 14.10.2014
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Қайдасың)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жастықтың оты жалындап)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Пайда ойлама, ар ойла)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Есіңде бар ма жас күнің)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Домбыраға қол соқпа)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Бір дәурен кемді күнге - бозбалалық)